Сабақтың тақырыбы: Экологиялық жүйелердің негізгі типтеріне жалпы сипаттама.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға экожүйенің негізгі типтері тундра мен тайга, шөл туралы түсінік беріп, алған білімдерін кеңейту, экологиялық тәрбие беру.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Жаңа сабақ барысы:
Тундраның негізгі белгісі – орманның болмауы. Өсімдіктер дүниесі астық тұқымдастардан, қияр, шағын ағашты өсімдіктер мен қыналы - мүкті бірлестіктерден тұрады. Топырағы қышқыл, қоректік заттарға кедей. Жұқа өсімдіктер жабыны оңай бұзылады және өте баяу қалпына келеді.
Тундрада жануарлардың тіршілік ету аймағы негізінен топырақ - жабын, жер беті және бұталы белдеуден құралады. Белсенділігі жылы болатын 3 - 4 аймен шектеледі. Қолайсыз кезеңді омыртқасыз жануарлар анабиоз жағдайында өткізеді, кейбір жануарлар қысқы ұйқыға кетеді, кейбіреулері миграция (құстар, сүтқоректілер) жасайды. Тундра жануарлары жыл бойғы санының күрт ауытқуымен сипатталады. Бұл табиғат жағдайларының көпжылдық циклдері мен өсімдік және жануар текті қоректердің қорының ауытқуына байланысты болады.
Топырақ - жабын қабатында тіршілік ететін сапрофагтардың арасында саны бойынша өте ұсақ жұмыр құрттар – нематодалар, микроартроподалар – коллемболалар, кенелер – гамазидалар мен орибатидалар, ұсақ құрттар – энхитреидалар, жауын құрттары мен қосқанаттылардың личинкалары басым.
Көптеген тундраның гүлді өсімдіктері анемофильді, яғни желмен тозаңданады. Бірақ бунақденелілермен тозаңданатын да бар. Мысалы, түкті аралардың дене температурасы 40 ºС, гомойотермді деуге болады.
Жыл бойы жасыл өсімдіктермен ұсақ кемірушілер – леммингтер мен дала тышқандары қоректенеді. Плеарктикалық тундраның батыс секторында Норвегия леммингі мекендейді, ал одан әрі оны шығысқа қарай сібір леммингі алмастырады.
Таулы тундарының Еуразиялық солтүстік шығысында және Солтүстік Американың солтүстік батысында қыста ұйқыға кететін тиіндер тұқымдасына жататын кемірушілер – суырлар мен сарышұнақтар кездеседі.
Тундрада жасыл массамен құстар қоректенеді. Ақ құр және тундра құры жазғы қоңыр қауырсындарын қыста аққа ауыстырады. Жапырақтармен, бүршіктермен, жидектермен қоректенеді.
Тундра құстарының көпшігі жыл құстары. Қаз тәрізділер негізінен өсімдіктермен қоректенеді. Аққулардан - тундрада кіші аққу немесе тундра аққу - қаздардан – ақмаңдайлы қаз және шиқылдаққаз, казаркалардан – қара және канада казаркалары кездеседі.
Құстардың ішінде шүрілдіктердің 2 түрі, татреннің 3 тіршілік етеді. Олар бунақденелілермен және олардың дернәсілдерімен, өрмекшілермен, моллюскалармен, құрттармен, ұсақ шаян тәрізділермен қоректенеді. Тундрада шағала тұқымдасының кейбір өкілдері ұя салады, мысалы қызғылт шағала және айыр - құйрық шағала.
Тундра қасқыры солтүстік бұғыларына шабуыл жасайды. Тундра зонасының жартасты жағалауларында құстардың жиналған ұялары – құс базары құрылады. Мұнтазқұстар, шағалар көп. Кейбір аудандарда, аралдардың құмды жағалауларында теңіз сүтқоректілері - морж және Гренландия түлені кездеседі.
Бореалды қылқанжапырақты ормандар тайга деген атпен белгілі. Циркумполярлық зона түзе отырып үздіксіз белдеу түрінде Евразия, Солтүстік Америка арқылы өтеді.
Тайганың климаттық жағдайлары салыстырмалы түрде қысқа вегетациялық кезеңімен, салқын қыс, салыстырмалы түрде салқын жазбен сипатталады.
