Сайтқа кіру Тіркелу

Сарыарқа

География 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сарыарқа
Сабақтың мақсаты: Қасиетті өлке Сарыарқаның географиялық орнын анықтау, табиғаттың құрамдас бөліктері арасындағы байланысты логикалық бейнелеуге, үйлестіруге дағдыландыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік беру.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Жерді қорғауға, өз еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Пәнаралық байланыс: биология, қазақ әдебиеті, тарих, информатика, экология,
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта, буклеттер, Сарыарқа суреттері, компьютер, Астананың суреттері
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, топтастыру, Венн диаграммасы, бес жолды өлең әдісі, түртіп алу әдісі, жобалау әдісі, ауызша сұрақ-жауап, «Артық сөзді алып таста» ойыны, электрондық оқулықпен жұмыс,

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендеп, 4 топқа бөлу.
«Қызығушылықты ояту» кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару (психологиялық дайындық) бүркіт, күн, бұлт суреттерін көрсетіп, қай суретті не себептен таңдап алғандарын түсіндіру.
Үй тапсырмасын сұрау:
1. «Ой шақыру» стратегиясын пайдаланып, әр топ экранына 2 сұрақтан шығарып, ойлануға 1 минут беріп, уақыт аяқталғаннан кейін ортаға әр топтан 1 спикер шығып жауабын беру.
2. «Артық сөздерді алып таста» ойыны. Әр топ экранына сөздер шығарып ол сөздердің ішінде артық сөздерді табуы керек, уақыт 1 минут, уақыт өткеннен кейін топтан спикер шығып жауап береді.

1-топ:Өзендері: Жем, Үй, Есіл, Ойыл, Әйет, Жайық, Обаған, Шу, Тоғызақ, Торғай, Шағалалы, Талас.
Жануарлары: бүйі, сарышұнақ, ақ құр, үйрек, мәлін, сұр тырна, бозторғай, жұртшы, аққу, қоян, тиін, ақбөкен, сусар, бұлан, оқ жылан.

2-топ: Пайдалы қазбалары: фосфорит, кобальт, газ, хромит, боксит, темір, вольфрам, құрылыс материалдары, сурьма, тас көмір, сынап, марганец.
Өсімдіктері: шілік, боз, өлеңшөп, арпабас, көктерек, итмұрын, шырғанақ, тошала, бүлдірген, ши, мойыл, бидайық, дермене жусан, жөке, бетеге, шеңгел, шайшөп, бұйырғын.

3-топ: Өсімдіктері: қарабас, арпабас, май қарағай, сәбіз шөп, итсиген, қамыс, сексеуіл, қайың, көктерек, жыңғыл, жүзгін, емен, беде, сантонин.
Топырағы: қара, ашық қоңыр, сортаң, ашық қызғылт, қызыл қоңыр, қызғылт күрең, сұр-қоңыр, аллювийлі сор, құмды шағыл, күлгін, орманның сұр, таулы аймақ.

4-топ: Жануарлары: бұлан, елік, қоян, бұғы, қарсақ, күзен, ақбөкен, қасқыр, түлкі, қарақұйрық, аламан, ақкіс, сарышұнақ, ұлар, аққу, муфлон.
Номенклатурасы: Есіл, Жалпы Сырт, Құсмұрын, Орал алды, Сілеті теңіз, Жем, Құлынды, Обаған, Қызыларай, Павлодар, Қашар, Әйет, Жетісу, Лисаковск, Наурызым, Тастау.
3. «Мағынаны ажырату» а) Венн диаграммасын пайдалана әр топ ортақ ұқсастықтарын табады.

III. а) Жазық пен таудың ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасына жаз.
ә) Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы аталу себептерін жаз.
б) Электронды оқулықпен жұмыс.
Әр топқа Сарыарқа тақырыбының бөлімдерін бөліп беру. Электрондық оқулықтағы Сарыарқа туралы мәтінді оқып шығып, оқулық мәтінін пайдалану.
1-топ: Географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысы.
2-топ: Пайдалы қазбалары, климаты
3-топ: Өзендері мен көлдері, қорықтары
4-топ: Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары
Әр топқа «Талқылау парағын» таратып, «негізгі идеяны суреттеу» стратегиясын қолдана отырып,уақыт 5 минут беру, уақыт аяқталғаннан кейін әр топтан 1 спикер шығып, талқылау парағы бойынша түсіндіреді, әрқайсысына картадан көрсетіп, жауап беруге 1 минуттан уақыт беріледі.
4. Әр топ өздері үйде дайындап әкелген «Астана - жас қалам» атты жобаларын қорғайды, әр топқа 2 минуттан уақыт беріледі.
Әр топқа сұрақтар қою:
1 топқа - Қай күнді біз Астана күні деп тойлаймыз?
2 топқа - Астана Алматыдан қай жылы көшірілді?
3 топқа - Астананың климаты қандай?
4 топқа - Астанадан қандай өзен ағып өтеді?
5. Қорытындылау кезеңі. «Ой бөлісу ортаға салу» стратегиясын қолдана отырып, әр топқа 1 сұрақтан беру, ойлануға 30 секунд, уақыт өткеннен кейін ортаға 1 спикер шығып, жауап береді.
6. Төрт жолды өлең әдісін пайдалана отырып, әр топқа 1-ші жолы зат есім, 2-ші жолы сан есім, 3-ші жолы сын есім, 4-ші жолы етістіктен тұратын өлең құрастыру, уақыт 2 минут беріледі.
7. Дәптермен жұмыс:
Номенклатура: Қызыларай, Ақсораң, Қарқаралы, Кент, Баянауыл, Шыңғыстау, Көкшетау, Ұлытау таулары, Қарағанды, Екібастұз, Саяқ, Қоңырат, Жезқазған, Қарсақпай, Атасу, Жәйрем, Балқаш кен орындары, Теміртау қаласы, Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, Тоқырауын өзендері, Бурабай, Шортанды ,Қорғалжын көлдері.
8. Оқушыларға сабақ аяқталуға 5 минут қалғанда «Бағалау парағы» мен «Шығу парағын» тарату.
«Шығу парағының» сұрақтары: Топта жұмыс істеген оңай ма?
Кім өзін еркін сезінбеді неге?
Бірлескен жұмыстан не алдың?
Үйге тапсырма беру: 1. Сарыарқа тақырыбын оқып келу.
2. Балқаш көлінің экологиясы бойынша суреттер салып, жоба дайындау.
3. Кескін картаға Сарыарқаның жоталарының аттарын, созылу бағыттарын түсіру.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, сарыарқа
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×