Сайтқа кіру Тіркелу

Организмнің біртұтас екендігі. Өзгергіш жағдайларға организмінің бейімделу деңгейлері (күнделікті сабақ жоспары)

21. Организмнің біртұтас екендігі. Өзгергіш жағдайларға организмінің бейімделу деңгейлері. Өзіндік реттелу. Организмінің бастапқы даму кезеңдеріне сыртқы орта жағдайларының әсері. Биологиялық сағат. Анабиоз.
22. Генетиканың қысқаша даму тарихы. Белгілердің Г. М. Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. Тұқымқуалаушылықты зерттеудің гибридологиялық әдісі. Моногибридтік шағылыстыру. Бірінші ұрпақтың біркелкілігі.
23. Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы. Ажырау заңы. Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар.
24. Генотип және фенотип. Аллельді гендер. Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы. Жыныс генетикасы.
25. Сандық және сапалық белгілердің тұқым қуалауына орта жағдайларының әсері

Биология 9 сынып
Сабақтың тақырыбы:§21 Организмнің біртұтас екендігі. Өзгергіш жағдайларға организмінің бейімделу деңгейлері. Өзіндік реттелу. Организмінің бастапқы даму кезеңдеріне сыртқы орта жағдайларының әсері. Биологиялық сағат. Анабиоз.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға биологиялық сағат, анабиоз туралы білім беру
2. Дамытушылық: Оқушыларды жұптасып, топтасып жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылар бір – бірін сыйлауға, өз ойларын ашық айтуға
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Иллюстративтік - репродуктивті топтық, тірек сызбамен жұмыс. Үлестірме тапсырмалар.
Көрнекілігі: Ч. Дарвин портреті, тірек - сызбалар, оқушыға көмекші материалдар топтамасы.

І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
1. Онтогенез қандай екі ірі кезеңге бөлінеді?
2. Оған қандай оқиға шектеу жасайды?
3. Ұрық дамуындағы қандай үш сатысы бар?
4. Олардың әрқайсысына не тән?
5. Метаморфоз деген не?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
Онтогонез[1](грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э. Геккель ұсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың әрбір жасушасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай - ақ, ұрықтың әр түрлі жасушалары мен жасуша кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол.

Жануарларда Онтогенез процесін реттеуде жүйке және эндокрин жүйелері маңызды рөл атқарады. Олардың Онтогенезінде мынадай кезеңдер бар: ұрыққа дейінгі кезең (ол гаметогенез бен ұрықтанудан тұрады); эмбрионалдық кезең – жануарлар организмінің ұрықтанғаннан бастап (зигота), ұрықтың туғанға немесе жұмыртқадан шыққанға дейінгі даму, өсу, қалыптасу мерзімі; постэмбрионалдық кезең – жануарлардың туғаннан кейінгі өсу, есею, ұрпақ қалдыру, қартаю сатыларынан тұрады. Жануарлар Онтогенезінің: дернәсілдік, жұмыртқа салу және құрсақтық типтері бар.

Жоғары сатылы өсімдіктердің Онтогенезі төрт сатыдан тұрады: эмбрионалдық, ювенилдік, толықсып көбею және қартайып, тіршілігін тоқтату. Онтогенез барысында өсімдік жасушаларының, ұлпалары мен органдарының құрылымдық және функционалдық жетілуі жүріп, әр түрлі бөліктерінің арасындағы байланыстар күрделілене түсіп, өсімдік организмі біртұтас жүйе ретінде қалпына келмейтін өзгерістерге ұшырайды. Онтогенез сатыларының ретімен жүруін фитогормондар және өсімдік органдарының арасында толассыз жүріп жататын метаболиттер алмасу механизмі қамтамасыз етеді.

ІҮ. Бекіту сұрақтары
1. Ұрықтың дамуына қандай факторлар әсер ете алады
2. Мезодермадан қандай мүшелер түзіледі?
3. Эндодермадан қандай мүшелер түзіледі?
Терминдердің мағынасын аш
Бластула, бластомер, гаструла, нейрула

V. Үй тапсырмасы: Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.
VІ. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Толық нұсқасын қарау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×