Сайтқа кіру Тіркелу

Дүниежүзілік мұхит

Облыстық есту органы зақымдалған балаларға арналған
арнайы (түзеу) мектеп интернаты
Өткізген: Б. К. Тасмуханов

Дүниежүзілік мұхит
Сабақтың мақсаты:
Мақсаты: Дүниежүзілік мұхит туралы ұғым қалыптастыру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын дамыту. картамен, оқулықпен жұмыс, өз бетімен оқып – үйренуге тәрбие.
Құрал - жабдықтар, көрнекі құралдар: интерактивті тақта, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кеме сувенир, бетшелер, тапсырмалар
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдер: карта, оқулық, суреттерді қолданып түсіндіру әдістерін пайдалану, баяндау, сұрақ - жауап, жеке жұмыс, бейнеролик

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару)

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Жоспар: 1. Дүниежүзілік мұхитқа жалпы түсінік
1. Тынық мұхит
2. Атлант мұхиты
3. Үнді мұхиты
4. Солтүстік мұзды мұхит
5. Оқулықпен жұмыс
6. Картамен жұмыс
7. Жеке тапсырмалар

1. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Глобусты алып қарасақ, жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол Дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің бөлігі немесе 361млн км2 тиеді. Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлық жер материктер немесе континенттер деп аталады. Дүниежүзінде 6 материк бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида. Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі арал деп аталады (картадан Гренландия, Мадагаскар, Исландия аралдарын көрсету). Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігін түбек деп атайды (картадан Апенин және Лабрадор түбектерін көрсету). Дүниежүзілік мұхит 4 бөліктен тұрады. Тынық мұхит - Жер шарындағы ең үлкен әрі ең терең мұхит. 1520 - 1521 жылдары Ф. Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш рет жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған «Тынық мұхит» деген ат берді. Ең терең жері - Мариан шұңғымасы бар. Оның тереңдігі 11022м. Атлант мұхиты Тынық мұхитынан екі есе кіші (92млн. км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады. Ол солтүстік полярлық аймақтан оңтүстік полярлық аймаққа дейін созылып кетеді. Атлант мұхиты арқылы батыс және шығыс жарты шарда орналасқан елдерді бір - бірінен жалғастыратын аса маңызды кеме жолдары өтеді. Мұхит кеме қатынасына игерілген. Үнді мұхиты Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр. (75 млн. км2). Бұл ең жылы мұхит. Үнді мұхиты суының таза, көгілдірлігімен де көзге түседі. Солтүстік Мұзды мұхит - мұхиттардың ішіндегі ең шағыны (14 млн. км2). Ол Солтүстік Америка және Еуразия жағалауларымен шектеледі. Оның көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады.

ІІІ. Жаңа сабақты қорытындыдау кезеңі.
1. Сәйкестендіру тесті
2. Толықтыру тесті
3. Сергіту сәті
4. Ретімен орналастыру тесті
5. Домино ойыны

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Гормошка ойыны.
Тест жұмысы

V. Үйге тапсырма

VI. Бағалау
Қосымша материал
1) Ең үлкен мұхит - Тынық мұхиты
2) Ең кіші мұхит - Солтүстік Мұзды мұхит
3) Ең үлкен материк - Еуразия
4) Ең кіші материк - Аустралия
5) Тынық мұхитының ең терең жері - Мариан шұңғымасы
6) Ең ыстық материк - Африка
7) Ең салқын материк - Антарктида
8) Ең жылы мұхит - Үнді мұхиты
9) Ең үлкен арал - Гренландия
10) Ені ең кең (950км) және терең (5248м) бұғаз - Дрейк бұғазы
11) Ең ұзын бұғаз - Мозамбик

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×