Тайга ормандары моно немесе олиго – доминантты, әдетте қарапайым және анық бөлінген белдеулік құрылым тән. Ағашты, бұталы, шөптесін өсімдіктер белдеуін және қыналы - мүкті топырақ қабатын бөліп көрсетуге болады.
Қылқан жапырақты ағаштардың түрлері – шырша, арша, қарағай, самырсын – бүкіл тайга бойындағы негізгі орман түзушілер.
Өрт – ұзақ тарихи кезеңде тайга биоценоздарына әсер етіп келген маңызды фактор. Олар өсімдіктердің отқа қарсы төзімділігін қамтамасыз ететін әр түрлі бейімделулердің пайда болуына әкеледі. Олар өрттен кейін күйген жерлерде өсуге бейімделген.
Жануарлар дүниесі бұлан, қоңыр аю, сілеусін, тиін, сусар, ор қоян, түлкі, еліктерден және т. б. тұрады. Тайга құстарға бай, онда құр, саңырау құр, тоқылдақ, қайшыауыз, үкі және т. б. тіршілік етеді. Бауырымен жорғалаушылардан кәдімгі қара жылан, тірі туатын кесіртке кездеседі. Бунақденелілердің түрі өте көп.
Қоңыржай белдеудің ксерофильді бірлестіктері әр түрлі аталады. Ксерофильді шөптесін өсімдіктердің таралу аймағына әр түрлі ұзақтағы қыс, жыл - құрғақ жаз, жаздағы жауын - шашын мөлшерінің максимум болуы тән. Ксерофильді, шөптесін өсімдіктердің таралу аймағына жылы, құрғақ жаз тән. Солтүстік американдық прериялардың климаты далаларға ұқсас.
Қоңыржай климаттың астық тұқымдас өсімдікті далалары бірқатар жалпы белгілермен смипатталады. Солтүстік далалары гүлдейтін қос жарнақты өсімдіктер бірлестігімен сипатталса, оңтүстікке қарай астық тұқымдастарының басымдылығы артады. Дала зонасынан солтүстікке қарай орманды дала орналасқан.
Дала экожүйесіне Қазақстан территориясының 20% жатады (ұзындығы 2200 км, ені 40 - 140 км - ге дейін).
Қазақ даласы пайдалы қазбаларға өте бай. Еліміздің экономикасында тың және тыңайған жерлер игерілгеннен кейін дәнді және азықтық дақылдармен мал шаруашылығы дамыған аймаққа жатады. Бірақ жиі қайталанатын құрғақшылық жылдары тұрақты жоғары өнім алуға мүмкіндік бермейді.
Солтүстік Америка бірлестіктері – материктің ортасында өте үлкен территорияны алып жатқан далалардың аналогы – прериялар Альберта, Саскачеван, Манитобаның (Канада) Оңтүстік - Батыс бөлігін, Дакотаның шығыс бөлігін, Миннесоттың шығыс, бүкіл Айованы, Небраски, Иллинойс, Комдостың үлкен бөлігін Эхлахоманың Солтүстік – Батыс бөлігін, Мексика шығанағы бойынша Техастан Флоридаға (АҚШ) дейінгі жерді алып жатыр. Оңтүстік жарты шардың қоңыржай климаттық белдеуінде де астық тұқымдас өсімдік бірлестігі таралған, оларға ең алдымен Шығыс Аргентинаның астық тұқымдасты бірлестіктері жатады. Оларды ботаниктер пампа деп атаған.
Далалар, прериялар мен пампалардың жануарлары әжептәуір қатал гигротермиялық режимге бейімделген. Құрғақ жаз кезеңі салқын, қарлы қыспен ауысады. Осыған байланысты жануарлардың көпшілігі, әсіресе топырақта тіршілік ететін, белсенділігін тек көктем, күз кезеңдерімен шектейді. Салқын қыс жағдайында олар анабиоз күйіне түс, ол жазғы қуаңшылық жағдайында белсенділігін төмендетіп, жартылай тыныштық күйге өтеді.
Ұсақ омыртқалы жануарлар – кесіртке, жылан, кейбір кемірушілер қысқы ұйқыға кетеді, ал ірі сүтқоректілер оңтүстік аудандарға орын ауыстырады, ал құстардың көпшілігі қыста ұшып кетеді.
