Сайтқа кіру Тіркелу

Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар (күнделікті сабақ жоспары)

36. Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар.
37. Асқорытудың маңызы. Асқорыту жүйесі
38. Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі. Тістің күтімі. Сілекейдің маңызы.
39. Астың асқазанда қорытылуы. Асқазан сөлі ферменттерінің нәруыздарға әсері. Ұйқыбез сөлі мен бауырдан бөлінетін өттің әрекетінен астың ұлтабарда қорытылуы.
40. Ішек сөлінің асқа әсері. Астың қорытылуы және сіңірілуі.

биология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: §43. Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға тағамның құрамын, қызметін түсіндіру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, дүниетанымдық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі - көрнекілік, сұрақ - жауап, нұсқаушы ойға түсіруші.
Сабақтың көрнекілігі: асқорыту мүшелері слайд.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Тест
І вариант
1. Тыныс алу орталығы:
А) Өкпе ә) Сопақша ми б) Мишық в) Өкпе көпіршіктері
2. Тыныс алу қозғалысына не әсер етеді.
А) Сана. Ә) СО2 қандағы мөлшері. Б) Өсімді Ж. Ж. В) Орталық Ж. Ж
3. Тыныс алуға қатынасатын бұлшық еттер
А) Көкет Ә) Арқа бұлшықеті. Б) Қабырға аралық бұлшықет В) Құрсақ бұлшық еті
4. Сөйлемді аяқта.
Тыныс алу жүйесі эволюциялық дамуда қан айналым жүйесімен және __________________________________________________ байланысты.
5. Оттегінің өкпе көпіршіктерінен қылтамырға өту себебі ______________ байланысты.
6. Оттегін _______________________ сіңіреді.
7. Дұрыс па: О2 мен СО2 газ күйінде болады.
А( иә Б) жоқ.
8. Тыныс алуда өсімдіктердің маңызы О2 бөлінуде
А) иә Б) жоқ.
9. (1 - 15) дұрыс анықтамасын тап.
1. Өкпе а) Тыныс алу жолының алғашқы қабаты
2. Көмей ә) Өкпедегі және қандағы газ алмасу орны
3. Мұрын қуысы б) Өкпенің сыртын қаптайды
4. Сілемейлі қабықша в) Тыныс алу жолының басталуы
5. Плевра г) Дыбыс сіңірлері орналасады.
10. Тыныс алу жолын ретімен орналастыр.
1. Кеңсірік
2. Кеңірдек
3. Бронхылар
4. Өкпе
5. Мұрын қуысы
6. Көмей
7. Өкпе көпіршіктер

ІІ вариант
1. Тыныс алудың ағза үшін маңызы.
а/ суыту ә/ СО2 шығару б/ энергия бөлу, г/ АТФ түзу
2. Оксигемоглобин өкпеден жасушаларға қарай --------------------- жылжиды.
3. Ауатамырдың маңызы ауаны еркін өткіздіруінде а/ иә, б/ жоқ.
4. Өкпе көпіршіктері безді эпителийден тұрады. а/ иә, б/ жоқ
5. Оң өкпенің бөлігі: а/ 2, ә/ 3, б/ 4, в/ 1.
6. Тыныс алудағы салатамырдың маңызы ------------------------------ байланысты.
7. / 1 - 5/ дұрыс анықтамасын тап.
1/ Ауатамыр а/ Асты кеңірдекке жібермейді
2/ Көмей қақпашығы ә/ Тыныс алудың ең ұзақ жолы
3/ Өкпе көпіршіктері б/ Өкпе көпіршектеріне жалғасады
4/ Шеміршекті жарты сақиналар в/ Бронхиолаларды қабыстырмайды
5/ Бронхиолалар г/ Өкпедегі газ алмасу орны.
8. Тыныс алу этаптарын ретімен жаз:
1/ Газ алмау а/
2/ Тыныс алу б/
3/ Ұлпадағы газ алмасу в/
4/ Қан мен газдың тасымалдануы г/
9. Ересек адамның өкпесінің салмағы:
а/ 500 г ә/ 1 000 г б/ 90 г в/ 200 г
10. Сіріқауыз қай ұлпадан тұрады?
а/ бұлшықет ә/ жүйке б/ жалпақ эпителий в/ дәнекер

ІІІ Жаңа сабақ:
Тағамның маңызы.
Қоректену - барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас адамның арқауы», «асты көрсең қадір тұт» деген сөздер тағамның қасиетін айқындап тұр. Ағзаға қажетті тағамдық заттар күнделікті пайдаланатын тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгірістерге ұшырап, денеге сіңіріледі. Онда тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы ағзалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағам ағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы. Қазіргі кезде жер бетіндегі адамзатты тамақпен қамтамасыз ету – өзекті мәселелердің бірі. XX ғасырдың соңында дүние жүзінде бір миллиардтан астам адам ашаршылықты бастан кешіріп жатқаны белгілі болып отыр. Сондықтан да адам баласын ашаршылықтан құтқару - БҰҰ - ның негізгі мәселелерінің бірі.
Тағамның құрамы. Адам өсімдіктекті және жануартекті тағамды пайдаланады. Адамның күнделікті пайдаланатын тағамының құрамында күрделі ағзалық заттар (нәруыздар, майлар және көмірсулар) бар. Бұл заттар сол қалпында жасуша жарғақшасы арқылы өте алмайды. Жасуша жарғақшасы арқылы өту үшін қарапайым заттарға ыдырау керек. Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан арқылы ұлпалар мен жасушаларға жеткізіледі. Тағам құрамындағы минералдық заттар (тұздар), витаминдер және су ағзаға тікелей сіңіріледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Толық нұсқасын қарау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу жолдары. Тағам ...

Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу жолдары. Тағам ...

Гастроэнтерология[грек. gastr (gastrs) — асқазан, қарын, nteron — ішек және lgos — ілім] — адамның асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі, аурулары...
Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі

Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі

Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250 - 300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер...
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Мақсаты: ас қорыту жүйесінің құрылысы, тістің құрылысы және оның ас қорытудағы маңызы, ауыз қуысының гигиенасы туралы білім беру....
Тағамның құрамы мен маңызы

Тағамның құрамы мен маңызы

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: оқушыларға тағамның маңызын, құрамы мен қызметі және тамақтанудың гигиенасы жайында білім беру. 2. Тәрбиелігі:...
АС ҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

АС ҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Қарағанды қаласы, №6 ЖББОМ биология пәні мұғалімі Бекбауова А. Т....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×