Сайтқа кіру Тіркелу

Оңтүстік Америка материгін қайталау

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
«Бейнеу гимназиясы» ММ
география пәні мұғалімі Жолдыбаева Кундыз

Сабақ тақырыбы Оңтүстік Америка материгі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың Оңтүстік Америка тарауы бойынша білімдерін жинақтап, жүйелеп қорытындылау, тексеру.
Дамытушылық: танымдық белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: білікті де білімді жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы. Оңтүстік Америка физикалық картасы. Интерактивті тақта.
Сабақ типі: қайталау, сынақ сабағы.
Түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі. (оқушыларды 4 топқа бөлу, сабақ мақсатымен, өтілу барысымен таныстыру.)
2. Сабақтың ұраны:
Бес болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Жер шарын танып білуге,
Американы шарлап барамыз.

Сабақтың барысы.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: оқушылар біз оңтүстік америка материгіне саяхат жасадық. Енді бүгінгі сабақта сол саяхатта алған білімімізді қорытындылайтын боламыз. Ол үшін мына сайыс турларын орындаймыз. Әр дұрыс жауап берілген сұраққа жұлдызша беріліп отырады.
I. «кім жылдам?»
II. «Бұл кім»
III. «геодоп»
IV. Тест жұмысын орындау

«Кім жылдам?»
I - топ
1. Оңтүстік Америка жерінің жалпы ауданы (18, 3 млн)
2. Оңтүстік Америка ең суы мол өзені (Амазонка)
3. Материктегі ірі тау жүйесі (Анд)

4. Ең ірі аралы (отты жер)
5. Анд тауындағы ең биік тау көлі (титикака)

II - топ
1. Оңтүстік Америка материгіне алғаш аяқ басқан саяхатшы? (Х. Колумб)
2. Оңтүстік Американың байырғы халқы? (үндістер)
3. Оңтүстік Америка жеріндегі кездесетін пайдалы қазбалар (темір, марганец, уран, никел, алмас, мұнай, газ, көмір, қорғасын, күміс, мырыш)
4. Материктің ең биік нүктесі (аканкагура 6960 м)
5. Оңтүстік Америка қыраттары (Гвиан, Бразилия, Ла – Плата)
6. Американың ірі өзендері, көлдері (Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена, Титикака, Маракайбо)
III - топ
Бұл материк екі құрлықтың аралығында орналасқан. Ел астанасы өзімен аттас. Бұл қай мемлекет? (Панама)
Ориноко өзенінде қай сарқырама орналасқан (Анхель)
Орталық Анд жерінде 3812 м биіктікте үндістердің қасиетті көлі орналасқан. Бұл қай көл? (Титикака)
Саяхатшының құрметіне аталған ел (Колумбия)
Бұл материктегі екі ресми тілдерді ата (испан, португал)
IV - топ
Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама Анхель қай мемлекеттің жерінде?
Экваторға ескерткіш қойылған мемлекет (Эквадор)
Атакама шөлі қай мемлекет жерінде (Чили)
Оңтүстік Америка қандай мәдени өсімдіктердің отаны (картоп, қызанақ, жүгері)
Осы ағаштан үндістер қасиетті күш беретін сусын дайындаған. Бұл қай ағаш? (какао)
«Бұл кім?» ойыны
Материкті ашқан ғалымдардың суреттері беріледі. Оқушылар олардың қандай үлес қосқандарын атап, есімін атайтын болады.
«Геодоп» ойыны
Оқушыларға допты лақтырып сұрақ қойылады. оқушылар сол сұраққа жауап беріп допты кейін қайтарады. Және сол объектілерді картадан көрсететін болады.
Бразилия үстірті, Анд тауы, Марокойбо көлі, Поопо көлі, Ориноко өзені, Уругвай өзені, Ла Плата ойпаты, Потогония үстірті, Атакама шөлі, Катапахи жанартауы, Амазонка өзені, льянос, сельвас, пампа, пуна,
Сергіту сәті. Оқушылар көздерімізді жұмып көз алдарымызға Оңтүстік Америка материгінің картасын елестетеді. Және аталған объектілерді сол картадан қолмен көрсетеді.
«Зообақ» ойыны.
Сабақты бекіту.
Тест
1. Оңтүстік Америка ежелгі қай материктің құрамында болған?

а) Америка ә) Гондвана б) Еуразия в) Лавразия
2. Оңтүстік Америка мына аталған материктердің қайсысынан көлемі жағынан кіші?
а) Солтүстік Америка ә) Африка б) Еуразия в) бәрінен де
3. Материктің солтүстік шеткі нүктесі
а) Гори мүйісі ә) Гальинас б) Париньяс в) Фроуэрд
4. Материк пен отты жер архипелагын қандай бұғаз бөліп тұр
а) Дрейк ә) панама б) фиорида в) магеллан
5. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы не бөліп тұр
а) панама мойнағы ә) кариб теңізі б) панама каналы в) суэц каналы
6. Теңіздердің қайсысы Оңтүстік Америка материгін шайып жатыр?
а) Кариб теңізі ә) Жерорта теңізі б) Лабрадор в) Беринг
7. Аталған ағыстардың қайсысы Оңтүстік Америка жағаларын шайып өтеді
а) Бразилия жылы ағысы ә) Перуана суық ағысы б) Батыс желдер суық ағысы
в) осы аталғандардың бәрі
8. Оңтүстік Америка жер шарының аса ірі үлкен жазығы
а) Ла – Плата ойпаты ә) Ориноко б) Амазонка в) Бразилия таулы үстірті
9. Материктің ең биік нүктесі
а) Эльбурс шыңы ә) Джомолунгма шыңы б) Аканкогуа в) Мак Кинии
10. Оңтүстік Американың түсті және сирек металдарға бай аймағы
а) Бразилия таулы үстірті ә) Амазонка ойпаты б) Анд тауы в) Патагония
Бағалау.
Қорытынды.
Үй тапсырмасы. Оңтүстік Америка материгін қайталау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×