Сайтқа кіру Тіркелу

Каспий теңізі

Сабақтың тақырыбы: Каспий теңізі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Қазақстанның ірі көлдерімен таныстыру. Олардың физикалық географиялық жағдайына сипаттама беру, оның климаттық айырмашылығын, өсімдік және жануарларына тоқталу. Оқушыларды сыйластыққа табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Бағалау.
4. Жаңа сабақ өту.
5. Үйге тапсырма.
Үй тапсырмасын сұрау:
1 ) Қазақстанда неше көл бар?
2 ) Неше бөген бар?
3) Үлкен көлдерді ата?
4) Қазақстандағы 100 шақырымдағы астам қанша көл бар?
5) Солтүстік Қазақстанда қанша көл бар?
6) Жылу мен ылғал тепе теңдігіне байланысты олардың орналасу туралы айт
7) Орманды дала зоналарында 1 шаршы шақырымнан астам қанша көл бар және тұшы көл неше есе көп?
8) Дала зонасында қанша көл бар? Тұщы көл неше есе көп?
9) Шөлейт зоналарында қанша көл бар? Тұщы көл неше есе көп?
10) Шөл зонасында неше көл бар?
11) Қазақстан көлдерінің қазан шұңқырға пайда болуына қарай неше типке бөлінеді?
12) Тектоникалық көлдер қандай көлдер?
13) Реликтік көлдер қандай көлдер?
14) Суффозиялық көлдер қандай көлдер?
15) Ескі арна көлдері дегеніміз не?
16) Қазақстанда неше бөген бар?
17) Бөгендер су айдынның алып жатқан ауданына қарай неше бөлікке бөлінеді?
18) Бөгендердің шаруашылыққа маңызы?
Сергіту сәті. Ең – ең ойыны.
1 ) Ең ұзын өзен -
2) Ең ұзын көл -
3) Ең құнарлы топырақ -
4) Жасанды өзен -
5) Жануарлар дүниесінде ең бай көл -
6) Экологиясы ең нашар көл -
7) Ең терең көл -
8) Жер шарындағы ең үлкен тұйық көл -
Кім көп біледі? ойыны.
1 ) Қазақстан неше елмен шектеседі -
2) Ойлы қырлы жерді беті -
3) Жыл бойындағы өзеннің су шығыны -
4) Жасанды өзен -
5) Дүниежүзіндегі ең суы мол өзен -
6) Жер шарындағы ең терең мұхит щұңғыма -
7) Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан -
8) Қазақтың ұсақ шоқырларын қалай атауға болады -
9) Ертіс өзені қай алапқа жатады -
10) Орал тауының Қазақстандағы табиғи жалғасы -
11) Адамның шаруашылық әрекетінен екі есе кішірейген көл -
12) Қазақстандағы ең биік шың -
13) Іле өзені құятын көл -
14) ) Дүниежүзіндегі ең үлкен жазық -
15) Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама -
16) Қазақстан дүние жүзінде көлемі жөнінен нешінші орын алады -
17) Каспий теңізі алабына құятын өзен -
4. Жаңа сабақ
Каспий теңізі – Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезенді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Аты IVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспий тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспий қаласы қазір де бар. I ғасыр «Гиркан» тайпа атауы
Каспий теңізінің жалпы ауданы 390 мың км. Оның беті мұхит деңгейінен 27 метр төмен жатыр. Теңіз Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1200км – ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері 435км, ал енсіз жері 193км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы 7000км. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауың шашып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29%6, Ресейге 16%, Азербайжанға 20%, Түркменстан 21%, Иран – Ислам Республикасына 14% тиеді.
Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай 3 – ке бөлінеді.
Солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегінің бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері, Оңтүстік бөліктің үлесіне келеді. Солтүстік бөлігі таяз, көп жерінде 5метрден аспайды, ең терең жері, 26 метр, жалпы теңіз ауданының 24% алады. Орталық Каспий орташа тереңдігі 200 метр, ең терең жері 788 метр, жалпы теңіз ауданының 36 пайызын қамтиды. Оңтүстік бөлігінен орташа тереңдігі 345метр, ең терең жері 1025 метр, теңіз ауданының 40% алып жатыр.
