Денешынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, таңғы жаттығу және ұйқыдан кейінгі жаттығуды ұйымдастыру және өткізу
Дене тәрбиесі фомалары бойынша әр түрлі болады:
- таңғы жаттығу;
- қозғалмалы ойындар;
- топтық жұмыс;
- релаксация;
- тыныс алу жаттығуы;
- жалаңаяқ емдік жолдармен жүру
- қимылды ойындар, спорттық ойындар
- шынықтыру шаралары; (ауа, күн ваннасы)
Таңғы жаттығу барлық топтарда жүргізіледі. Таңғы жаттығу тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып, тыныс алуды тереңдетеді, қан айналымын күшейтеді. Таңғы жаттығу балалардың ақыл - ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етеді. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Ертеңгілік жаттығу жасаумен жүйелі айналысу балаларды тәртіптендіреді, күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді. Ертеңгілік жаттығу күнделікті бір уақытта, яғни таңғы асқа дейін жүргізіледі. Балалар келер алдында бөлме іші желдетіледі. Белгілі бір тәртіппен іріктелінген жаттығуларды комплекс дейміз. Бір ғана комплекстің өзі 2 апта бойы жүргізіледі. 2 апта бойы бір жаттығуды орындағаннан балалардың жаттығуға деген қызығушылығы төмендеуі мүмкін. Бұндай жағдайда маман қалауынша өзгертуге, күрделендіруге болады. Жаттығуларды баланың өз денесімен әр түрлі құралдар лентаны, таяқшаны, шарикты, шығыршықты т. б. пайдалана отырып жасатуға болады. Кіші топтағы балаларды шеңберге тұрғызу, үлкен топтағы балаларды саптізбекке тұрғызу ыңғайлы. Жаттығулар
Бірінші: бас, мойын, иық, қол бұлшық еттеріне
Екінші: бел, кеуде бұлшық еттеріне
Үшінші: бөксе сан бұлшық еттеріне жасалады. Орындалатын жаттығулар кіші топта 3 - 4 рет, үлкен топта 5 - 6 рет қайталанады. Ұзақтығы кіші топта 5 - 6 минут, үлкен топта 8 - 10 минутқа созылады.
Ертеңгілік жаттығудың ерекшелігі балаларды дұрыс қимылдауға үйрету. Ұйымдастырушылық және тәртіптендірушілік үлкен маңызы бар.
Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығулар
Түскі ұйқыдан кейін баланың сергіту гимнастикасы оның дене бітіміне жайлылық және психологиялық жағымды әсер береді. Ұйқыдан ояну кезі келгенде ақырын ырғақты әуен қоямыз да баланың оянуына мүмкіндік береміз. Түскі ұйқыдан әр бала жеке оятылады. Тәрбиеші балаларды көтеріңкі көңіл күймен оятады. Өйткені ұйқыдан оянған баланың бірінші көретіні - ол күлімдеген жылы жүзді адам. Ұйқыдан ояту шараларын баланың жас ерекшеліктеріне, жеке бас ерекшелігіне сай 5 минуттан 15 минутқа дейін жүргізіледі.
Бойымызды жазайық
Қолымызды созайық
Жаттығуды жасайық
Ұйқымызды ашайық - деген сияқты тақпақтармен жаттығуды бастап жасатамыз.
1."Құстар оянды " Б. қ аяқ сәл алшақ қойып, қолды жан - жаққа созып бұлғау -"құстар қанатын қағып жатыр"
2."Құстар достарын шақырып жатыр" Б. қ. тұрып қол белде аяқ сәл алшақ. оң жаққа, сол жаққа бұрылу, "шиқ - шиқ" деп айту
3. "Құстар жем шоқып жатыр"Б. қ тұрып аяқ сәл алшақ, қол төменде. Отыру, саусақпен еденді соғу, бастапқы қалыпқа келу.
Сергіту жаттығулары аяқталғаннан кейін үлкен топтарда төсек орындарын жинап, мәдени гигиеналық талаптар (жуыну, ауыз қуысын шаю) орындалады.
Денешынықтыру сабақтары - балаларға дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. Сабақтың міндеті балаларға дұрыс қимыл - қозғалыс үйрету мен дене қасиетін тәрбиелеу болып табылады. Денешынықтыру сабағының ұзақтығы 20 - 25 минуттан аптасына 2 рет өткізіледі. Сабаққа балалардың киімдері, аяқ киімдері сай болуы тиіс. Денешынықтыруды өткізген кезде балалардың құлап жарақат алмауын көп қадағалау қажет. Негізгі қимыл - қозғалысты дамытуға арналған жаттығулар: Жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, еңбектеу, өрмелеу, тепе - теңдік сақтау, саптағы жаттығулар, музыкалық ырғақтық жаттығулар, аяққа арналған жаттығулар, кеудеге арналған жаттығулар, спорттық жаттығулар. Жалпы дамыту жаттығуларын топпен бір мезетте орындатқан тиімді. Осы кезде қимыл қозғалысты үйренуге барлық бала бірдей қатысып, бір - біріне қарап, қызығушылығы артады. Қимыл қозғалысты үйретудің негізгі әдістері. (Көрсету, түсіндіру, жаттығуды баламен бірге орындау). Бұл әдістерді қолдану барысы әр түрлі. Денешынықтыру барысындағы қимыл - қозғалыс элементтерін орындаудың негізгі шарты оларды бірнеше рет қайталау және бірте - бірте жетілдіру. Сабақ өзінің құрылымы бойынша 3 бөлімнен тұрады - кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер. Кіріспе бөлімнің ұзақтығы 3 - 5 минут, негізгі бөлімнің ұзақтығы 15 минутқа созылады, қорытынды бөлімнің ұзақтығы 3 - 5 минут. Дене жаттығулары жүрек соғысының жиілігі орта есеппен 140 - 150 реттік деңгей мөлшерінде болғанда ғана оңды нәтиже береді. Сабақ аяқталған кезде 3 - 4 минут ішінде жүрек соғысы өзінің бұрынғы қалпына келеді. Сабақта денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін деп есептелген дене жаттығулары қолданылмайды. Атап айтқанда басқа қысым түсіру; қолды алға немесе жанға соза құлау; дененің соққы алуы; бастың кез - келген тұсынан ұру т. б.
Дене шынықтыру сабағы қызықты, оңды эмоциялар тудыратын жағдайда ғана жақсы нәтиже береді.
Денешынықтыруды ұйымдастыру
- гульмира магнурова
- 9 қаңтар 2023
- 740
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дене шынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, таңғы жаттығу жасау
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлттық ойындар
Дайындық бөлім – 10 м. Оқушыларды бойларына қарай бір қатар сап түзеп тұрғызу. Кезекшінің рапорты. «Бұрылу» бұйрық жаттығуларын қайталау. Бір орында...Ертеңгілік жаттығулар
«Ертеңгілік жаттығудың бала өміріндегі орны» Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс...Гимнастика. Акробатикалық жаттығуларды үйрену
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л. Қылышев атындағы Шилі орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Жандавлетов...Бастауыш сыныптарға "Доппен спорттық ойындар"
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш сыныптарға «Доппен спорттық ойындар»...«Гимнастикалық жаттығулар» , “Акробатикалық жаттығулар”
Аты – жөні: Бекбауов Нұрбек Сембайұлы Мамандығы: Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Жұмыс орны: Қызылқоға ауданы № 9 орта мектеп Санаты: ІІ Сабақтың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.