Сайтқа кіру Тіркелу

Кенелер. Тіршілік ортасы, паразиттік тіршілік ету дағдысы Кенелерден қорғану шаралары, табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.

Биология 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Кенелер. Тіршілік ортасы, паразиттік тіршілік ету дағдысы. Кенелерден қорғану шаралары, табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.
Білімділік мақсаты: Кенелердің тіршілік ету барысында қоршаған ортаға, адамдарға тигізетін зияны, олардан таралатын аурулар түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық міндеті: оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, ғылыми дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік міндеті: Алған білімдерін іс жүзінде пайдалану, ауыл шаруашылығына зиянын білу, сақтық шараларын есте сақтауға дағдыландыру.
Көрнекілігі: кенелердің түрлері суреттері, слайдтар.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
А) Оқушыларды түгелдеу.
Ә) Сабаққа назар аударту.
ІІ. Үй тапсырмасы:
1. Өрмекші тәріздестердің қандай негізгі ерекшеліктері бар?
- Дене құрылысындағы ерекшеліктері
- Қажетсіз заттарды сыртқа шығарудағы ерекшелігі
- Тыныс алуындағы ерекшеліктері
- Ас қорытуындағы ерекшеліктері
- Жүйке жүйесі
- Көбею ерекшеліктері
ІІІ. Жаңа сабақ
А) Жаңа сабақты түсіндіру.
Кенелер - өрмекші тәріздестерге жататын жәндіктердің бір түрі. Олардың ішінде кейбіреулері ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтірсе, ал кейбір зиянкестің табиғи жауы ретінде көптеген пайдалы жақтары бар. Паразитті түрлерінің ішінде түрлі жан - жануарлардың денесіне жабысып, қанын сорып тіршілік ететіндері және көптеген жұқпалы ауруларды таратушылары да бар. Солардың бір тобы – иксодид кенелері.
Иксодид - елімізде кездесетін кенелердің ішіндегі ең ірісі. Толық жетілген ересек аналық кенелердің тұрқы не бары – 3мм. Бұлардың бәрі – сүтқоректі жануарлар мен жұмыртқаға ұқсас сопақша болады. Түстері ақшыл қоңыр немесе қара түсті. Тұмсықтары қан соруға өте жақсы бейімделген. Дене жабындысының қан сору кезінде созылып, үлкейетін қасиеті бар. Дене сыртын сірқабықпен (кутикула) түзілген қалқаншалар жауып тұрады. Ересек кенелердің жақсы жетілген 4 жұп аяғы бар. Солар арқылы белгілі бір денеге «кенеше жабысады». Кенелердің дамуы негізгі 4 кезеңнен тұрады: жұмыртқа, дернәсіл, нимфа және ересек кене
Иксодид кенелерінің ішінде көктемгі энцефалит ауруының вирусын тарататын қауіпті түрлері бар. Кененің бұл түрінің аш кездегі дене тұрқы – 4 мм, ал қан сорған кезде 11 мм - ге дейін ұлғаяды. Сопақша арқасындағы қара қоңыр қалқаншасы жылтырап тұрады, ал аяғында өткір тісшелер болады.
Қазақстанда воофилус калкаратус кенесі де кездеседі. Бұлардың басқа кенелерге қарағанда бір айырмашылығы - өсіп - жетілуі бір ғана жануардың немесе ұсақ тышқандардың денесінде өтеді. Шөлде де, ылғалды жер мен өзен, көл жағаларында да тіршілік ете береді.
Паразитиформды кенелер тегіне жататын кенелердің дене тұрқы ірі келеді. Олар жай көзбен жақсы көрінеді. Бұл кенелер жануарлар денесінде паразиттік жолмен тіршілік етеді. Сондай - ақ олар түрлі аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайды.
Иксодид немесе жайылым кенелері. Денесі – идиосома, кененің даму сатысына және қанға тою дәрежесіне байланысты пішіні мен тұрқы өзгеріп тұрады. Аш кененің денесі жалпақтау, ал тойынғанда сопайып дөңгеленеді.
Арбовирустық жұқпалардың алдын алу шаралары.
1. Туляремия – зооноздық табиғи - ошақты аса қауіпті ауру. Бұл ауруды табиғатта таратушылар – кеміргіштер мен иксодты кенелер болып табылады.
Адамға жұғу жолдары:
- трансмиссивті – кенелер, масалар, бүргелер шағуы арқылы
- қарым - қатынас – тері арқылы ауру кеміргіштердің терісін алған кезде
- фекальды - оральды – ауру кеміргіштердің нәжістерімен зақымданған суды ішкенде
- аспирационды және алиментарлы – ауру кеміргіштердің нәжістерімен зақымданған көкөністер, азық - түліктерді пайдалану, ауланы сыпыру, қораны тазалау, шөптер, азықтар, (шаң - тозаң) арқылы.
Туляремия ауруының белгілері: безгек, бас пен буын ауруы, жалпы әлсіздік.
2. Кене энцефалиті. Атырау облысы аймағы кене энцефалиті ауруы бойынша қолайлы аймақ болып саналады. Біздің аймақта бұл аурудың табиғи ошағы жоқ. Кене энцефалиті таулы, орманды аймақтарда кездеседі. Соңғы айларда Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында кене энцефалитін кене шағумен байланыстырып диагноздар қою фактілері кездесіп отыр.
