Сайтқа кіру Тіркелу

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Өткізген: биология пән
мұғалімі Жалбакова А. С
Тақырыбы: § 45. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы.

Мақсаты: ас қорыту жүйесінің құрылысы, тістің құрылысы және оның ас қорытудағы маңызы, ауыз қуысының гигиенасы туралы білім беру.
Міндеттері:
Білімділігі – ас қорыту жүйесі құрылысының ерекшелігін көрсету; астың ауыз қуысында қорытылу процесін, асты қорытудағы ферменттердің рөлін түсіндіру. Тіс және ауыз қуысын күту ережелерін қалыптастыру.
Тәрбиелілігі – тамақ ішу, оның сапасын және сақталу мерзімін, ыдыстың таза болу ережелерін сақтау жөнінде өзін өзі бақылау дағдысын қалыптастыру. Санитарлық гигиеналық дағдыға үйрету. Ауыз қуысының астың қорытылуына алкоголь мен темекі шегудің зиянды әсерін түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың талдау, синтездеу, салыстыру, қорытындылау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал – жабдықтар: «ас қорыту жүйесі» кестесі, «ас қорыту мүшелері» рельефті кестесі, карточкалар.
Сабақ типі: Аралас сабақ
Әдістемелік шешім: Сұхбат, әңгімелесу, өзіндік жұмыс, кестелер мен суреттерді көрсету, сканворд шешу.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
• Оқушылармен амандасу;
• Түгендеу;
• Сабаққа дайындығын тексеру;
II. Үй тапсырмасын сұрау (ауызша кестені толтыру арқылы, сұрақтарға жауап беру арқылы)
Кестені толтыру:

Қоректік заттар Анықтама Адам орг. мөлшері Қызметі Азық – түлік
Нәруыз Орг. нег. құрылыс материалы 15 – 20% Жойылған жасушаларды қалпына келтіруге және жаңа жасушалардың түзілуіне қатысады Ет, балық, жұмыртқа, сүзбе, ас бұршағы т. б.
Көмірсу Орг. нег. энергия көзі 0, 6% Өсімдік текті өнімдерде крахмал түрінде болады Картоп, ұн, жарма, қызылша,
Майлар Энергия көзі 19% Құрылыс материалы ретінде жасуша мембранасының құрамына кіреді Сүт өнімдері, жұмыртқа, ет және өсімдік текті тамақта көп

Сұрақтарға жауап бер:
1. Қоректік заттарды ата және оларға сипаттама бер.
2. Адам рационының құрамына кіретін өсімдік текті және жануар текті өнім
3. Ол организмдегі негізгі энергия көзі.
Сөйлемді толықтыр:
1. Нәруыз...,...,...,...,..., т. б. болады.
2. Көмірсулар...,...,..., көп мөлшерде бар.
3. Майлар...,..., және өсімдік типті тамақта көп болады.
I. Жаңа сабақ түсіндіру. §45. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы.
Тіл ерінмен, жақпен бірге ауызекі сөйлеу қызметін атқарады.
Ауыз қуысының артқы жағы ауызды өңешпен жалғастыратын жұтқыншаққа өтеді


Төменгі жағы өңешке өтеді

Тамақ асқазаннан – аш ішекке түседі.
Астың қорытылуы аяқталып, астың сіңірілуі жүзеге асады.

Ұйқыбез – асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан.
Ұйқыбез ас қорыту және ішкі секрециялық қызмет атқарады
Ұйқы безінде аралшықтар бар
Өз секретін - ұлпа сұйықтығына қанға бөледі
Бауыр – массасы 1500 г.
Ең ірі күрделі түтікшелі, қызыл – қоңыр түсті без. Оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасқан.
Бауырдың секреті – өт.
Өт қабына бауыр үздіксіз өндіретін өт жиналады. Бауыр көптеген улы заттарды тұтып, зиянсыздандырады. Бауырда көмірсулар қоры гликоген - жануарлар крахмалы түрінде жинақталады.

II. Бекіту сұрақтары. (Сөзжұмбақ шешу арқылы)
Сөзжұмбақ: Ас қорыту мүшесі.
Сұрақтары мен жауаптары:
1. Онда тіл, тіс, таңдай орналасқан (ауыз).
2. Ас қорыту мүшелерінің кеңейген жері (асқазан).
3. Ол қорыту және тыныс алу қызметін атқарады (жұтқыншақ).
4. Оның ұзындығы 1, 5 - 2 м. (тоқ ішек).
5. Ол ең ірі ас қорыту безі (бауыр).
6. Бауырдың түсі (қызыл).
7. Тілдің ұшы сезетін дәм (тәтті).
8. Ағзаның негізгі энергия көзі (көмірсу).
9. Адам рационының құрамына кіретін өсімдіктекті және жануартекті өнім (тамақ).
10. Жануартекті өнім (сүт).
11. Ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі (аш ішек).
12. Ол жұтқыншақты асқазанға жалғайды (өңеш).
13. Ащыны, тәттіні, және қышқылды сезетін мүше (тіл).
14. Инсулин, гликоген гормонын бөлетін без (ұлтабар).
15. Аш ішектің бөлігі (ұлтабар).
16. Ас қорыту мүшесінің аяқталатын бөлігі (тікішек).

III. Үйге тапсырма.
157 – беттегі §45 – ті оқып келу; 163 – беттегі кестені дәптерге түсіру; сол беттегі тесттерге ауызша жауап беру.

IV. Бағалау:
Сабаққа белсенді араласып отырған оқушыларды және сабақ айтқан оқушыларды бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу жолдары. Тағам ...

Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу жолдары. Тағам ...

Гастроэнтерология[грек. gastr (gastrs) — асқазан, қарын, nteron — ішек және lgos — ілім] — адамның асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі, аурулары...
Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар (күнделікті саба ...

Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар (күнделікті саба ...

Қоректену - барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас...
Тағамның құрамы мен маңызы

Тағамның құрамы мен маңызы

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: оқушыларға тағамның маңызын, құрамы мен қызметі және тамақтанудың гигиенасы жайында білім беру. 2. Тәрбиелігі:...
АС ҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

АС ҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Қарағанды қаласы, №6 ЖББОМ биология пәні мұғалімі Бекбауова А. Т....
Жасуша

Жасуша

Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×