Қазақстанға жататын солтүстік және орта бөлігінің солтүстігі анағұрлым тайыз болып келеді. Аралдар саны аз, жалпы ауданы 2045км. Ең ірілері Төленді аралдар тобындағы архипелаг
Құлалы және Морской аралдары. Каспийге шығыс жақтан Маңғыстау, Түпқараған, Бозаншы сияқты үлкен түбектер сұғына еніп жатыр, шығыс жағалауында шығанақтарда көбірек кездеседі. Олардың қатарында Маңғыстау мен Қазақ шығанақтары бар. Теңіз екі климаттық белдеуде орналасқан.
Жазда Каспий теңіздің беті қатты қызады, температура барлық бөлігінде бірдей: шілденің орташа температурасы +24 +26 C. Қыста температура өзгеше. Солтүстікте қыс қатты. Қаңтар айының орташа температурасы ¬¬- 7 - 11 C. Орта бөлігінде +1+5 C, ал оңтүстікте +8+10 C. Қаңтардың ең төменгі температурасы - 38C - қа жетеді. Теңіздің шығыс жағалауының қысы барлық еңдікте де батыс жағалауға қарағанда суықтау келеді.
Қыс айларында Каспий солтүстік таяз бөлігі ғана қатады. Мұздың қалыңдығы 2 метрге дейін жетеді. Судың жоғарғы қабаттарының қысқы температурасы солтүстігінде - 1, 0 оңтүстігінде +10+11 C қа дейін жоғарлайды. Тамыз айында температура айдынның бір қатар бөлігінде +24 C, Онтүстікте+28 С - қа дейін көтеріледі. Каспий теңізі балыққа бай, итбалық та көп кездеседі. Итбалық теңіздің бір кезде Солтүстік Мұзды мұхит пен байланыста болғаның көрсетеді. Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар. Ең бағалы балықтарға бекіре тұқымдастары жатады. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80% - нан астамы Каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспийде ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың Қазақстан үлесіне 40%- ы тиеді. Каспийде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді. Мұнда балықтың 55 түрі кездеседі. Бағалы балық - қортпа ұзындығы 6 - 7 м - ге, ал салмағы 1800 кг – ға дейін жетеді, 100 жылға дейін тіршілік етеді. Бекіренің ұзындығы 2, 2 м - ге, салмағы 40 - 80 кг - ға дейін жетеді. Каспийде олардан басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ т. б. ауланады.
5. Сабақты қорытындылау
6. Кері байланыс
7. Үйге тапсырма: §30 оқу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Көлдер және бөгендер. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.

Көлдер және бөгендер. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.

Мақсаты: Білімділік: Қазақстандағы көлдер мен бөгендердің республика аумағында орналасуы және пайда болуы жөнінде оқушылардың білімін кеңейту....
Балқаш көлі

Балқаш көлі

Сабақтың тақырыбы: Балқаш көлі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Балқаш көлінің табиғатын, көлге құятын басты өзендер мен батыс бөлігі, тұщы...
Солтүстік  Қазақстан облысының  өзендері,  көлдері, бөгендері

Солтүстік Қазақстан облысының өзендері, көлдері, бөгендері

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның география пәнінің мұғалімі: Габдуллина Аяжан Нуржанқызы...
көлдер мен бөгендер

көлдер мен бөгендер

Сабақтың тақырыбы: Көлдер мен бөгендер Мақсаты: Білімділік: Қазақстан көлдері мен бөгендері, олардың ерекшеліктері, су су деңгейінің өзгеруі туралы...
Теңіздер мен көлдер

Теңіздер мен көлдер

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің география пәнінің мұғалімі: Джубанова Н....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×