Сайтқа кіру Тіркелу

Қаршақыз бен түлкі

Қаршақыз бен түлкі
(Орыс халық ертегілері)
Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Олардың баласы да, немересі де жоқ екен. Қар бұрқырап қыс та түсіп, белуардан омбылай жауыпты.
- Жүр, кемпір,- дейді шал, - біз қардан өзімізге Қаршақыз тұрғызып алайық!
- Жүр, ендеше, - деп келіседі кемпірі.
Олар қардан Қаршақызды тұрғызады. Жұмыстарын аяқтай беріп, қараса, Қаршақыз көзін ашып, күлімсірепті. Қариялар қуанып кетеді. Қызды үйге алып келіп, үшеуі бақытты да тату - тәтті өмір сүре бастапты.
Бірде Қаршақыз құрбыларымен шөпшек теруге барады. Қаршақыз орманды аралап, бұтақшалар теріп жүріп, құрбыларынан қалай көз жазып қалғанын байқамай, ақыры адасып кетеді. Қанша айқайласа да, оны ешкім естімейді. Күн батып, қараңғы түскенде Қаршақыз ағашқа өрмелеп шығады да, еңіреп жылап отырады.
Осы маңнан өтіп бара жатқан аю қыздың даусын естіп келіп, сұрайды:
- Неге жылап отырсың, балақай?
- Қалай жыламайын! Мен құрбыларымнан қалып қойып, адасып кеттім. Қорқынышты, қарным да ашты. Үйде мені әкетайым мен шешетайым күтіп отыр.
- Ағаштан түс, мен сені үйіңе жеткізіп салайын, - дейді аю.
- Мен сенен қорқамын, аю, сен мені жеп қоясың, - деп жауап береді Қаршақыз.
Аю кетіп қалады, Қаршақыз болса, көзінің жасын онан әрі көлдетеді.
Ағаштың жанынан өтіп бара жатқан қасқыр бұрылып, сұрайды:
- Неге жылап отырсың, балақай?
- Қалай жыламайын! Мен адасып кеттім, - деп жауап береді Қаршақыз, жылауын тоқтатпай.
Бақытына қарай, Қаршақыздың жанынан түлкі шанамен өтіп бара жатқан еді. Ол тоқтап, ағашқа келіп, былай деп сұрайды:
- Неге жылап отырсың, балақай?
- Қалай жыламайын, - деп жауап береді Қаршақыз, - мен адасып кеттім, маған мұнда қорқынышты, әрі суық.
- Мен сені шанамен үйіңе жеткізіп салайын, - дейді түлкі.
Қаршақыз қорықпай ағаштан түседі.
Қариялар Қаршақыз үйге оралғанда, қатты қуанады. Олар түлкіге шын көңілдерімен алғысын білдіріп, оны үстелдің төріне отырғызып, тәтті - дәмді тағамдармен сыйлап, қонақ етіпті.
Содан бері түлкіні сол ауылдың адамдары ренжітпейді, тауықтарын, нандарын беріп, жақсы - жақсы сөздермен еске алысып отырады екен.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×