Сайтқа кіру Тіркелу

Артқа домалап, жауырынға тұру

Сабақтың тақырыбы: Артқа домалап, жауырынға тұру
Мақсаты:
а)Гимнастикалық жаттығулардың бірі, жауырынға тұру техникасын оқушыларға үйрету
ә)Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
б)Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін жақсарту. Буын бұлшықеттерінің қалыпты даму жағдай жасау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Саб.өтетін орны: Спорт зал
Сабаққа керек құралдар: Гимнастикалық төсеніш, жаттығу түрлеріне арналған слайдтар

І.Ұйымдастыру бөлімі 15 минут
1.Сыныпты сапқа тұрғызу. Мәлімдеме қабылдау
2.Саптық жаттығулар.
3.Жалпы дамыту жаттығуы.
а)жүру,жүгіру жаттығулары
ә)құралсыз орындалатын гимнастикалық дамыту жаттығулары
(Ұйымдастыру,әдістемелік нұсқау: Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын бақылау.Жаттығуларды қатесіз орындату.)
ІІ. Негізгі бөлім 25 минут
Сабақтың тақырыбын таныстырмас бұрын оқушыларға жаңа сабақ туралы мағлұматтар беріп,жаттығуларды орындату арқылы меңгерту.
1.Оқушылардың өздеріне бұрыннан таныс гимнастикалық жаттығу түрлерін естеріне түсіру.

2. Гимнастика жаттығуының адам денсаулығы үшін қажеттілігін оқушыларға түсіндіру.

(Ұйымдастыру,әдістемелік нұсқау: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды сұрақ қою арқылы сабаққа тарту.Слайдтағы суреттерге қарай отырып тақырыпқа байланысты ой өрбіту.Гимнастика жаттығуы туралы түсініктерін жетілдіру)

3. Халықаралық турлі сайыстарда гранпри жулдесін жеңіп алған, көркем гимеастика шебері Әлия Юсупованың спорт өміріндегі жетістіктерін таныстыра отырып жаңа сабаққа қызығушылықтарын арттыру
(Ұйымдастыру,әдістемелік нұсқау: Көркем гимеастика шебері Әлия Юсупованың спорт өміріндегі жетістіктерін слайд арқылы таныстыру)

4. Слайдтағы жаңа сабақ бойынша жаттығу түрін оқушылар өздері түсінгенін болжап айту. (Артқа домалап, жауырынға тұру)
Оқушыларға жаңа сабақтың жаттығуының қауіпсіздік ережесін және орындалу техникасын таныстыру.
5.Гимнастикалық төсеніште артқа домалап, жауырынға түруды сурет арқылы және орындап көрсеті арқылы оқушыларға үйрету.
6. Жаңа сабақтағы жаттығуды оқушыларға орындату.

(Ұйымдастыру,әдістемелік нұсқау: Мұғалімнің орындап көрсеткен жаттығу элементтерінің түрлерін мұқият бақылап, тыңдауын қадағалау. Көмек беру арқылы жаттығуды орындату)
7. Сергіту сәті:
«Табиғат тіршілігі»
(Ұйымдастыру,әдістемелік нұсқау: Барлық оқушылардың сергіту сәтіне қатысуын қадағалау)

8. Оқушыларға өз еркімен «Артқа домалап, жауырынға тұру» жаттығуын қайталатып орындату
ІІІ. Қорытынды 5 минут

Сыныпты сапқа тұрғызу.
Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: Аяқ буындарын жазу жаттығуын жасау.
Сабақ кезіндегі кемшіліктерді оқушыға ескертіп, түзету.
Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтау. Бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Гимнастикалық жаттығулар

Гимнастикалық жаттығулар

А) Гимнастикалық қабырғада жасалатын жаттығуларды жетілдіру. Ә) Акробатикалық тепе-теңдік жаттығуларын дамыта үйрету....
Гимнастика. Акробатикалық жаттығуларды үйрену

Гимнастика. Акробатикалық жаттығуларды үйрену

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л. Қылышев атындағы Шилі орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Жандавлетов...
Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға тұру

Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға тұру

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Файзуллин...
«Гимнастикалық жаттығулар» , “Акробатикалық жаттығулар”

«Гимнастикалық жаттығулар» , “Акробатикалық жаттығулар”

Аты – жөні: Бекбауов Нұрбек Сембайұлы Мамандығы: Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Жұмыс орны: Қызылқоға ауданы № 9 орта мектеп Санаты: ІІ Сабақтың...
Эстафеталық жүгірулер

Эстафеталық жүгірулер

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, № 9 орта мектеп дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Сахиев Ибрай Базарбайұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×