Сайтқа кіру Тіркелу

Жапырақтың құрылысы, ерекшеліктері, түрлері

Жапырақтың құрылысы, ерекшеліктері, түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға жапырақтың ішкі құрылысы. ерекшеліктері, жапырақ қызметі туралы түсінік беру;
Тәрбиелілігі: Жапырақ өсімдік тіршілігіндегі, табиғаттағы маңызын жапырақтың күтімін зерттеп, талдау арқылы оқушыларды ізденімпаздыққа еңбексүйгіштікке, өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымын дамыту
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың типі:
Сабақтың көрнекілігі: бағалау парағы, бейне слайдтар,
Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру. 2. Үй тапсырмасын тексеру
І. Танысу кабинеті
«Фотосинтез» тобы: Өсімдік жапырағы
Жапырақ - өсімдіктің маңызды өсу мүшесі. Өйткені фотосинтез, газалмасу, булану үдерістері жапырақта өтеді. Оған қоса жапырақта органикалық заттар қоға жинақталады және өсімді көбеюге қатысады.
Бір ғана тақтасы бар жапырақты жай жапырақ дейді. Мысалы: терек, қараған, қайың жөке ағаштары
Бір сағақта екі не одан да көп жапырақтар орналасатын болса, оны күрделі жапырақ дейді.
Жапырақтарының орналасуына қарай күрделі жапырақтар үшке бөлінеді:
1. үш құлақты күрделі жапырақ сағағында үш жапырақша болады, мысалы: бедеде, сояда
2. саусақ салалы күрделі жапырақта 5 - 7 және одан да көп жапырақшалар саусаққа ұқсап бір жерден таралып өседі, аттас, талшын, бөрібұршақ, қарасора.
3. Қауырсын тәрізді күрделі жапырақшалар негізгі сағақты бойлай екі жағына бірдей құс қауырсыны тәрізді орналасады. Жапырақшалар саны жұп болса жұп қауырсынды, жапырақшалар саны тақ болса тақ қауырсынды күрделі жапырақ дейді.
Жапырақ тақтасының жиектеріне байланысты:
1. бүтін жиекті (терек, жүгері, қияқ)
2. үшкіртіс жиекті (қозықұлақ жапырағы 3. аратіс жиекті (қалақай)
4. дөңес жиекті (жалбыз) 5. айыс жиекті (өгейшөп) болады.
Жапырақтың жүйеленуі. Жүйелену деп өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасында орналасуын айтады.
Жүйелену қызметі:
- жүйелері арқылы жапырақ қабаттарына су мен онда еріген минералды тұздар жеткізіледі.
- түзілген органикалық заттар басқа мүшелерге таралады.
- жапыраққа берік қасиет береді.
Жүйелену бірнеше топтарға бөлінеді:
1. қауырсын тәрізді торлы жүйелену
2. параллель жүйелену
3. саусақ салалы толы жүйелену
4. қауырсын тәрізді

«Крахмал» тобы: Жапырақтың сыртқы құрылысы
Жапырақ тақтадан және сағақтан тұрады. Сағағы болмайтын жапырақты сағақсыз жапырақ дейді. Сағағы жапырақты жұлып түсуден сақтап, берік қызмет атқарады. Сондықтан сағақ арқылы қоректік заттар жапырақ тақтасына өтеді.
Асбұршақ, итмұрын, баушан, беде, қараған тбі өсімдіктердің жапырақ сағағының түбірде орналасқан пішіні әр түрлі майда жапырақтарды бөбешік жапырақтар дейді. Ол жапырақ тақтасынан бұрынырақ өсіп, бүршікті зақымданудан қорғайды. Бүршік ашылған соң қурап қалады.
Жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орты түтік тәрізді жиналады мұны қынап дейді. Жапырақ тақтасы өсімдік түріне қарай әр түрлі: бүйрек, жебе, ромб, жүрек тәрізді болады. Жапырақтардың сабақта орналасуында белгілі бір заңдылық бар. Бұрын шыққан жапырақтары кейінгілеріне көлеңке түсірмейтіндей ретпен бекінеді. Сондықтан жапырақ тақталары қанша көлемді болғанымен бәрі күн жарығымен қамтамассыз етіледі.
Бекінудің үш түрі бар: кезектесе, қарама - қарсы және топтана орналасу
1. Сабақтың әр буынында бір жапырақ қана болған жағдайда оны кезектесіп орналасу дейді
2. Қарама – қарсы орналасу - сабақтың әр буынында екі жапырақтың бір - біріне қарама - қарсы бекінуі. (үйіңкі, гүлшетен, қалампыр, жалбыз)
3. Әр буында үш немесе одан көп жапырақтан болса, оны топтама орналасу дейді (сарағаш, қызылбояу, тал гүл, қарға көз)