Кене энцефалиті – адамның орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатын вирустық ауру. Кене энцефалитінің қоздырғышы - вирус.
Вирус кененің сілекейінде болғандықтан вирус тістеген кезде берілуі мүмкін. Тіпті кененің тістегеннен кейін алып тастаған жағдайда да кене энцефалитімен ауырудың қауіп - қатері өте жоғары. Вирус барлық кенеде болмайды. Кене энцефалитін тек кене шаққанда емес, сонымен қатар піспеген ешкі немесе қой сүтінен де жұқтыруға болады.
Кене энцефалитінің белгілері – инфекция тарататын кене шаққан жерде вирус көбейеді. Бірақ шаққан жерде еш өзгеріс байқалмайды. Содан кейін лимфа түйіндер мен қанға өтеді. Вирус жаппай көбейген кезде тұмау тигенде болатын белгілерге ұқсас белгілер көріне бастайды. Осыдан кейін орталық жүйке жүйесінің зақымдану белгілері байқалады. Кене энцефалитінің белгілері 7 - 10 күнде, кейде 21 күннің ішінде көрінеді. Зақымдану ауырлығына байланысты кене энцефалиті бірнеше түрге бөлінеді.
Ауру температураның 38 - 40 С көтерілуімен, дененің сырқырауымен, қалшылдауымен біліне бастайды. Орталық жүйке жүйесі зақымданған болса, дененің қызуымен қатар, бас ауруы, құсу, жарыққа қарай алмау және өзге де белгілер байқалады. Бұдан ауыр зақымданған жағдайда естен танады, психологиялық бұзылыстар, құрысу мен сал болып қалады.
3. Конго - Қырым қанды қызбасы.
Конго - қырым қанда қызбасы – вирустік трансмиссивті, табиғи ошақты жұқпа. Вирусты қосымша сақтайтын және тасымалдайтын жабайы жануарлар, ауылшаруашылық және үй жануарлары. КҚҚҚ трансмиссивтік (кене арқылы), қатынастық жануарлармен және адам арқылы ( қан арқылы) жұғады.
Аурудың жасырын кезеңі 1 - 3 апта, клиникалық белгілері: безгек, бас ауруы, буын сырқырауы, лоқсу, құсу және түрлі сатыда іш өтуі.
Геморрагиялық белгінің бастапқы кезеңі бөртпенің, инъекция жасалған жерде гематоманың пайда болуымен, мұрыннан және қызыл иектен қан кетумен сипатталады.
Осы кезеңде жатыр, ішек және бүйрек сияқты қан кету түрлері кездеседі.
Емдеу мекемелері Конго - Қырым қанды қызбасына күдікті жағдай немесе ауру анықталған уақытта тез арада шұғыл хабарлама беруі тиіс.
Конго - Қырым қанды қызбасымен аурушылықтың белгілері:
- кене шағу немесе онымен байланыс ( кенені алу, жаншу)
- 14 күн ішінде Конго - Қырым қанды қызбасы бойынша энзоотикалық аймақта болу ( табиғат аясына, балық аулауға және т. б. шығу)
- аурушылықтың пайда болуы ( сәуір - қыркүйек)
- қауіпті топқа жатуы ( сауыншылар, малшылар, малдәрігерлік қызметкерлер, малды союға, егінге, шөп шабуға қатынасатын адамдар, жеке мал қожайындары, медициналық қызметкерлер)
- Конго – Қырым қанды қызбасына күдікті ауруларға манипуляция жүргізу, зерттеуге материалдарды алу.
- Конго - Қырым қанды қызбасына күдікті науқастарды қарау.
Иксодид немесе жайылым кенелерімен күрес шаралары.
Иксодид кенелерімен күрес екі бағытта жүргізіледі: біріншісі – олардың шоғырланған жерлері – биотоптарында жою, ал екіншісі – жануарларға жабысқандарын жою.
Кенелермен олардың биотобында күресу тиімдірек. Кенелердің көптеген түрлері жұмыртқаларын жерге салып, олардан балаң – кенелері де сонда пайда болатынын ескере отырып, сол аймақтағы жерді жыртып, көп жылдық шөп егіп, жасанды жайылымға айналдыру жақсы нәтиже береді.
Малға жабысқан кенелерді жою үшін акарицид дәрілерді бүрку арқылы немесе сол дәрілермен тоғыту арқылы дәрілеу жұмысы жүргізіледі.
Кене малдың үстінде болатындығын ескере отырып, малды күту барысында сақтық ережелерін орындау керек.
• Малдағы кенені қолмен жұлуға, оны езіп өлтіруге болмайды.
• Табиғат аясында демалғанда кенеден сақтану керек, денені және киімдерді көзбен, қолмен сипап тексеру керек.
• Кене шаққан жағдайда тез арада дәрігерге көріну керек.
• Денеге жабысқан кенені өзіңіз алған болсаңыз, келесі ережелерді сақтау қажет:
• Кене жабысқан жерге сұйық май тамызып, кенені тұмсық тұсынан қысып, алу керек. Ал, кенені қақпақты шыны ыдысқа салып, емханаға алып барыңыз (зертханалық тексеру жүргізу үшін).
• Кененің шаққан жерін міндетті түрде йодпен залалсыздандыру қажет.
• 14 күнге дейін дәрігердің бақылауында болу керек.
ІҮ. Бекіту тапсырмалары:
1. Оқулыққа қарай отырып кенелер түрлерін және олардың ерекшелігін кестеге толтыру
Кенелер түрлері Ерекшеліктері Туындайтын аурулар

