Сайтқа кіру Тіркелу

Гидросфера

Гидросфера - жердің су қабығы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру, гидросфера туралы ғылыми түсінік қалыптастыру. Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру, гидросфера туралы ғылыми түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын өсіру.
Тәрбиелік: Өз ойларын еркін жеткізуге, қорытынды жасай білуге дағдыландыру
Сабақтың көрнекілігі: Жарты шарлар картасы, глобус, плакат, фломастер, таратпа материалдар, «идеялар корзинасы», презентациялар
Сабақтың түрі: аралас сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа психологиялық дайындық жасау. Көңіл күйді көтеру.
Мен саған.... тілеймін
Әр оқушыға кеменің суреті беріледі. Бірдей кемелері бар оқушылар бір топқа бірігуі керек. Нәтижесінде сынып 3 топқа бөлінеді.
Миға шабуыл: Жерде неше географиялық қабық бар? Біз үлкен жер қабығын оқып бітірдік. Ол қандай жер қабығы?
Дұрыс атмосфера, яғни ауа қабығы.
ІІ. Үй тапсырма
Сұрақ жауап
Топтық жұмыс
• Әр топқа үш сұрақтан келеді.
1. Жердің ауа қабығы қалай аталады?
2. Ауаның газ құрамына қандай газдар кіреді?
3. Атмосфераның төменгі қабаты?
4. Атмосфералық қысым дегеніміз не?
5. Бұлт дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
6. Жел дегеніміз не? Желдің қандай түрлерің білесің?
7. Ауа райы дегеніміз не және оның қандай элементтері бар?
8. Тұман қалай пайда болады?
9. Климат дегеніміз не?
Үй тапсырмасын тексерудің келесі кезеңі
«географиялық есептер» кезеңі.
1 - ші есеп
Бір тәулік ішіндегі температура
+5, - 3, +6, +4.
Тәуліктің орташа температурасын тап
Шешуі:
5 + 6 + 4 – 3 = 12
12: 4 = 3
Жауабы: тәуліктің орташа температурасы: +3 градусқа тең
2 - ші есеп
Таудың етегіндегі температура +220, ал тау шыңында - 20 болса таудың биіктігі қанша болады.
Шешуі:
+220 - ( - 20 ) = 24
Әр 1000 метр биіктікке көтерілген сайын ауа температурасы 60 төмендейді.
24: 6 = 4
Жауабы: Таудың биіктігі 4 км = 4000 метр
3 - ші есеп
Биіктігі 3000 метр болатын тау етегінде барометр 720мм қысым шамасын көрсетті. Ал тау шыңында қандай қысым шамасына тура келеді.
Шешуі:
3000 м: 10 м = 300 м
720 мм – 300 м = 420 мм
Жауабы: Тау шыңында барометр 420 мм қысым шамасына тура келеді
3 - тапсырма «Сәйкестендіру тесті
• Муссон------Желдің бағытын анықтайтын құрал
• Желбағар----Атмосфераның екінші қабаты
• Термометр----Стратосферадағы маңызды қабат
• Озон қабаты----Жауын шашын түрі
• Тропосфера----Жел
• Гигрометр----Ауадағы газ
• Оттегі----Бұлт пайда болатын қабат
• Стратосфера----Зиянды түтін
• Шық----Температураны өлшейтін құрал
• Смог----Ылғалдылықты өлшейтін құрал
4 - тапсырма
«Жұмбақтар сайысы»
• Қоя алмайсың байлап
Табаны тым тайғақ (аяз)
• Мөлдіреген жүзімді
Қозғап едім үзілді (шық)
• Шашылды жерге ақ моншақ
Жоғалды бірден тапқанша - ақ (бұршақ)
• Қағазсыз ақ, қаламсыз ақ
Сурет салар адамға ұқсап (аяз )
• Желіні толы сүт
Жерге тамса құт (бұлт, жауын)
ІІІ. Білімді жан - жақты тексеру
Картамен жұмыс
1. Жер бетінде неше жылу белдеуі бар?
Жылу белдеулерін картадан көрсет
1. Жер бетінде қандай климаттық белдеулер бар, және оларды атап көрсет
Тәжірибе жасау
Бір стақан суға, бір уыс топырақ түйіршігін тастаймыз.
Топырақтан ауаның көпіршіктері ажыратылу бастайды.
Нәтижесінде топырақта ауа қабаты бар екендігі анықталды.
ІҮ. Жаңа сабаққа даярлық
1) ОСКТТ - ң элементтері бойынша сабақ түсіндіріледі.
2) Сабақта оқулықпен, үлестірмелі қима қағаздармен, тірек - сызбалармен жұмыстар жүргізіледі.
Сергіту сәті
Ой тастау
Жаңа сабақ тақырыбын айтпас бұрын оқушыларға ой тастау керек. Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңін оқу арқылы қандай қабатты оқитынымызды өздері пайымдау керек.
Таулардан өзен ағар сарқыраған
Айнадай сәуле беріп жарқыраған
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған
Көңілің суын ішсең ашылады
Денеңде бар дертіңді қашырады
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.
Ү. Жаңа сабақ
- Жер бетіндегі бар тіршілік иесі үшін гидросфераның маңызы өте зор екендігін барлығымыз өте жақсы білеміз, дегенмен де соны түсіндіру оқушылардың міндеті болмақ. Қане балалар ғарыш кемесінен түсіп, білім - теңіз кемесіне мініп Гидросфера қабатына сапарға аттанайық.
1. Анықтама.
Жердің су қабығы – ГИДРОСФЕРА
Гидросфера (грекше гидро – су, сфера шар)
Шолпан планетасында су тек газ күйінде
Марс планетасында су тек мұз түрінде
Жер планетасында сұйық күйінде
1. Тану
3. 1. Жердегі су
газ(су буы)
2. 2 Гидросфера құрамы:

