Сайтқа кіру Тіркелу

Заратуштра (шамамен б. д. д. 628 – 551 ж. ж.)

Пәлсапа пернелері
Заратуштра (шамамен б. д. д. 628 – 551 ж. ж.)
Зороастризмнің негізін қалаушы, абыз, осыдан үш мың жыл бұрынғы азиялық Ұлы Даладағы тұңғыш пайғамбарлардың бірі (гүлдену кезеңі – б. д. д. VI ғ. – б. д. VII ғ. Аралығындағы ұлы Иран империясының тұсы).
Еуропаға Заратуштра есімі екі жарым ғасыр бұрын ғана белгілі болған. Ол Шығыс Иран, қазіргі Тегерандағы Рай деп аталатын елді мекенде Радестегі жылқышылардың отбасында дүниеге келді. Кейбір ортағасырлық мұсылман тарихшыларының пікірінше, атап айтқанда Бируни, Казвини, Иагут әл - Хамави, Балазури соңғы зороастрлік мәліметтерге сүйене отырып, Зороастр қазіргі Ирандық Азербайджанда, Атропатен деген жерде туған. Ал, басқа Лондон университетінің профессоры Мэри Бойс «ақиқатында Заратушстра еділдің шығысынан басталатын Азиялық далада өмір сүрген» деп тұжырымдайды немесе Бал Гангадхар Тилак сияқты оқымыстылар Заратустра қазіргі Ресей аумағындағы Оралдың оңтүстік бөктерінде Тұран тайпаларының арасында дүниеге келген. Осы жерден әртүрлі жағдайларға байланысты, нақтырақ айтқанда, қысым көргеннен кейін, қазіргі Иран жеріне көшіп кетуге мәжбүр болғанға ұқсайды, әрі сонда ел көсемі Виштаспа оған үлкен қамқорлық көрсетіп, оның көптеген дүниелерін өз саясатында пайдаланса керек. Жалпы, Заратушстра деген ат шамамен «көне түйеші» деген ұғым береді. Ол кезеңдерде от – өмірдің барлық жағын қамтитын нәрсе есебінде ерекше қадірленді. Оған арналған мереке жеті мерекенің ішінде ерекше көрініс тапты («Наурыз» мейрамы). Зороастрлық көзқарасты от тараған аймақтардағы халықтар әулиелер діні есебінде қабылдады. тәңірілік - зороастрлық ұғымдар қазақтардың да дәстүрінде, әдет - ғұрыптарында және наным - сенімдерінде сақталып қалған.
Заратустраның әкесі Порушаспа, оның анасының есімі Дугдова деп аталған. Оның отбасында: ересектері – Ратуштар және Рангуштар, кішілері – Нотарига және ниветиш есімді аға - қарындастары болған. Заратустраның жұбайының есімі – хвови. Жастайынан оның бойынан адам түсінбейтін бір қасиеттерді байқаған. Туғанында басқалар сияқты жыламаған ол, керісінше күлген. Оның күлкісі 2000 - дай шайтанды (демонды) бір мезетте өлтірген. Осындай қасиеті бар оған көптеген жаман ниеттегі адамдар күндестікпен қаарған. Оған бірнеше рет қастандық жасалса да, ондай әрекет ешбір нәтиже бермеген. Оған себеп: Заратуштра Құдіретті Күшті – Құдайдың қалауы еді.
Ол өмірінде үш рет үйленген адам. Алғашқыларының бірі Заратустраға екі бірдей бала сыйлады, оларды урватат - нара және Хвара - читра деп атаған. Өсе келе олар өздеріне жақын кәсіптерді таңдайды: бірі – малшы, әрі жер иеленуші болса, екіншісі – жауынгер болады. Басқа әйелдерінен төрт бала болады, соларының бірі: Исад - вастра есімді бала. Ол кейіннен Зороастрлік діннің жоғарғы абызы болады. Оның үш бірдей: Френи, Трити және ең кіші Поручиста есімді апалары болды.
Немістің атақты философы Фридрих Ницше «Заратуштра осылай деген» атты философиялық толғау жазуы да тегін емес еді. Бұл Заратуштраның жалпы адамзат баласының алғашқы ұстазы болғандығын мойындау еді. Философ - жазушы Смағұл елубайдың пікірі бойынша: «Адамзаттың алғашқы пайғамбары, соңғылықта өмірге Буддизм, иудаизм, Христианжәне Ислам діндерінің келуіне үлкен ықпал жасаған Заратуштра Ұлы Тұран жерінің перзенті».

Дүниетанымдық - философиялық көзқарастары:
Заратуштра адамзат тарихы үш кезеңнен тұрады дейді. Құдай дүниені жаратқан алғашқы балауса кезеңді – «жаралу» кезеңі. Адамзат тарихының екінші кезеңі дүниеге Сайтан араласқан кезең, яғни «араласу» кезеңі делінеді. Бұл кезеңде кесапат пен шарапат ұзақ та ұлы күреске шығады. Бұл жарық дүние үшін Құдай мен Сайтанның күресі еді. Заратуштра уағызы бойынша адамзат тарихының үшінші кезеңі – «ажырасу» деп аталады. Бұл кезеңде Құдай Сайтанды жеңіп, өзі жаратқан Дозақ отына өзі күйіп, қиянат, кесапат, жамандық, қылмыс басталмақ. Сөйтіп, Алла тағала жаратқан жарық дүние баяғы бейкүнә, таза, ұжмақ қалпына келмек. Сол болашақта, мәңгі ұжымақта өмір сүрмек үшін, бақытты болу үшін адам бұл фәниде Заратуштраның үш шартын орындауы керек: бірінші шарт – «шарапатты ойға беріл», екінші шарт – «шарапатты сөзге беріл», үшінші шарт – «шарапатты іске беріл».
Заратуштра қалай да адамзат тарихы үшін теңдесі жоқ жұмбақ тұлға.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Махаббатпен жаратқан адамзатты...

Махаббатпен жаратқан адамзатты...

«Махаббат философиясы» - араб - парсы, Орта Азия және Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің жетілуіне зор ықпалын жасаған дүниетаным. Себебі махаббатты...
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)

Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)

ХІХ ғасырда Інжілді зерттеген неміс ғалымдары бес тәураттық кітап – «Болмыс», «Шығу», «Левит», «Сандар» және «Қайталанған заңның» - төрт дереккөзін...
Ерекше құндылыққа ие уақыттар

Ерекше құндылыққа ие уақыттар

Адам атаның Жерге түсуімен басталған адамзат тарихының алғашқы кезеңдеріндегі адамдардың мың жылдап ұзақ өмір сүргендігін білеміз....
Тіл қашан пайда болды?

Тіл қашан пайда болды?

Әлбетте, Адам атаның жаратыла салысымен сөйлегенін білеміз. Өйткені Адам атаға бірден мынадай тапсырма берілді: «Жаратқан Ие топырақтан түрлі...
Шыңғыс хан туралы 21 мағлұмат

Шыңғыс хан туралы 21 мағлұмат

Шыңғыс хан әр түрлі жолдармен ұлы адам болған: ұлы жеңімпаз, ұлы билеуші, ұлы әке....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×