ІІ. Терминдер кабинеті

Жүйелену деп өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасында орналасуын айтады.
Сағағы болмайтын жапырақты сағақсыз жапырақ дейді
Хлоропласт – фотосинтез процесіне қатысатын, өсімдікке жасыл түс беретін, хлорофилл пигменттері бар пластид түрі
Саңылау жапырақта жарты ай тәрізді тұйықтаушы жасушаларды жанасқан жерінде орналасады.
Фотосинтез күннің жарық энергиясының қатысуымен болатын құбылыс
Крахмал хлорофилл дәндерінде пайда болады. Фотосинтез кезінде жарықта бейорганикалық заттардан күрделі органикалық зат – крахмал түзіледі.

ІІІ. Нақты сандар кабиеті

Тамырлар жүйесінің құрамына неше тамыр кіреді және қандай? (3 – негізгі, жанама, қосалқы)
Жүйелену неше топқа бөлінеді және қандай? ( 3 - тор, қатар, доға)
Күрделі жапырақта неше жапырақ болады (2)
Органикалық заттар неше жылдық өсімдіктерде жинақталады (2)
Жай жапырақта неше алақан тақтасы болады. (1)
Орамжапырақтағы 1 см 3 саңылау саны (1000000)

Сайыс сабақ
1 - кезең “Сұраққа жауап беру ”
«Фотосинтез» тобы: Жапырақтың ішкі құрылысы.
Жапырақтың көлденең кесіндісінен жапырақтың екі беті мөлдір, түссіз үстіңгі және астыңғы өңмен (жабын ұлпа) қапталғанын көруге болады. Өң жасушалары тірі, бір - бірімен тығыз жанасып жатады. Астыңғы өңінде жанаспалы жасушалар орналасады. Өң жасушаларында хлорофилл болмайды, сондықтан түссіз. Күн сәулесін өткізеді және қорғаныш қызметін атқарады. Тұйықтаушы жасушалар – жарты ай немесе бүйрек пішінді бір – бірімен жанасқан екі жасуша. Жанасқан жерінде саңылауы бар. Бұл саңылау бірде ашылып бірде жабылады. Саңылау арқылы жапыраққа ауа енеді. Атмосфераға су буы, оттегі және көмірқышқыл газы шығарылап тұрады. Тұйықтаушы жасушада болатын хлорофилл дәндерінде күн сәулесінен қант (орг зат) түзіледі. Сол кезде қысым артып күндіз саңылау ашылады, түнде қант мөлшерінің азаюы қысымды төмендетіп, саңылау жабылады. Егер күндіз күн өте ыстық желді болса, ылғалды сақтау үшін саңылау жабылып тұрады. Саңылау күзде күндіз де түнде де жабық болады.
Өңнің астында қалың, жұмсақ ортаңғы қабаты (негізгі ұлпа) көрінеді. Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөліміндегі жасушалар пішіміне қарай бағаналы және борпалдақ деп екіге бөлінеді. Бағаналы жасушалар жарық мол түсетін үстіңгі өңнің астына жанаса жатады. Бағана тәрізді ұзын бір - біріне тығыз орналасқандықтан осылай аталады. Жасушалар тығыз орналаспай арасында кеңістіктері болса, борпылдақ жасушалар деп аталады. Жапырақ жүйкелері де осы қабатта орналасады, ал су мен минералды заттар жапыраққа жүйке арқылы өтеді. Ортаңғы қабат жасушаларындағы хлоропластарда фотоситез үрдісі жүзеге асады.

«Крахмал» тобы: Фотосинтез құбылысы

Фотосинтезді зерттеу барысындағы ең басты мәселелердің бірі — осы процестің өсімдіктердің жасыл жапырақтарында жүзеге асуы құбылысын ашу. Бұл сұраққа нақты жауап берген неміс ғалымы Т. В. Энгельман болды. Ол фотосинтез процесінің хлоропластарда жүретінін дәлелдеу үшін жасушаның әр түрлі бөліктерін кішкене сәуле шоқтарымен жарықтандыруға болатын микроскоп құрастырды. Жасушаның жеке бөліктерін жарықтандыра отырып, оның қай бөлігінің фотосинтезге қабілетті екенін зерттеді. Сөйтіп, ол жасушаның қай бөлігі фотосинтез процесі үшін жарық қабылдағышы бола алатынын дәлелдеді. Фотосинтездік белсенділікке талдау жасау үшін ол тек анаэробты жағдайды ғана талдап алды. Ол үшін қозғала алатын және оттектің концентрациясы жоғары болатын аймақ бағытына қарай жылжитын бактерияларды қолданды. Сонда Т. В. Энгельман бактериялардың жасушаның жарық түскен хлоропластарына жылжитынын басқа жарық түскен органоидтеріне жылжымайтынын байқаған. Бұдан Энгельман: "Хлоропластар жасушалары оттек орталығы болып табылады және фотосинтез процесі нәтижесінде оттек бөлінеді" деген тұжырым жасаған. Сонымен фотосинтез процесі кезіндегі жарықтың сіңірілуі мен оттектің бөлінуі тек хлоропластарда жүретіні анықталды.

