Сайтқа кіру Тіркелу

Жүйріктен жүйрік озар - жарысқанда

Қарағанды қаласы,
№41 жалпы білім беретін орта мектептің
дене шынықтыру пәні мұғалімі Аязбаев Асет Муратович

Тақырыбы: «Жүйріктен жүйрік озар - жарысқанда» атты «Толағай» спорттық - отбасылық сайысы
Мақсаты: Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Ата - аналар мен балалар арасындағы қарым - қатынасты нығайту
Әдісі: Спорттық - отбасылық сайыс
Қажетті құрал - жабдықтар: Доп, шеңбер, шар, ысқырғыш, дартс, пневматикалық мылтық
Өтетін орны: Футбол алаңы
Уақыты: 11. 00
Қатысатын сыныптар: 2 а, 2 ә, 3 а, 3 ә ата - аналары мен оқушылары
Ұйымдастырушы: Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, шарлар
Барысы
Толағай әні ойнап тұрады
1 - жүргізуші:
Бүгінгі отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған «Жүйріктен жүйрік озар - жарысқанда» атты "Толағай" спорттық - отбасылық сайысына хош келдіңіздер!

1 - жүргізуші: Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!
ФЛЕШМОБ

2 - жүргізуші: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Отбасы» мерекесіне арналған «Жүйріктен жүйрік озар - жарысқанда»» атты «Толағай» спорттық - отбасылық сайысын ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын сөз мектеп басшысы ---------------------------- беріледі.

1 - жүргізуші:
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
отбасылық топтарымызды шақырамыз.
/Сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз/
1. Қыран тобы –/қызыл киімде/
2. Сұңқар тобы - /сары киімде/
3. Бірлік тобы - /көк киімде/
4. Барыс тобы - /ақ қиімде/

2 - жүргізуші:
Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Бүгінгі біздің сайысымыздың әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1
2
3.
2 - жүргізуші: Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайларымен бағаланады.
Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде мемлекеттік әнұранымен бастаймыз (әнұранды орындау)
1 - жүргізуші: Ендеше, сайыстың кезеңдерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1 - кезең: Үй тапсырмасы
2 - кезең: Кім жүйрік?
3 - кезең: Кім епті?
4 - кезең: Мергендер
5 - кезең: Кезектес секіру
6 - кезең: Картоп егіп, жинап ал
7 - кезең: Теңге алу
8 - кезең: Арқан тартыс
Сайыс 8 кезеңнен тұрады.

1 - жүргізуші: 1 - кезең: Үй тапсырмасы
Шарты: (топтың аты, ұраны және қарсылас командаларға сәттілік тілеу) Әділ қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!
2 - жүргізуші: 2 - кезең: Кім жүйрік?
Шарты: Шеңбердің арасында екі адамнан кедергілермен жүгіріп, мәреге жету.
Әділ қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

1 - жүргізуші: 3 - кезең: Кім епті? Шарты: 5 м үлкен қаптың арасымен еңбектеп өтіп, келесі жағынан шығып, мәрені айналып, орнына тұру қажет.
Әділ қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

2 - жүргізуші: 4 - кезең: Мергендер сайысы. Шарты: Әкелері мен аналары 9 м қашықтықтан пневматикалық мылтықпен нысанадағы шарларды атады. Балалары 2 м қашықтықтан дартс инесімен шарларды жару керек.
Әділ қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×