Шөлді жерлердің бірлестік типі, қоңыржай, субтропиктік және тропиктік табиғат белдеулері жағдайында қалыптасады. Бұл әр түрлі шөлдердің жылу режимінде айтарлықтай айырмашылықтардың болуын анықтайды. Бірақ шөл бірлестіктерінің сыртқы келбетін, құрылымын, белгілі бір тіршілік формаларының дамуын ең алдымен ылғалдың жетіспеуі анықтайды.
Шөлдерді сипаттағанда климаттық көрсеткіштер есепке алынады. Шөлдерге (қуаңшылық) құрғақшылық (жауын - шашын 200 мм - ден кем) пен жауын - шашынның тұрақсыздығы тән
Жауын - шашынның түсу ырғағына қарай шөлді ауа райының бірнеше типін бөліп көрсетуге болады:
Жауын - шашын қыста болады;
Жауын - шашын жазда болады, ал құрғақшылық кезі қысқа тура келеді;
Жауын барлық маусымда да болады немесе жауын - шашын түсуінің екі кезеңі бар;
Жауын - шашынның мөлшері тұрақсыз немесе тіпті болмайды (жаңбыр түрінде).
Өсімдіктер бірлестіктеріне: өсімдіктердің сирек болуы, өсімдіктердің ылғал жетіспеуіне бейімделуі, ксероморфты структура тән. Эфемейлер мен эфемероидтар өседі. Субстратына байланысты: шөлдер құмды, сазды, тасты, сортаң және т. б. болуы мүмкін.
Ылғалды экваториалды және тропиктік ормандар өсімдіктер жабынының максималды өнімділігін қамтамасыз ететін ылғалдылық пен температураның ең қолайлы жағдайында өседі.
Ылғалды тропиктік ормандардың таралу аймағына циклондар тән. Дауылдар жиі болып тұрады.
Ылғалды тропиктік орман жауын - шашынның басым бөлігін ұстап қалады, қалғандары жапырақ беттерінен буланса, біразы топырақтың тамырлар көп қабатына төмен қарай сіңіп кетеді.
Ылғалды тропиктік ормандардың вертикалды структурасы мынадай белгілермен сипатталады:
өте биік ағаштар көп емес;
екінші, яғни негізгі орманды құрайтын ағаштар көп, сондықтан бұл белдеу қалың, тұтасып қалған, яғни ылғалды тропиктік ормандардағы ярустылық әлсіз байқалады.
Ылғалды тропиктік ормандарда нағыз жыртқыш құстардан әр түрлі гарпия – маймыл жегіш, үкілер, қырғи т. б. құстар мекендейді. Олар маймылдармен, жыландармен, жарғанаттармен қоректенеді.
Ылғалды тропиктік ормандардың сүтқоректі жануарларының көпшілігі құмырсқалар термиттермен қоректенеді. Ағаш құмырсқа жегіші Амазония ормандарында тіршілік етеді.
Сабақты бекіту сұрақтары:
- экожүйелер туралы түсініктеме
- экожүйелердің типтеріне сипаттама
- экожүйелерді қорғау шаралары
Қорытынды
Үйге тапсырма: тақырып бойынша өзіндік ізденіс жұмыстарын жасау, ассосация құрастыру.
Экологиялық жүйелердің негізгі типтеріне жалпы сипаттама
- nurik91
- 6 қаңтар 2016
- 7792
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Экологиялық жүйелері, экологиялық тәрбие беру
Ұқсас жаңалықтар:
Еуразия материгінің климаты
Сабақтың мақсаты: Ең үлкен материктің климат жағдайының ерекшеліктері жөніндегі білімдерін қалыптастыру. Тәрбиелік мақсаты: Жер бетіндегі табиғат...Орманды дала және дала зоналары
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы ...Қазақстан аумағында атмосфералық жауын – шашынның таралуы.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 ОЖББМ география пәнінің мұғалімі: Жолмуханова Айгул Салимовна...Тіршілік ету ортасы. Экологиялық факторлар
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, №8 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Егизбаева Гулсара Қожабаевна...Қазақстанның табиғат зоналары
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғат зоналары...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.