Сабақ тақырыбы: «Биологиялық сайыс»
Көңілді тапқыштар, білімділер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сабақта алған білімдерін пысықтау оқушыларға биология ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы өздігінен ізденуге, топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа баулу. Оқушылардың танымдық қызметтерін арттырып, пәнге қызығуына ықпал ету.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, танымдық көзқарастарын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты аялауға, қорғауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Сабақ әдісі: сайыс, суретпен жұмыс ойын, сұрақ - жауап, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: интереактивті тақта, қаңқа, жүрек, кіші және үлкен қанайналым шеңберлерінің суреттері
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу.
б) түгендеу.
Сыныпты 2 топқа бөліп топтың атын, мақсатын таныстыру.
ІІ. Сайыс барысы:
І. “Таныстыру”
ІІ. “Менен сұрақ – сізден жауап”
ІІІ. “Ойлан тап”
ІV. “Сен бізді білесің бе?”
V. “Терминдер кабинеті”
VI. “Суреттер жырлайды”
VII. Қорытынды
Түседі бүгін білім жарысына,
Жеңсеңдер қол соғамыз табысына
Талапкердің талабы таудай екен,
Аямас тиіп кетсең намысына – дей келе, сайыскерлерімізді қошеметтеп қояйық. Сайысқа
төрелік етер қазылар алқасы сайланады.
Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды -
І. «Таныстыру» екі топ өздерін таныстырып өтеді.
ІІ. “Менен сұрақ – сізден жауап”
Организмнің ішкі ортасы неден түзілген?
Ұлпа сұйықтығы дегеніміз не?
Қан неден тұрады?
Қан қандай қызмет атқарады?
Жүрек жұмысы неше кезеңнен тұрады?
Жүрек салмағы қанша?
Қан беруші адам?
Қанды және оның құрамын, қызметін зерттейтін ғылым?
Қанның ұйымайтын, тұқым қуалайтын ауру?
Жүрек алмастыру операциясын ашқан ғалым? Ересек адамның жүрегі минутына қанша рет соғады?
Жүректің жұмысын зерттейтін ғылым?
Адам жүрегі неше қуысты?
Ең үлкен тамыр?
Гипертония және гипотония дегеніміз не?
Қан қандай ұлпадан тұрады?
ІІІ. “Ойлан тап”
1. Тарам – тарам бір ғалам,
Айқыш – ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бар адам
(........)
2. Жанды мотор сынбайды,
Күні – түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін,
Дәрігерлер тыңдайды
(.....)
IV.«Сен бізді білесің бе?»
V. “Терминдер” кабинеті
VI. “Суреттер жырлайды”
VII. Қорытынды
Екі топқа алғысымызды білдіреміз сайысқа қатысып өз білімдерін ортаға салып, шындай түсті. Енді кезекті әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
Целиноград ауданы, Шалқар орта мектебі
Сыныптан тыс жұмыс “Биологиялық” сайыс
Пән мұғалімі: Кобегенова С. К.
Биологиялық сайыс
- tompi0809
- 28 наурыз 2017
- 4180
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Биологиялық сайыс, жарыс сабақ биологиядан
Ұқсас жаңалықтар:
Қанның ұюы. Тромбоциттер
Қан құрамы, оның формалы элементтерінің маңызы туралы білімдерін толықтыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу....Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы
Сабақтың мақсаты: 1. Организмнің ішкі ортасы және оның маңызымен таныстыру. 2. Оқушылардың организмнің ішкі ортасы саласы бойынша білімдерін толықтыру...Білімді бестік сайысы
Солтүстік Қазақстан облысы Қазақ мектеп - гимназиясының биология пәнінің мұғалімі: Оспанова Асемгуль Ерсаиновна...Алғыр достар
Тақырыбы: «Алғыр достар» сайысы...Жер ортақ үйіміз
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп Биология пәнінің мұғалімі Турысбекова Гульмира...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.