Сайтқа кіру Тіркелу

Географиялық карталар

Сабақтың тақырыбы: Географиялық карталар.
Мақсаты: Географиялық карта туралы білім беру. Карталарды оқи білуге, ажырата және қолдана білуге үйрету.
Көрнекілігі: Глобус. Жарты шарлар физикалық картасы. Қазақстан физикалық картасы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру.
2. Өткен материалдарды еске түсіру.
1. Жердің дәл үлгісі не? Оны алғаш жасаған кім?
2. Меридиандар мен параллельдер деген не?
3. Ең ұзын параллельді картадан көрсетіңдер.
4. Географиялық ендік деп нені атайды?
5. Глобустан нүктелердің ара қашықтығын қалай анықтайды?
3. Жұмбақ шешкізу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу.
Қаласы бар, елі жоқ,
Даласы бар, шөбі жоқ,
Орманы бар, нуы жоқ,
Шыңдары да теп - тегіс,
Кең жазығы әр түсті,
Шығыс пенен батысты -
Бар әлемді табасың,
Өзің таң боп қаласың!
Шешуі: географиялық карта
Карта дегеніміз - жердің жазықтықтағы кескіні.
Картаның глобустан айырмашылығы - карталарда бұрмаланушылық көп болады. Ал глобус жердің дәл үлгісі.
Махмұд Қашқаридің дөңгелек картасы:
М. Қашқаридің жасаған картасын ғалымдар «XI ғасырда орталық және ОртаАзияда жасалған түріктің географиялық ескерткіші» деп атады.
Қазақстанның физикалық картасы:
Ел ордамыз - Астана ойып тұрып Сарыарқаның төрінен орын алды. Астанаға қызықпайтын ел жоқ! Біз әсем Астанамен мақтанамыз!
Сабақты бекіту:
1) Карта дегеніміз не?
2) Мазмұнына қарай карта нешеге бөлінеді?
3) Қазақстан қай материкте орналасқан?
Сабақты қорыту: Бағалау.
Үйге тапсырма: Карталардың маңызы. Тест.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шығыс Қазақстан географиялық орны

Шығыс Қазақстан географиялық орны

Шығыс Қазақстанның өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру...
Географиялық бойлық, географиялық координаталар ұғымы және координатаны аны ...

Географиялық бойлық, географиялық координаталар ұғымы және координатаны аны ...

Оқушылар глобустағы және географиялық түрлі карталардағы градус торларын оқып үйреді, географиялық бойлықтарды өз бетінше анықтай алады....
Географиялық қабық – Жердің ерекше, кешенді қабығы

Географиялық қабық – Жердің ерекше, кешенді қабығы

Сабақтың тақырыбы Географиялық қабық – Жердің ерекше, кешенді қабығы Жалпы мақсаты Оқушыларға географиялық қабық - жердің ерекше, кешенді қабығы...
Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер

Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер

Географиялық карталар, олардың түрлері мен маңызы, картография және оның бөлімдері жайлы білім беру....
Африка. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Африка. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Алматы қаласы, Медеу ауданы, Ш.Уалиханов атындағы №12 гимназияның география пән мұғалімі Алимбай Салтанат Серикбайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×