Пайдалы кеңес
Табандағы белсенді нүктелер – сауығудың кепілі
Аяққа күні бойы күш түсетіндіктен қатты шаршайды. Кешқұрым уақытта. әсіресе. биік өкшелі аяқ киімді ұнататын әйелдер қауымы аяқ шаршауынан зардап шегеміз. Осындайда табан массажы аяққа түскен ауыртпалықтан арылтуға көмектеседі және оны тек қана сол үшін жасамау керек!
Рефлексология қағидаларына сәйкес, аяқ табандарында ағзаның дұрыс жұмыс жасауына жауап беретін негізгі нүктелер орналасқан. Аяқтарды уқалау сияқты қарапайым әрекет дененің әр түрлі мүшелеріндегі ауру туралы ұмытуға көмектеседі. Айрықша аймақтарға әсер етудің арқасында ішкі органдарға қан ағыны келіп, денсаулыққа қатысты көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Аяқ массажы. Аяқтарда орналасқан жүйкелер сауығудың маңызды құралы. Қиыр шығыстық медицинада табан және саусақ массажы панацея (барлық аурудан құтқаратын әмбебап дәрі) деп саналады. Мұндай процедураны кешке жасай отырып, күш ағынын сезінумен қатар, түнгі ұйқыда толыққанды демаласыз және таңертең сергек оянасыз. Бұл тек қана пайдалы терапия емес, ол жанға өте жағымды терапия.
Аяқ массажын жасаудың белсенді нүктелері:
1. Егер аяқтың ұштарын уқаласа, бас ауруынан құтылып, ми қызметін жақсартуға болады.
2. Үлкен бақайдың айналасы мойын ауруын жазуға көмектеседі, тек қана белсендірек уқаласаңыз болғаны.
3. Табанның орта жағын уқалау өкпе ауруымен күресуге көмектесіп, демікпедегі патологиялық жағдайды жеңілдетеді, ентігуді басады.
4. Үлкен бақайдан аздап төмен орналасқан аймақты уқалап, сіз жүрек - қан тамырлары жүйесін қорғай отырып, жүректің еш шалыссыз жұмыс істеуін қамтамасыз етесіз.
5. Табандағы дөңестің ішкі жағын уқалау бауырға түскен күштен арылтып, ауыру сезімінен құтқарады.
6. Өкшені жақсылап уқаласаңыз, беліңіздің ауырғаны сап тиылады.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Табандағы белсенді нүктелер – сауығудың кепілі
- ramuk_b
- 17 ақпан 2021
- 1927
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Табандағы белсенді нүктелер, массаж арқылы емдеу, халық емі
Ұқсас жаңалықтар:
Қалқанша безге қосымша көмек
Қалқанша безінің қалыпты жұмыс істеуі ағзадағы гормондық тепе - теңдіктің кепілі. Осы теңдік бұзылуынан жүйкесі, психология, мінезі өзгеріп, адам зоб...Ояну сырлары
Әлбетте, денсаулықтың мықты болуы, күннің сәтті басталуы, күні бойы сергек, көңілді жүрудің кілті – жақсы ояну. Ояну жаңа күннің керемет бастамасы...Жолжелкен
Жолжелкен жапырағы ішекке пайдалы. Бір деректерден жер бетіндегі халықтың 10-15%-ында іш қату (запор) бар дегенді оқып едік. Америка Құрама...Пияз - табиғи дәрі
Дәстүрлі емшілер ауыз қуысындағы барлық патогенді микробтардан арылу үшін күніне бір рет пияз шайнау жеткілікті дейді. Оны үнемі жеу асқазан - ішек...Массаж жасау арқылы баланың денсаулығын жақсарту
Қостанай қаласы әкімдігінің, Қостанай қаласы әкімдігінің, білім бөлімінің № 11 бөбекжай - бақшасы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.