Сайтқа кіру Тіркелу

Қатігез бай мен тасбақа

Қатігез бай мен тасбақа

Адамды тәубесіне келтіретін оқиға желісімен.
Ертеректе бір бай кісі болған екен. Ол бай байыған сайын жаңа үйлер салады. Бірақ оған көңілі толмай биік үйдің құрылысын бастайды. Іші пысқан әлгі бай құрылыс барысында бау - бақшадан келе жатқан бір тасбақаны ұстап алып, батпақпен бірге илеп, тірідей кірпіш арасына қалап жібереді. Уақыт өте құрылыс аяқталып, зәулім үйіне кіреді. Көп ұзамай артынша аяқ астынан ауырып қалған әлгі бай, қанша емделгенімен дертіне шипа таппай, аяғынан жүре алмай, салданып, мүгедекке айналады. Ем қонбаған соң әлгі байды үйіне әкеледі. Күнделікті өмірі мүгедектер арбасында өтетіндіктен, оның көмекшілері арбаға салып, бау - бақшаға шығарып, серуендетуге шығарады екен. Бірде бай бақшада демалып отырып, үйдің жоғарғы дуалына ұшып - қонып жүрген бірнеше шымшықтарды көреді. Ол жерде ұя дейтіндей ұяда жоқ еді.

Таңырқап қалған мүгедек бай, мұның сырын білу үшін көмекшілерін шақырып, әлгі дуалға шығып қараса, кірпіш сылағын басы сыятындай жарылған жерден қыстырылып қалған тасбақаны көреді. Әлгі шымшықтардың бірі су, бірі шөп, енді бірі жәндіктерді тұмсығымен тасып, әлгі қыстырылып қалған тасбақаға азық ретінде беріп жатыр екен. Мұны көрген мүгедек бай, кезінде өз қолымен батпақпен қоса сылап жіберген тасбақа екені есіне түсіп, арада қанша жылдар өтсе де тасбақаның осы күнге дейін өлмей тірі қалғанына қайран қалады. Тез арада әлгі қыстырылып қалған тасбақаны босатып алып, бақшаға жібереді.

Жаратушы Алла Тағала адамнан табылмаған мейірім мен қамқорлықты жануар екеш шымшықтарға беріп, тасбақаның өмірін жалғастырады. Мұны көрген әлгі байдың мейірімділік сезімі оянып, Алладан кешірім сұрап, көзіне жас ала отырып, қатты өкінеді. Себебі, тасбақаның дуал ішінде тірі болғаны болмаса, мүгедектен еш айырмашылығы жоқ еді. Алла да мейірімсіз әрі қатігез байды тасбақа сияқты кеудесінде жаны болғанымен жүре алмайтын мүгедекке айналдырған еді. Әлгі бай тасбақаны еркіндікке шығарған күннен бастап, ақырындап дертінен айыға бастайды. Күндер мен айлар өтіп әлгі бай дертінен толық жазылып, аяғымен жүретін күнге де жетеді.

Бұл да Пайғамбарымыздың (с. а. у): "Мейірім етпегенге Алла да мейірім етпейді" деген сөзіне дәлел бола алады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×