2 - кезең “Тікелей сұрақтар”
«Фотосинтез» тобы:
1. Ұлпаны зерттейтін ғылым? Гистология
2. Қай ұлпада органикалық заттар қорға жинақталады? Қор жинаушы
3. тамырдың ең ұшы қалай аталады? Тамыр оймақшасы
4. Негізгі тамырдан таралатын тамыр? Жанама тамыр
5. Негізгі сағақта бірнеше алақандар орналасса Күрделі жапырақ
6. Бидай, жүгері, алоэ жапырақтарында болмайды? Сағақ
7. Жапырақ алақанында өткізгіш шоқтардың орналасу тәртібін не деп атайды? Жүйелену
8. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін арттыратын жапырақ: тікенді
9. Әр буында үш немесе одан да көп жапырақтардың орналасуы Топталып
10. Фотосинтез құбылысы қай қабатта жүреді? Ортаңғы қабат

«Крахмал» тобы:
1. Жасушаны зерттейтін ғылым? Цитология
2. Өсімдікті кеуіп кетуден сақтайтын ұлпа? Жабын ұлпа
3. Тамыр түтікшелері бар аймақ Сору аймағы
4. Әр түрлі мүшелерден өсіп шығатын тамыр Қосалқы тамыр
5. Сабақтың ең сыртқы қабаты Қабық
6. Жапырақ қолтығына орналасқан бүршік: жанама
7. Қылқанды (ине тәрізді) жапырақты өсімдіктер: шырша
8. Бір ғана тақтасы бар жапырақ: жай жапырақ
9. Жүйкелердің жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылуы:
параллель жүйкелену
10. Крахмал қоры көп болатын өсімдік: картоп

3 - кезең “Сен білесің бе?”
«Фотосинтез» тобы:
1. Жапырақтың ортаңғы бөлігіндегі жасушалар пішініне қарай екіге бөлінеді? Бағаналы және борпылдақ
2. Өң жасушаларында не болмайды? Хлорофилл
3. Неліктен саңылау түнде жабылады? Қанттың мөлшерінің азаюынан қысым төмендеп саңылау жабық болады.
4. Жапырақ тақтасының жиектеріне байланысты беске бөлінеді?
Бүтін, үшкіртіс, аратіс, дөңес, айыс жиекті
5. Жапырақ алақанының пішіндеріне қарай нешеге бөлінеді? Қылқанды, Ромб, жебе, бүйрек, жүрек
«Крахмал» тобы:
1. Фотосинтез қай қабаттың жасушаларындағы хлорпласттарда жүзеге асады? Ортаңғы
2. Саңылаудың қызметі? Су буы, оттегі, көмірқышқыл газын шығарады
3. Жапырақтың сағаққа бекінуі Кезектесе, қарама - қарсы, топтана
4. Жүйелену неше топқа бөлінеді және қандай? ( 3 - тор, қатар, доға)

5. Бір сағақта екі және одан көп жапырақ орналасуы Күрделі жапырақ
• 4 - кезең “Қызықты биология”
«Фотосинтез» тобы:
«Крахмал» тобы:

• 5 - кезең “Сөзжұмбақ” шешу

№172 орта мектеп
Пән мұғалімі: Г. Нағашыбаева

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жапырақ – өркеннің бүйірлік және жанама мүшесі

Жапырақ – өркеннің бүйірлік және жанама мүшесі

Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы терең ойлауын, қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, өздігімен зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін...
Жапырақтың ішкі құрылысы

Жапырақтың ішкі құрылысы

Жапырақ тақтадан, сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейтілген бөлімі – тақтасы, сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі сағағы деп аталады. Сағағы болмайтын...
Жапырақ

Жапырақ

Мақсаты: Білімділігі Жапырақтың атқаратын қызметі, құрылысы және түрлері туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау және танымдық...
Жапырақ

Жапырақ

Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушыларға жапырақ құрылысы, түрлері, жүйкеленуі, пішіні, өсуімен таныстыра отырып, жай және күрделі жапырақтардың...
Жапырақ

Жапырақ

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Х. Наубетов атындағы орта мектептің Пән мұғалімі: Темирбаева Г....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×