ДӘУІТКЕ ТИІСПЕ
Дәуіттің тұсында Ғайдуна деген қаланы ордалы жылан басады. Олардың көптігі сондай күрек басындай жерге он жылан сыяды екен. Қарсы келген адамға атылып, бет қаратпапты. Күресуге дәрмені қалмаған патша ақсақалдарды жинап, кеңеседі. Қариялардың бірі:
Дәуіт пайғамбардан көмек сұрайық. Аллаға тілегімізді жеткізіп, мына пәледен құтқарсын, - дейді. Оның сөзін бәрі қоштайды. Сөйтіп Дәуітке хабаршы жібереді.
Дәуіт Мақпар тауында ұста екен. Хабаршы ел тілегін айтып, көмек сұрайды. Дәуіт кеудесінен бір түйме үзіп алады. Оны төске қойып, балғамен үш рет ұрады. Түймесі жәндікке айналады. Оны хабаршыға беріп:
Қалаға кіргенде босат. Жыланды қуып шығады, - дейді.
Халқы Дәуітті күтіп отырады.
Хабаршыны көріп:
Дәуіт қайда? – деп сұрайды. Жігіт жәндікті көрсетіп:
Міне, - дейді. Жәндік секіріп түсіп, жыландармен айқасқа түседі. Қылыш қолымен жыланның көзін ойып, қаладан қуып шығады.
Ерлігіне риза болған ел оны «Дәуіт», «Дәуіттің жәндігі» деп атап кетеді. Оған қасиетті, киелі деп құрмет көрсетеді. Үйге дәуіт келсе, «пәле - жала есіктен кетеді, құт төбеден келеді» дейді. «Дәуіт бар жерде жылан жүрмейді», «Дәуітті жер – тәуір жер», «Дәуітке көзінен айрылар жылан кездеседі», «Дәуітті тәу еткен құр қалмас» деген тәмсіл сөздер осыдан қалыпты.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Дәуітке тиіспе
- ramuk_b
- 26 шілде 2020
- 4298
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дәуітке тиіспе, Дәуітке тиіспе ертегісі, аңыз әңгіме
Ұқсас жаңалықтар:
Бет айғақ
Халықтың құқықтық салтында малды, затты тапқан, көрген адамдарға сүйіншісін береді немесе «қалағаныңды ал» дейді...."Бірлігіміз жарасқан" 1 мамырға арналған ертеңгілік сценарий
Мақсаты: Бірлік мерекесінің – қазақстандықтар үшін татулық пен ынтымақ мейрамы екенін түсіндіру. Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен...Жылан уы
Жылан уы — улы жыланның сілекей безінен шығатын улы зат. Ақшыл сары не көкшіл түсті сұйық....Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Құндылық: сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, қиянат жасамау. Қасиеттер: сыйластық, адамгершілік, кішіпейілділік, мейірімділік, ізгілік...Достаса аласың ба?
Көркем негізгі мектеп психологы: Муканова Ризвангуль Жұмабайқызы Достаса аласың ба? Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.