Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы
Мұғалімі: Фазылова Арай Есенгелдіқызы
Тақырыбы: Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары. Ауаның қысымы және желдер. Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы
Мақсаттары:
Білімділік. Қазақстан аумағында ауа массаларының қозғалысы туралы білім қалыптастыру. Арктикалық, қоңыржай және тропиктік ауа массалары ерекшеліктері туралы қалыптасқан білімдерін тереңдету. Ауа қысымы мен желдердің Қазақстан аумағында таралу ерекшеліктерін түсіндіру. «Жергілікті желдер» ұғымын қалыптастыруды одан әрі дамыту. Желдердің табиғатқа және шаруашылыққа тигізетін әсерлері. Қазақстан аумағында ауа температурасының таралу ерекшеліктерін түсіндіру. Маусым және биіктік бойынша температураның таралу заңдылықтары туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық. Климат картасымен картасы арқылы ауа массаларының, желдердің қозғалыстарына және ауа температурасының таралуына сипаттама беру арқылы картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Климаттық карталармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды одан әрі дамыту.
Тәрбиелік. Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиетін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, климаттық картасы, Павлодар облысының физикалық картасы
Негізгі ұғымдар: атмосфералық циркуляция, ауа массалары, атмосфералық қысым, жергілікті желдер, температураның тәуліктік және жылдық өзгерістері, изотерма
Номенклатура: Ебі, Сайқан, Шілік, Арыстанды - Қарабас, Қордай, Мұғалжар желдері.
Толық нұсқасын жүктеу
Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары. Ауаның қысымы және желдер. Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы
- fazylova.aray
- 23 қазан 2015
- 8821
- 0