Сайтқа кіру Тіркелу

Генетиканың даму тарихы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Генетика ғылымы, оның даму кезеңдері. Грегор Мендель және тағы басқада генетика ғылымының дамуына үлес қосқан шет ел және Қазақстан ғалымдарының тәжірибелерін түсіндіру.
Дамытушылық: Генетика туралы білімдерін дамыта отырып, есте сақтау қабілетін, теорияны практикада қолдана білу мен өз ойын қорыта айта білу біліктілігін, ойлау қабілеттілігін арттыру.
Тәрбиелік: Студенттерді белсенділікке, өз бетінше жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, түсіндірмелі, практикалық, тірек - сызбалармен
жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.
Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: Оқулық, тірек - сызбалар, слайдтар.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.
Топқа бөлу. Сабақтың барысымен таныстыру.
Бір жас бала данышпанға келіп айтыпты:
– Мен өз өміріме қуаныш қабылдаймын, бірақ қуанғым келмейді, неге екенін түсінбеймін.
Данышпан, ол жас жігіттің алдына қасық, кесе, шам қойып:
– Нені таңдайсың? - деп сұрапты.
– Қасықты – депті жас бала.
Данышпан:
– Оны бес рет қайтала,- депті. Жасөспірім бес рет қайталайды.
– Міне көрдің бе? Бір күнде миллион есе қайталасаң да ол орындалмайды.
– Онда не істеу керек?
– Оған қолыңды созып алу керек.
Сол үшін бүгінгі сабақта сендер өз білімдеріңді алып, практикада қолдануларыңды тілеймін.

Генетика - бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік - бір - бірімен қатар жүретін, бір жағынан, бір - біріне қарама - қарсы, өзара тығыз байланысты процестер. Генетика гр. "genesis"- шығу тегі деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді 1906 жылы ағылшын биологы У. Бэтсон ұсынды.
Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде Демокрит, Гиппократ, Платон және Аристотель еңбектерінде кездеседі. ХХІ ғасырдың 80 - жылдарында "пангенезис" теориясын неміс зоологы А. Вейсман өткір сынға алды. А. Вайсман "ұрық плазмасы" туралы болжам ұсынды. Бұл болжамында тек жыныс жасушаларында кездесетін, тұқым қуалайтын заттың болатындығын айтты.
Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына ХІХ ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар себепші болды. 1865 жылы чех ғалымы Г. Мендельдің "Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер" деген еңбегі жарық көрді. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырды. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады. Бірақ оның еңбегі 1865 жылдан бастап 35 жыл бойы көпшілік биологтерге, соның ішінде Ч. Дарвинге де белгісіз күйде қалды. Г. Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары тек 1900 жылы ғана өзінің тиісті бағасын алды.
Генетиканың даму тарихын зерттеушілер оны 3 кезеңге бөледі
Бірінші кезең - 1900 - 1910 жылға дейін
Екінші кезең - 1911 - 195 жылға дейін
Үшінші кезең - 1953 жылдан қазірге дейін
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×