Гидросферадағы барлық судың мөлшері, 6 млрд км3
Мұхиттар, теңіздер - 96, 5 %
Мұздықтар, тұрақты қор - 1, 7 %
Жер асты су - 1, 7%
Өзен, көл, батпақ, атмосферадағы су – 0, 06 %
2. 3. Табиғаттағы су айналымы үлкен су айналым
Кіші су айналым
Д. ж су айналым
Тынық 180млн км2
Атлант 92 млн км 2
Үнді мұхиты 75 млн км 2
Солтүстік мұзды мұхит 14 млн км 2

Дүниежүзілік мұхит бөліктері

Теңіздер - мұхиттың суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі. Материкке сұғына еніп жатса ішкі теңіз деп, материктердің маңына орналасқан теңіздерді шеткі теңіз дейміз.
Шығанақ - мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі.
Бұғаздар - екі немесе аралдардың жағаларын қысып шектеп тұрған енсіз су айдыны.
1. 4. Ерекшелігі
4. 1. Мұхаттардағы, атмосферадағы, өзендердегі, көлдердегі, мұздықтардағы, жер астындағы сулар үнемі айналып отырады.
4. 2. Мантияда 20 млрд км 3 су бар.
4. 3. Д. Ж ең ірі, ең терең мұхит - тынық мұхиты
4. 4. Д. ж ең тұзды теңіз – қызыл теңіз
ҮІ. Бекіту.
І - топ «Кестемен жұмыс»
Р/н Мұхит атауы Жалпы ауданы Шектесетін аймақтары
1 Тынық
2 Атлант
3 Үнді
4 Солтүстік Мұзды

ІІ - топ
Мына ұғымдарға анықтама беріңдер.
1. Мұхиттар
2. Ішкі теңіздер
3. Шығанақ
4. Шеткі теңіздер
5. Бұғаздар
Тәжірибе жасау
1 л суға 30 – 35 грамм тұз салып дәмін тату. Осындай кермек дәм – теңіз суының дәміне ұқсас болып келеді.
ІІІ - топ картамен жұмыс
1. Гренландия
2. Қара теңіз
3. Мексика шығанағы
4. Мадагаскар аралы
5. Жерорта
6. Мадагаскар
VII. Бағалау
VIII. Үйге тапсырма
1. Мемлекетіміздегі шипалы су шығатын аймақтар туралы дерек жазу
2. « Су» тақырыбында мақал – мәтел, тиым сөздер жинақтау
«Су» сөзіне синквейн (бес жолды өлең) құрастыру керек.
Мысалы:
Су
Тұнық, мөлдір
Ластанады, қатады, ағады
Бұлақ көрсең көзін аш
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×