Аустралияның географиялық - физикалық орны
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушыларды Аустралия материгімен таныстыра отырып олардың ерекшеліктеріне тоқталу.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге қызығушылығын оята отырып картамен жұмысты жандандыру, танымдық бейімділігін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылар өзге материк мемлекеттерімен таныса отырып өз елін, сүюге, құрметтеуге табиғатты аялауға бірін - бірі, өзін сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, дүние жүзінің физикалық картасы, саяси картасы, атлас, контур карта.
Сабақтың өткізу әдісі: сұрақ - жауап, ойын элементтері сөзжұмбақтар, СТО стратегиясы элементтері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі - 2 мин
II. Үй жұмысын тексеру - 15 мин (семантикалық карта)
III. Жаңа сабақ - 15 мин. Картамен жұмыс, жұмбақтар, СТО стратегиясы
IV. Бекіту - 5 мин (сөзжұмбақ, Венн диаграммасы)
V. Бағалау - 5 мин (жетондар)
VI. Үйге тапсырма - 3 мин §53
II Үй жұмысын тексеру (психологиялық дайындық)
III. Жаңа сабақ
1. Ой қозғау стратегиясы
А) Дүние жүзінде неше материк бар? (6)
Б) Қазақстан қай материкте орналасқан? (Еуразия)
В) Жер бетіндегі алғашқы материк қалай аталады? (Пангея)
2. Мағынаны ажырату
Ертеде ренжіп мен ағаларға,
Кетіп ем жылжып өзге жағалауға
Оңтүстік жарты шарды мекен еттім,
Талайлар келді көшіп паналауға
Сондайлық аспан тірер тауларым жоқ,
Ойпат көп шығысымда жоталар көп,
Шағыл мен құм басады баурайымды,
Сөнбеген өзгелердей вулканым жоқ.
Тұрсам да ортасында мұхиттардың
Суына жауын - шашын қанықпадым.
Оңтүстік тропигі кесіп өтіп,
Келтірмей жүр шудасын бұлттардың.
Менде бар жануарлар, өзге де жоқ,
Қалталы аю, қалталы кенгуру көп.
Мен өзім кіп - кішкене болғаныммен
Материкпін сыры мен жұмбағы көп.
(Аустралия)
Сонымен балалар, бүгінгі жаңа сабағымызда – Аустралия материгімен танысамыз. XVII ғ. Голландық Абель Тасман Тасман аралын ашты. XVIII ғ. Ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук жаңа Зеландия аралын, Аустралия шығыс жағалауын ашты.
Аустралия – жер шарындағы ең кіші материк. Оның ауданы аралдармен қоса алғанда 7, 6 м км2. Материк атауы латыннан аударғанда «оңтүстік» деген мағынаны береді. Себебі Аустралия түгелімен Оңтүстік жарты шарда жатыр. Оңтүстіктің тропик шеңбері оны дәл ортамен кесіп өтеді.
Табиғат ерекшеліктері:
(картамен көрсету)
- Аустралия – Жер шарындағы ең аласа материк, орташа биіктігі – 215 м
- Аустралия – сөнбеген жанартаулары жоқ бірден - бір материк
- Аустралия – Жер шарындағы ең құрғақ материк: оның 2/3бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр.
- Материктің басқа құрлықтардан ертерек бөлініп қалуына байланысты мұнда алғашқы сүтқоректілер (жұмыртқа салушылар мен қалталылар ) мен биік ағаш эвкалиптер (биіктігі 100 м - ден асады) сақталып қалған.
- Материк жағалауында ұзындығы 2300 км, ені 2 км - ден 150 км - ге жететін Жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым - Үлкен Тосқауыл рифі орналасқан;
- Аустралия материгінің жерін бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр;
- Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі – Үлкен Суайрық жотасының Оңтүстігіндегі биіктігі - 2228 м Косцюшко тауы, теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Эйр көлінің деңгейі (- 16м).
Географиялық орны.
