Баяғыда бір кедей көшерге көлігі болмастан, жыл сайын қыстауда қала береді екен. Бір күні оның үйіне елді сүлікше сорған бір ұлық келіпті.
— Сені жарлы қылған мен емес ем, жазған Құдайыңа жыла. Жан басы алпыс қадақ бидайдан, үйіңдегі алты адамға тоғыз пұт астық төлейсің, — деп ұлық қиғылық салып отырып алыпты.
Жалғыз сиырдың сүтіне қарап отырған жарлы байғұс қалай мақұл дей қойсын, қатты сасыпты. Ауыл - аймаққа шешендігімен аты шыққан қаршадай ған кедейдің бір баласы бар екен.
Ұлық сол баланы шақырып алыпты да:
— Бала, сені жұрт шешен деседі. Мына әкеңді биылғы алым - салымнан босатайын, сол өнеріңді көрсетші! Мәселен, адамға мына көз, мұрын, қол мен ауыздың қаншалықты керегі бар? Осыған ойланып жатпастан, табан астынан жауап тауып айта қойшы, қане! — депті.
Сонда бала тұрып:
— Тақсыр, қапылыста шыққан сөз қанжардан өткір келуші еді. Жазатайым қытығыңызға тиіп кеткендей болсам, біздей пендеңізге әңгіртаяқ ойнатып жүрмес пе екенсіз? — депті.
— О, ол не дегеніңіз?! Сөз тапқанға қолқа бар ма? Жауабың нанымды болса, жазғырар жайым жоқ. Сөйле, қорғанба! — депті ұлық.
— Е, ұлық басымен уәде беріп, қаршадай бала сенің сөзіңе өкпелеп не көрініпті? Бәріміз де куәміз? — десіп, ұлықтың қасындағы нөкерлері де қаумалап әкеткен соң, бала:
— Олай болса тақсырым, Сөйлейін сөздің тап шынын:
Көз деген көпті үйіруге керек,
Қол — жарлының малын жылатып алуға керек,
Ауыз — алғаныңды көмейге салуға керек, — деген екен.
Ұялғанынан құлағына дейін қызарып, қасындағылардың бетіне қарай алмаған ұлық:
— Қап! Мына жүгірмекке тіпті дауа жоқ екен! — деп, атына мініп, жөніне жүре беріпті.
Салықтан құтқарған сөз
- ramuk_b
- 3 қараша 2019
- 1568
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Салықтан құтқарған сөз, салық, ертегі, әңгіме
Ұқсас жаңалықтар:
Лайықты сабақ
Бір күні жігіт түс көреді. Түсінде киелі жерлерге зиярат етіп жүр екен. Әулие - әнбиелер мен абыздардың жиынына әкесіне ілесе барғанын көреді....Түлкі мен ешкі ертегісі
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті....Ажал туралы мақал-мәтелдер
Ажал ажарға қарамайды. Ажал келмей жан шықпас, Қысыр сөзден мән шықпас....Қарлығаш
Ертеде бір бес ағайынды жігіт бар екен. Бесеуі бір байтеректің қасына жарты жер салған екен. Егіні піскен соң, түнде келіп біреу жеп кетеді екен....Азған елдің хандары
Азған елдің хандары, Тақ үстінде отырғандары. Жарлыдан алып байларға, Сыйлар берсе керек - ті....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.