Сайтқа кіру Тіркелу

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Тейран

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Тейран
Қара пері Тейран артынан қарасаң адамға ұқсайды, оны кәдімгі жолаушы екен деп қаласың. Бірақ бұрылып қарауы мұң, ұсқынын көріп зәрең ұшады. Оның басы дөңбектей, жалғыз ғана аяғы бар, бір көзінен қан сорғалап, екінші көзінен су тамшылап тұрады. Басында бір шөкі шашы бар, алайда, сол шашы ғаламат сиқыр, қасиетке ие.
Тейран адамға түрлі ауру - сырқау, кесір - кесапат, тіпті, өлім де жібере алады. Әйткенмен, осы қара дәуперімен түнде жапан түзде жалғыз өзі жолығуға тәуекел еткен, байлыққа құштар батылдар да табылған. Мұндай адам елсізге келіп, ұсақ тастарды жинап алып, «Мынау – сенікі, мынау – менікі» деп күбірлей сөйлеп, оларды екі жерге үйеді. Қараңғыда адам тас емес, дәндерді бөліп отыр екен деп ойлап қалған Тейран жақын келіп, үймелерге үңілгенде, әлгі батыл кісі оның басындағы бір шөкім жирен шашын шапшаң қимылдап, жұлып алуы тиіс.
Тейран шашсыз, өзінің сиқыр құдіретінсіз жүре алмайды. Ол жалынып - жалбарынып, жылап, шашын қайтаруды сұрайды. Сонда адам шаштың қарымтасына қажетінше алтын мен күміс талап етеді. Тейран оған қалағанын қолма - қол беріп, өзінің шашының өтеуін төлеп, қайтып алып, шүберекпен басын орап, тұрған жерінде жата кетеді. Содан соң Тейран біресе даусын шығарып, біресе сыбырлап, біресе тез, біресе баяу, түсініксіз сөздерді айта бастайды. Қазынаны алған пысық үшін ең бастысы – дәуперіден аулаққа қашып үлгеру. Өйткені, егер ол Тейранның тым құрыса бір сөзін ұғып қалса, бірден жан тәсілім етеді, алтыны да, басқасы да құтқармайды.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Албасты

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Албасты

Албасты – су тылсымына байланысты әзәзіл пері. Албастылар өзен - көлдердің маңайын мекен етіп, ақ шашы жалбыраған, емшегі арқасынан асып салбыраған...
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Шимұрын

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Шимұрын

Егер жолаушы жалғыз өзі қалың жыныс орман мен қиын асулы тауда немесе қараңғы түнде елсіз жапанда ұзақ жол жүрсе, Шимұрын шайтанның қолынан мерт...
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Көнаяқ – орман перісі

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Көнаяқ – орман перісі

Ит мұрыны өтпес ормандарда, көнерген тау соқпақтарында, адам аяғы сирекбасатын ми батпақтар арасында жауыз орман перісі – Көнаяқ тіршілік етеді....
Алдашы мен Бабай Түкті Шашты Әзиз

Алдашы мен Бабай Түкті Шашты Әзиз

Бұрынғы заманда бір үлкен өзеннің бойында шөп күркені мекен етіп, балық қақтап, су сақтаған кедей кемпір болыпты. Оның бар медеуі, көз қуанышы...
«Алтын адам» туралы миф

«Алтын адам» туралы миф

Баяғы замандарда Тәңірге құрбандыққа адамдарды шалған. Оның өзінде кінәратсыз жас жігіттер мен қыздарды таңдап алған....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×