Аустралия оңтүстік жарты шарды басқа материктермен оқшау орналасқан. Солтүстігінде Азияның аралдарымен жалғанады. Материк жағалаулары нашар тілімделген, оңтүстік шығысында қолайлы қойнаулар кездеседі. Аустралия жағалауларын Тынық және Үнді мұхитының жылы сулары алып жатыр. Мұхитта судың беткі температурасы жазда +28оС, қыста +20оС төмен түседі.
Материк жағалауларын бойлай әр түрлі пішіндегі маржандық құрылымдар көптеп кездеседі. Аустралияны жан - жақты мұхит сулары шайып жатқанымен көпшілік бөлігіне жауын - шашын аз түседі.
Бұл жағалау бойымен суық ағыстардың өтуімен және материктің оңтүстік тропик үстіндегі орнымен байланысты. Ал ағыстар өтетін солтүстік шығыс жағалауларынан ылғал біршама мол түседі.
Аустралия материгінің шеткі нүктелері
Солтүстікте – Йорк
Оңтүстікте – Саут - Ист Пойнт
Батыста – Стип Пойнт
Шығыста – Байрон
IV. Бекіту.
Материкті шайып жатқан мұхиттармен теңіздерді контур картаға түсіру.
Үнді, Тынық мұхиты
Арафур, Тасман, Маржан теңізі
Карпентария шығанағы, Үлкен Аустралия шығанағы
Венн диаграммасын құру.
Сөзжұмбақ «Аустралия» шешу
А ф р и к а
Б У р л а р
Д ж е й м С к у к
Т а с м а н
Э й Р
Ү л к е н с у А й р ы қ
Ү л к е н т о с қ а у ы Л
Э в к а л И п т
А у с т р а л и Я
1. Ең ыстық материк - Африка
2. Оңтүстік Африкаға Нидерландиядан көшіп барғандардың ұрпақтары - бурлар
3. Австралияның Шығыс жағалауын ашқан саяхатшы - Джеймс Кук
4. Тасмания аралын ашқан Абель Тасман
5. Аустралияның ең төмен нүктесі - Эйр көлі
6. Аустралиядағы тау - Үлкен Суайрық жотасы
7. Маржанды құрылым - Үлкен Тосқауыл рифі
8. Аустралиядағы 100 метрлік биік ағаш – эвкалипт
9. Ең кіші, ең құрғақ материк - Аустралия
V. Бағалау: Жетондар
Қызыл түс - «5»
Көк түс - «4»
Сары түс - «3»
Қара түс - «2»
VI. Үйге тапсырма: §53 Аустралияның географиялық - физикалық орны. Контур картаға Аустралияның физикалық картасын түсіру.
БҚО, Жаңақала ауданы,
Мұқыр ауылы, Ә. Жангелдин атындағы ЖОББМ
география пәні мұғалімі Абжалелова Ф. Г.
Толық нұсқасын жүктеу
Аустралияның географиялық - физикалық орны
- aiboll
- 8 сәуір 2017
- 3839
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Аустралия материгі, географиядан сабақ жоспары, ең құрғақ материк
Ұқсас жаңалықтар:
Аустралияның климаты және өзендері мен көлдері
Оқушыларды материктің климат және климаттық белдеулері, ішкі суларымен таныстыру. Оқушылардың бірлесе оқу машықтарын жетілдіру;...Дүниежүзілік мұхит
Дүниежүзілік мұхит туралы ұғым қалыптастыру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын дамыту. картамен, оқулықпен жұмыс, өз бетімен оқып...Ұлы географиялық ашулар
Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Материктер мен мұхитты түсіндіре отырып, зерттелу тарихы мен жасалу технологиясына көңіл бөлдіру және түсіндіру,...Бесінші континенттің қазынасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназия география пәнінің мұғалімі: Габдуллина Аяжан Нуржанқызы...Оңтүстік Америка. Материк жағалауындағы мұхиттар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы География пәнінің мұғалімі: Қатбай Роза Бақтиярқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.