2. Кенелерден сақтану шараларын дәптерге теріп жазу.

Ү. Сабақты қорытындылау.
Кенелердің қандай пайда - зияны бар?
Олардан туындайтын аурулардың қауіптілігі қандай?
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: §46, Жергілікті жерде кездесетін кенелер түрлеріне сипаттама жазып келу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Менингит ауруы және одан қорғану жолдары

Менингит ауруы және одан қорғану жолдары

Менингиттiң жұқпалы түрiне шалдыққан адам ауруды таратушы болып саналады. Сонымен қатар менингит жүйке жүйесiне қатты әсер етiп, нәтижесiнде...
Бунақденелілер

Бунақденелілер

Бунақденелілердің тіршілік ортасы, даму жолдары, адамға тигізетін пайдасын зиянын түсіндіру, олармен жүргізетін күрес шаралары туралы түсінік беру....
Өрмекшітәрізділер

Өрмекшітәрізділер

Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Ханорда ауылы, Жәңгірхан атындағы жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бижанова...
Үй жануарлары және олардың қауіпсіздігі

Үй жануарлары және олардың қауіпсіздігі

Пән/ Предмет/ Subject: Сынып сағаты Тақарып/ Тема/ Theme: Үй жанауарлары және олардың қаіпсіздігі Сабақтың мақсаты/ Цели занятия/ Objectives:...
Кене энцефалиті

Кене энцефалиті

Кене энцефалиті – жедел вирусты ауру, бұл вирус адамның миын және жұлынын зақымдап, сал ауруына душар етеді. Қоздырушы тоговирус тобына жатады,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×