География 7 сынып
Еуразия материгініңгеографиялық орны, қоныстануы және зерттелу тарихы
Сабақтың мақсаты:
Топтық жұмыс жасай отырып: Оқушылар Еуразия материгі, қоныстануы және зерттелу тарихы туралы түсіну, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «Ыстық орындық», «Сұрақ - жауап» ДЖИГСО, географиялық диктант, «Тұлғаны тап» әдісі картамен жұмыс, «Сөзжұмбақ»
Пәнаралық байланыс: Тарих, биология
Сабаққа қажетті көрнекіліктер мен құралдар: Еуразияның физикалық картасы, стикерлер, атлас, кескін карта, қима қағаздары.
Күтілетін нәтиже: Топтық жұмыс жасай отырып: Оқушыларға Еуразия материгінің географиялық орнына жалпы шолу, ашылуы мен зерттелу тарихын түсінеді.
І. Ұйымдастыру:
1. Сәлемдесемін;
2. Топқа бөлемін: топ атауы аталған зерттеушілердің суреттері арқылы топқа бөлінуді тапсырамын:
1 - топ «Н. М. Пржавальский»
2 - топ «П. П. Семенов - Тянь - Шанский»
3 - топ «Ш. Уалиханов»
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
Әр топтан тақтаға оқушы шығарып, өзге топтарға сұрақ қоюды тапсырамын
ІҮ. Жаңа сабақ жоспары:
Білім: «Сұрақ - жауап» әдісі
1. Еуразияның екі дүние бөлігін ата
2. Дүние жүзіндегі ең ірі материк
3. Еуразияның солтүстіктегі және оңтүстңк шеткі нүктесі?
4. Батыс және шығыс шеткі нүктесі
5. Рока мүйісі мен Дежнев мүйісі арағығының қашықтығы қанша?
Түсіну: Әр топқа топ атауларына байланысты Еуразияның зерттелу тарихына байланысты мәтінмен жұмыс жасауды тапсырамын
Қолдану: «Географиялық диктант»
1. Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің қосқан үлесі зор.
2. ХІХ ғасырдың басында ғана Орталық Азия табиғатын зерттеу бағытында жүйелі экспедициялар құрыла бастады.
3. Орталық Азияда 15 жыл болып, 33 мың км - ге жуық жол жүрген ғалым – Н. М. Пржевалский
4. Н. М. Пржевалский Орталық Азияға жасаған бесінші саяхатының бас кезінде қайтыс болды.
5. Орталық Азия табиғатын зерттеуде орыс ғалымы П. П. Семенов – Тянь - Шанский зор үлес қосқан.
6. П. П. Семенов – Тянь - Шанский таудың биік нүктесі деп есептелетін Хантәңіріне шыққан.
7. Орталық Азияның сол кезеңге дейін жұмбақ қалпында қалып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасаған ағартушы ғалым Ш. Уалиханов
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.