Сайтқа кіру Тіркелу

Жасушалардың бөлінуі, олардың өсуі мен дамуы, мамандануы (биологиядан күнделікті сабақ жоспарлары)

6. Жасушалардың бөлінуі, олардың өсуі мен дамуы, мамандануы. Тітіркенгіштік және қозғыштық қасиеттер.
7. Адамның негізгі ұлпалары
8. Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері
9. Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе.
10. Қалқанша без, оның гормондарының қызметі.


Сабақтың тақырыбы: §8. Жасушалардың бөлінуі, олардың өсуі мен дамуы, мамандануы. Тітіркенгіштік және қозғыштық қасиеттер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды жасушалармен және оның түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, дүниетанымдық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, сұрақ, жауап
Сабақтың көрнекілігі: жасуша түрі.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Жасуша дегеніміз не?
2. Ол нешеге бөлінеді?

ІІІ Жаңа сабақ.
Тітіркенгіштік - тірі жүйелердің сыртқы және ішкі әсерге (өзгерістерге) жауап қайтара алу қасиеті. Адам ағзасындағы тітіркенгіштік көбінесе жүйке, бұлшықет және безді ұлпалардың қасиеттеріне байланысты болады. Бұлар жүйке серпілісі, бұлшықет жиырылуы немесе заттар секрециясы (сілекей, гормондар, т. б.) түріндегі әрекетке жауап қайтару арқылы жүзеге асады. Жүйке жүйесі жоқ тірі ағзаларда тітіркенгіштік қозғалыс кезінде көрініс береді. Мәселен, амебалар немесе домаланғылар (вольвокс) концентрациясы жоғары тұзды қолайсыз ерітіндіден кетіп қалады. Ал өсімдіктер жарықты молырақ сіңіру үшін өркенінің қалпын өзгертеді (жарыққа ұмтылады). Қозғыштық - тірі жүйелердің тітіркенгіш әрекетке жауап қайтара алу қасиеті. Ал қозу - тітіркендіру және қозғыштық әсерінен пайда болатын нақтылы қайтарылған жауап. Жүйке, бұлшықет және безді ұлпалар - қозатын ұлпалар, ал сүйек ұлпасы қозбайды. Сүйек жасушалары жарғақша зарядының өзгеру әсеріне, дереу болған синтезге және заттардың бөлініп шығуына немесе жиырылуға жауап қайтармайды. Тітіркендіргіштік пен қозғыштықтың қисынды аяқталуының бірі - кеңістіктегі қимыл (қозғалыс).
Қозғалыс (қимыл) - орын ауыстыра алу қасиеті. Бұл да тірі нәрсеге ортақ қасиет, дегенмен бір қарағанда бекініп орныққан ағзалар қозғала алмайтын тәрізді болып көрінеді. Кез келген тірі ядролы (эукариотты) жасушада цитоплазма қозғалыста болады. Тіпті бекініп орныққан жануарлар әдетте аздап қозғалыс жасайды. Өсімдіктерге «өсу» қимылы тән қасиет, ол жасушалар саны мен мөлшерінің ұлғаюы есебінен жүзеге асады.
Көбею - тірі ағзаларға ортақ қасиет, ол тіршіліктің ұрпақтар қатарында, яғни тарихи ұласуын қамтамасыз етеді. Бұл өзін - өзі көшірмелеудің қарапайым ғана қасиеті емес. Көбею барысында бастапқы аналық (ататек) ағзаның қасиеттері мен белгілері сақталады. Сонымен бірге өзгергіштік те пайда болады. Көпжасушалы ағзада жасушалар өсу негізінде көбейеді. Біржасушалылар зат алмасу, сондай - ақ цитоплазмалар көлемі мен органоидтар санын арттыру есебінен өседі.
Даму - жаратылым (организация) деңгейінің барлығына тән қасиет. Тірі жүйелер - молекулалық және жасушалық жүйеден биосфераға дейін ғаламшарымыздағы ағзаларды біртұтас алғанда - өз кезінде өзгере, дами және әбден жетіле алады. Бұл өзгерістер белгілі заңдылық сипатта болады. Өлі жүйелер де дамиды. Мысалы, тау жүйелері түзіледі, өседі, «ескіреді», бүлінеді. Тек тірі нәрсе ғана жаратылым деңгейін арттырып, дами алады. Мұны жасушалы деңгейден де бақылап отыруға болады.
IV Қорытынды. Қорыта айтқанда, Тітіркенгіштік - тірі жүйелердің сыртқы және ішкі әсерге (өзгерістерге) жауап қайтара алу қасиеті. Адам ағзасындағы тітіркенгіштік көбінесе жүйке, бұлшықет және безді ұлпалардың қасиеттеріне байланысты болады. Бұлар жүйке серпілісі, бұлшықет жиырылуы немесе заттар секрециясы (сілекей, гормондар, т. б.) түріндегі әрекетке жауап қайтару арқылы жүзеге асады. Қозғыштық - тірі жүйелердің тітіркенгіш әрекетке жауап қайтара алу қасиеті. Ал қозу - тітіркендіру және қозғыштық әсерінен пайда болатын нақтылы қайтарылған жауап. Жүйке, бұлшықет және безді ұлпалар - қозатын ұлпалар, ал сүйек ұлпасы қозбайды. Сүйек жасушалары жарғақша зарядының өзгеру әсеріне, дереу болған синтезге және заттардың бөлініп шығуына немесе жиырылуға жауап қайтармайды.
V Бекіту сұрақтары:
1. Тітіркенгіштік қасиет дегеніміз не?
2. Қозғыштық қасиет дегеніміз не?
VIІ Үйге тапсырма. §8 Жасушалардың бөлінуі, олардың өсуі мен дамуы, мамандануы. Тітіркенгіштік және қозғыштық қасиеттер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Толық нұсқасын қарау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар (күнделікті саба ...

Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар (күнделікті саба ...

Қоректену - барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас...
Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі (күнделікті сабақ жоспар ...

Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі (күнделікті сабақ жоспар ...

Рефлекс — сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап қайтару реакциясы. Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке...
Биология пәнінен 9 сыныпқа арналған тақырыптық тест жинағы

Биология пәнінен 9 сыныпқа арналған тақырыптық тест жинағы

Жасуша. Жасушаның химиялық құрамы. 1. Жасушаның айналадағы құбылысқа жауабы: А) қозғалу В) өсу С) көбею Д) тітіркенгіштік Е) бөліну 2. Зат алмасу...
Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі

Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі

1. Білімділік: Жасуша құрылысы мен атқаратын қызметі тарауын интерактивті тәсілдерді қолдана отырып, оқушыны шығармашылыққа баулу....
Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі

Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Таурбаева Гулназ Нурланқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×