Халық емі
Қар суымен емделіңіз
Қар (немесе жаңбыр) суын жинаңыз да, қайнатып, тұндырып, 1 литрін бөлек ыдысқа құйып алыңыз. Осы суға 90 грамм ас тұзын араластырыңыз. (Ас қасықты тым толтырмай, бетімен тегіс болып келетін тұз шамамен 30 грамм болады). Емге керек 9 пайыздық тұз ерітіндісі дайын. Енді стерильді дәкені 8 қабаттап, осы ерітіндіге малып, сәл ғана сығып алады да, ауырған жерге басады. Жылуы басылмай тұрып сыртынан қойдың таза жүнін ораңыз. Сыртынан жылы орамалмен орайды. Клеенка қолдануға болмайды. Компресті түнге қарай жасап, таңертең шешеді.
Бұл емде тізенің сықырлауы, қақсауы, буындардың ісінуі тез басылады, компресс сүйекке өткен суықты тартады. Оны ауыр жұмыс немесе жарақаттан болған омыртқа, бел, құйымшақ, жамбастағы ауырған жерге жасаса жәрдемі бар. Мойын остеохондрозында да жақсы көмектеседі. Шыққан, сынған сүйекке де тұз компресін тартады. Суықтау салдарынан дене дел - сал болып, суықтау салдарынан дене дел - сал болып, бұлшық еттер сырқырап ауырғанда да осы тұз ерітіндісімен емделіңіз.
Бұл сонау XV ғасырдан – Өтейбойдақ бабамыздың дәуірінен келе жатқан ем түрі. Тұзды ерітінді мен қой жүнінің жылуында денедегі суықты, тұзды, токсинді тартатын ерекшелік бар.
Айтпақшы, жаңбыр (қар) суының орнына дистилденген су пайдалануға да болады. Компресті кемі 5 - 7 күн жасаған дұрыс.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Қар суымен емделіңіз
- ramuk_b
- 6 қаңтар 2021
- 2178
- 0
- 0
Ілмек сөздер: халық емі, денсаулық сақтау, қар суымен емделу, жаңбыр суының емдік қасиеттері
Ұқсас жаңалықтар:
Сүт тағамдарына қатысты тыйымдар мен ырымдар
Тойға немесе асқа қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек....Бет айғақ
Халықтың құқықтық салтында малды, затты тапқан, көрген адамдарға сүйіншісін береді немесе «қалағаныңды ал» дейді....Жолжелкен
Жолжелкен жапырағы ішекке пайдалы. Бір деректерден жер бетіндегі халықтың 10-15%-ында іш қату (запор) бар дегенді оқып едік. Америка Құрама...Ас содасының емдік қасиеттері
Күнделікті қолданыстағы ас содасы ауырғанда – дәрі, керек болса косметикалық құрал да бола алады....Қара қойдың өкпесімен емдеу
Бала кезімде ойнап жүріп ағаштан құлап, шынтағымды шығарып алған болатынмын. Содан бері сол шыққан жер ойнамалы болып қалды....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.