Сабақтың мақсаты: Бұрыннан оқылған материктер негізінде материктің географиялық ерекшелігін көрсету.
Сабақтың міндеттері:
1. Сыни тұрғыда ойлау арқылы оқушылардың білімді іс - тәжірибеде көрсету дағдысын қалыптастыру
2. Өз бетімен тақырыпты меңгеруге үйрету
3. Топтық жұмыста оқушы белсенділігін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
• Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасып, пікірін дәлелдей алады
• Сыни тұрғыдан материктің географиялық орнын көрсете алады:
• Картамен жұмыс істейді, пәнге қызығушылығы артады
• Топтық жұмыста іс - әрекет істей алады
• Оқушылар тақырыпты өз бетімен меңгереді.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
• Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда АКТ - ны пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі:
• Интерактивті тақта, Еуразияның физикалық картасы, кескін карта, Жарты шарлардың физикалық картасы; әртүрлі суреттер; т. б.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.
1. Сабақ алдындағы көңіл күйлерін тексеру.
2. Сыныпты түгелдеу
3. Топтарға бөлу.
І - топ. Шеткі нүктелер:
ІІ - топ. Жер бдері:
ІІІ - топ. Ішкі сулар:
ІV топ – Табиғат зонасы:
Географиялық диктант. «Ең. Ең......»
1. Дүние жүзіндегі ең биік тау..... (Гималай)
2. Дүниежүзіндегі ең биік шың.... ) Дожомулунгма)
3. Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер....(Өлі теңіз).
4. Жер шарындағы ең терең көл.....(Байкал)
5. Жер шарындағы ең үлкен көл.....(Каспий)
6. Жер шарындағы ең көп жауын - шашын түсетін аудан....(Черапунджа).
7. Жер шарындағы ең үлкен түбек... (Арабия)
8. Солтүстік жарты шардың ең суық полюсі....(Омякон)
9. Альпі.... ең биік тауы. (Еуропаның)
10. Ключи Шоқысы ең биік......(жанартау)
Проблемалық сұрақ:
Анықталған географиялық нысандар қандай материктің ең ерекше белгілері?
ІІІ. Жаңа тақырып. Мағынаны тану.
§ 13. Еуразия. Географиялық орны. Жағасын шайып жатқан мұхиттар.
«Материктердің аудандары.»
Слаидқа материктердің кескін карталары салынып, оқушылар слаид бойынша сөйледі.
3. 1. Жоспар бойынша топ болып тапсырмалар орындады
Материктердің географиялық орнын сипаттаудың алгоритімі:
І – топ Материктің экваторға, бастапқы меридианға, тропиктік және поляр
шеңберлеріне қатысты орнын анықтау.
ІІ – топ Материктің шеткі нүктелерін, олардың координаттарын анықтау.
ІІІ – топ Материктің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа градуспен және
километрмен алынғандағы қашықтығын есептеу.
ІV – топ Материктің маңайында орналасқан материктер.
3. 2. Еуропа мен Азия арасындағы шекара (зерттеу)
3. 3. Еуразия жағасын шайып жатқан мұхиттар.
І - топ. Солтүстік Мұзды мұхиты.
ІІ – топ. Атлант мұхиты.
ІІІ – топ. Тынық мұхиты.
ІV – топ. Үнді мұхиты. (Оқушылар тапсырмаларды оқулық, атлас, бұрыннан білетін білім - білік дағдыларына сүйене отырып топпен, жұппен, жеке жұмыстанды. Слаидтар бойынша жұмыстарын қорғады.
3. 4. Сергіту сәті.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
4. 1. «Ұқсастық пен айырлашылық» Солтүстік жартышар материктерін салыстырды.
Солтүстік Америка
Ұқсастығы
Еуразия
4. 2 Географиялық ойындар.
І – топ. «Еуразия картасын білесің бе?»
1. Скандинавия таулары Еуразияның батысында немесе солтүстік – батысында орналасқан ба?
2. Альпі таулары Апеннин түбегінің солтүстігінен бастала ма, әлде Балқан түбегінің оңтүстігінен бе?
3. Еуразияны Солтүстік Америкадан бөліп тұрған бұғаз В. Беринг атында ма, әлде Дежнев атында ма?
4. Пиреней және Апеннин түбектерінің қайсысы оңтүстікке қарай орналасқан?
5. Кіші Азия түбегі Қара және Каспий теңіздерінің ортасында орналасқан ба, әлде Қара және Жерорта теңіздерінің бе?
6. Еуразияның шығыстағы шеткі нүктесі Дежнев мүйісі ме, әлде Челюскин бе?
7. Еуразияның оңтүстік шеткі нүктесі Малакка түбегінде орналасқан ба, әлде Үндіқытай түбегінде ме?
8. Еуразияның ең биік жанартауы Ключевский шоқысы ма, әлде Кракатау ма?
9. Байкал немесе Каспий көлдерінің қайсысы терең?
10. Қара және Каспий теңіздерінің арасында Орал тауы орналасқан ба, әлде Кавказ тауы ма?
ІІ – топ. «Иә» «+» «Жоқ» «-»
1. Челюскин мүйісі Таймыр түбегінде орналасқан ба?
2. Жерорта теңізі мен Атлант мұхитын қосып жатырған Гибралтар бұғазы ма?
3. Балтық теңізі Тынық мұхитының теңізі ме?
4. Арабия теңізі Үндістан түбегін батыс жағалауынан шайып жатыр ма?
5. Пиай мүйісі Еуразия материгінің оңтүстіктегі шеткі нүктесі ме?
