Биология. 8 - сынып
Сабақ тақырыбы: Жасуша және оның құрылысы: ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендер.
№1 зертханалық жұмыс.
Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпаларын микроскоп астында қарау, немесе «Ұлпалардың құрылысы» атты электрондық нұсқаны қарау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жасуша және оның құрылысы: ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендермен таныстыру.
Дамытушылығы: Сонымен қатар оқушылардың адам анатомиясы туралы білімін одан әрі жетілдіру.
Тәрбиелігі: Адамгершілікке, денсаулықты сақтауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Сәлемдесу
2. Түгелдеу
3. психологиялық ахуал
4. Сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Бекіту.
V. Үйге тапсырма беру
VІ. Бағалау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Ішкі мүшелердің топографиясы
2. Адам анатомиясы дегеніміз не
3. Адам физиологиясы
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Адам, негізінен, дене пішіні, мүшелерінің орналасуы және олардың кызметі бойынша ұқсас болады. Адам денесі көп жасушалы организмдер сияқты жасушалық құрылысты болады. Оны құрылысы мен атқаратын қызметі әр түрлі миллиардтаған жасушалар құрайды. Біз әр түрлі әдемі кірпіштен — жасушалардан салынған ғимарат сияқтымыз. Жасушалар тітіркенуге белсенді жауап қайтарады, зат алмасуға катысады, өседі, көбейеді, регенерацияға (кайта қалпына келуі) және тұқым қуалау ақпаратын келесі ұрпақтарына беруге қабілетті. Біздің организміміздегі жасушалар пішіні (форма) бойынша әр түрлі: жалпақ, дөңгелек, ұршық тәрізді, кейбіреулерінің өсінділері бар. Жасушаның пішіні организмдегі орны мен атқаратын қызметіне байланысты. Олардың мөлшері де өр түрлі: бірнеше микрометрден (кішкентай лейкоцит) 200 микрометрге дейін (жұмыртқа жасушасы). Құрылысы мен атқаратын қызметтері әр түрлі болғанымен, жасушалардың жалпы құрлысы ұқсас, олар: жасуша мембранасы, цитоплазма және ядродан тұрады.
Ядро нәруыз (белок) түзілуді реттейді. Ядродағы ДНҚ молекулаларында тұқым қуалаушылық ақпараты болады хромосоманың негізгі бөлігін құрайды. Адам денесіндегі әрбір сомалық жасуша ядросында 46 хромосома, ал жыныс жасушаларының ядросында 23 хромосома болады.
Ядроны сыртынан ядро мембранасы қоршайды. Ядро ішінде ядро шырынымен мен рибосомалар түзілетін бір немесе бірнеше ядрошық болады. Рибосомалар жасушада нәруыздарды синтездейді. Ядро пішіні әр түрлі жасушаларда ғана емес, бірдей жасушаларда да жай - күйіне байланысты өзгергіш. Олар сопақша, дөңгелек, таяқша тәрізді, кейде сегменттелген болады. Ядро гиалоплазмадан (мелдір матрикс), ондағы органоидтер мен қосындылардан тұратын цитоплазмада орналасады.
Жасуша органоидтеріне тұрақты жасуша құрылымдары жатады. Эндоплазмалық тор (ЭПТ) цистерна - қалта - шық, көпіршік, қуыстар, өзектер, ұсақ көпіршіктер торы. болып табылады. Эндоплазмальщ тордың тегіс және түйіршікті түрлері бар. Түйіршікті ЭПТ мембранасында рибосомалар орналасқан. Тегіс ЭПТ мембранасында рибосомалар болмайды. Эндоплазмалык тор жасушалар - дағы заттардың тасымалына қатысады. Түйіршікті ЭПТ - да нәруыздар, ал тегісінде — майлар мен көмірсулар (гликоген — жануар крахмалы) синтезделеді.
Лизосомалар — ферменттері (биологиялық. белсенді заттар) бар, жасуша үшін өз маңызын жойған заттарды бұзып, ыдырататын, бір мембраналы, шар тәрізді құрылымдар. Лизосомалар, әсіресе фагоцитозға қатысатын жасушаларда көп болады.
Голъджи комплексі — ретті орналаскан қуыстардан, түтікшелер мен көпіршіктерден тұратын жүйе. Ол осы жүйені жасушаға күміс иондарын енгізіп ең алғаш ашқан италиялық ғалым К. Гольджидің құрметіне аталған. Гольджи 1898 жылы осы органоидті сипаттап, оның жасушадағы қызметін анықтаған.
Бекіту.
ОРГАНОИД
құрылысы
Атқаратын қызметі
Үйге тапсырма беру. Оқу, тапсырмалар мен сұрақтар.
Жасуша және оның құрылысы: ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендер
- abzik
- 2 қараша 2014
- 32293
- 0
- 80
Ілмек сөздер: Жасуша және оның құрылысы, ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендер, биологиядан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Жасуша, оның құрылысы
Жасушалардың түрі мен пішіні әр түрлі болады. Олар сопақ, домалақ және тағы басқа пішіндерде болуы мүмкін. Оның үлкендігі 3 - 7 микроннан 200...Тест биология. Ұлғайтқыш құралдар және өсімдік жасушасының құрылысы
1. Микроскоптың бірнеше линзасы бар бөлімі: A) көру түтігі B) айна C) окуляр D) объектив E) заттық үстелше...Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі
1. Білімділік: Жасуша құрылысы мен атқаратын қызметі тарауын интерактивті тәсілдерді қолдана отырып, оқушыны шығармашылыққа баулу....Жасушаның құрылысы
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылы, Амангелді негізгі мектебінің химия - биология пәні мұғалімі Қуанышбаева Гүлзада Қамбарқызы...Жасуша ядросы
Қостанай облысы, Рудный қаласы №15 мектептің биология пәні мұғалімі Өміржанова Сайран Еспайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.