6. Еуразия материгі мен Солтүстік Америка материгін бөліп тұрған бұғаз В. Беринг атында ма?
7. Малакка түбегі Атлант мұхитына сұғына еніп жатыр ма?
8. Марьято мүйісі Еуразияның басыс бөлігінің шеткі нүктесі ме?
9. 70°с. е. 70°ш. б. Кола түбегінің координатасы ма?
10. Солтүстік жарты шардағы суықтық полюсі Оймякон елді мекенінде тіркелген?
ІІІ – топ. Сәйкестендіру тест
1. Шеткі нүктелерді солтүстіктен оңтүстікке қарай орналастыр.
1. Дежнев
2. Пиай
3. Челюскин
4. Рока
2. Теңіз - шығанақ - арал - бұғаз - канал ретімен төмендегі объектілерді орналастыр.
1. Баб - эль - Мандеб
2. Бенгал
3. Охота
4.Суэц
5. Шри - Ланка
3. Теңіздерді мұхиттармен сәйкестендір.
1. Жапон
2. Қызыл
3. Норвег
4. Солтүстік
4. Түбектерді батыстан шығысқа қарай орналастыр.
1. Ямал
2. Кола
3. Чукот
4. Таймыр
5. Мұхиттарды көлемі бойынша кішісінен үлкеніне қарай орналастыр.
1. Атлант
2. Солтүстік Мұзды
3. Унді
4. Тынық
6. Мына теңіздер қандай түбектердің жағалауын шайады?
1. Беринг
2. Арабия
3. Жерорта
7. Шеткі нүктелерді анықта:
1. Мерчисон
2. Горн
3. Дежнев
4. Альмади
8. Елдердің орналасқан материктерін тап
1. Канада
2. Франция
3. Аргентина
4. Алжир
9. Мына таулардың шыңдарын анықта.
1. Гималай
2. Анд
3. Кордильер
4. Тянь - Шань
10. Тауларды биіктігіне қарай орналастыр
1. Тянь - Шань
2. Гималай
3. Альпі
ІV – топ.
1. Мына географиялық нысандарды біріктіретін сөзді тап.
1. Жерорта
2. Охота
3. Баренц
4. Шығыс Қытай
1. Шри - Ланка
2. Жаңа жер
3. Калимантан
4. Сицилия
2. Мына географиялық нысандардың артығын алып таста.
1. Рока
2. Пиай
3. Горн
4. Дежнев
1. Малакка
2. Таймыр
3. Чукотка
4. Флорида
3. Географиялық нысандарды анықта «Ол не?»
1. Гибралтар
2. Парсы
3. Камчатка
4. Лаптептер
1. Өлі теңіз
2. Черрапунджа
3. Байкал
4. Оймякон
4. Сөйлемді толықтыр.
1. Еуропа мен Азия арасындағы шекара шартты түрде.... Тауларының шығыс баурайымен,.... өзенінің бойымен,..... Иеңізінің солтүстік жағалауымен және...... маңы ойпатымен өтеді. Одан әрі -..... теңіз,.... бұғаз, теңіз,..... бұғазы арқылы өтеді.
5.. Италия Балқан түегінде орналасқан ба, әлде Апеннин түбегінде ме?
4. 3. Кескін картамен жұмыс. Географиялық нысандарды сандарман белгілеу.
Оқушылар бірі орнынан орындады, екіншісі интерактивті тақтадан белгіледі, үшіншісі нысандырдаң номерін картаға жабыстырды. Оқушылар түгелдей жұмыстанды.
V. Қорытынды.
Мұғалім түйін жасап, соңында 2014ж Елбасының халыққа жолдауымен аяқтады.
VІ. Үйге тапсырма: 1. §13 оқу
51 бет №2, 3 тапсырма.
Бағалау.
Бағалау парағы
Оқушының аты - жөні:
І – тапсырма
Қызығушылықты ояту ІІ - тапсырма
Мағынаны тану ІІІ - тапсырма Қорытынды баға
Топқа бөлу
Географиялық диктант
Жаңа сабақ
Салыстыру
Географиялық ойындар
Кескін картамен жұмыс
9 - 10 ұпай – «5»
7 - 8 ұпай – «4»
4 - 6 ұпай – «3»
1 - 3 ұпай – «2» 8 ұпай және одан жоғары – «5»
6 - 7 ұпай – «4»
4 - 5 ұпай - «3» 11 - 15 ұпай - «5»
7 - 10 ұпай - «4»
1 - 6 ұпай - «3»
Баға
VІІ. Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек»
Сабақ соңындағы көңіл күйім.
Еуразия. Географиялық орны Жағасын шайып жатқан мұхиттар.
- Гульнаря
- 24 ақпан 2014
- 15310
- 0
- 0
Ілмек сөздер: география, еуразияның географиялық орны
Ұқсас жаңалықтар:
Еуразия материгінің географиялық орны, қоныстануы және зерттелу тарихы
Еуразия материгі, қоныстануы және зерттелу тарихы туралы түсіну, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту....Американың қоныстану және игерілу кезеңдері
Жаңаарқа ауданы, С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі: Шакенов Жанбол Толеубайұлы...Еуразия материгінің ішкі сулары
Құрманқұлов Марат Сағынтайұлы...Оңтүстік Америка. Материк жағалауындағы мұхиттар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы География пәнінің мұғалімі: Қатбай Роза Бақтиярқызы..."Жас географ" сайыс
Пәні: Материктер мен мұхиттер географиясы Географиялық кештің тақырыбы: «Жас географ»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.