Сайтқа кіру Тіркелу

Ми. Мидың бөлімдері олардың құрылысы мен қызметі

Биология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ми. Мидың бөлімдері олардың құрылысы мен қызметі
Білімділік мақсаты: Оқушыларды ми бөлімдерінің құрылысымен, атқаратын қызметімен таныстыру.
Дамытушылық міндеті: Оқушылардың танымдылық қабілетін арттыра отырып, адамның ми құрылысын ғылыми түрде сипаттай білу.
Тәрбиелік міндеті: Ұйымшылдыққа, бір - бірінің пікірлерін тыңдай білуге, жолдастық көмек көрсете білуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:
Көрнекілігі:

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Оқушыларды түгелдеу
2. Сабақтың «Алтын ережесін» қабылдау
3. Оқушыларды топқа бөлу
4. Өзін – өзі бағалау парағын тарату

ІІ. Сергіту сәті: «Айна» ойыны

ІІІ. Үй тапсырмасы:
1. Өткен тақырып бойынша ұғым сөздер жазу. (Қанша сөз жазса сонша ұпай)
2. Жазған ұғымға анықтама беру. (қанша анықтама жазса, сонша ұпай)

ІҮ. Жаңа сабақ.
«Инсерт» әдісі. Оқушыларға мәтін үлестіріліп беріледі. Мәтінмен жұмыс:
І топ - Мидың құрылысын талдап, сипаттама беріңдер.
ІІ топ - Ми бөлімдерін атап, орналасу ретін көрсетіңдер.
ІІІ топ - Ми бөлімдерінің атқаратын қызметіне талдау жасаңдар.
Топтар жұмысын қорғап болған соң жаңа сабақты қорытындылау.
Кестеде берілген сандарға назар аудару
15 26 37
22 43 64
84 55 26
Кестені жауып тастап дәл сол сандарды дәптерге көшіру. (аз жазылады)
Кері қайталау (бұрынғыдан көрі көп сан жазылады) Бұл назар аударып, миды ойлауға бағыттаудың әсерінен.

Қосымша мәлімет:
Мидың орташа салмағы – 1300 - 1400 г. Бассүйектің ми сауытының ішінде орналасқан.
* Ерлердің миы әйелдердің миынан көп. Оның бір себебі, ерлердің әйелдерден денелі, ірілігі.
* Алайда әйелдер мен ерлердің миын денелерінің мөлшеріне сәйкес есептегенде, әйелдің миы ерлердің миынан сәл артық.
* Зерде мидың көлеміне байланысты емес.
* Ми денемен жұлын арқылы байланысады.
* Мидың жүз миллион жасушасын қосқанда жүз миллиард жүйке жасушасы болады.
* Дененің өз «Интернет» желісі бар. Ол жүйке деп аталатын мыңдаған өзектер арқылы миллиондаған дабыл жібереді: жүздеген ағзалар арасындағы әрбір тарапқа, өзге ағзаларды бақылайтын ағзалардан миға дабыл жібереді.
* Миға қан құйылуын инсульт (лат. Insulto) деп атайды.
* Мидың терең ішінде жатқан клеткалар гипоталамус деп аталатын учаскелер ашығу, шөлдеу, бірдеңеге қарсы тұру сияқты сезімдерді басқарады.
* Мидың желкелік бөлігі адамның қимылын реттеп отырады.
* Адамның миы мен оның жасушалары – «Сана өлкесі» іспеттес. Ғалымдар оны – «ақыл - ой ғарышы» деп те атайды.
* Адам баласының ми құрылысы 35 миллиард жасушадан тұрады. Әрбір жасушаның атқаратын жеке өз қызметі бар.
* Ғұлама ғалымдардың өздері барша ғұмырында ми жасушаларының 20 - 25 пайызын ғана пайдаланады.
* Археолог ғалымдардың айтуынша, адамның бас сүйегі мен ми көлемі көне дәуірден бері бірқалыпты, өзгеріссіз.

Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:
1. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын қорғауы.
2. Графикалық бақылау. «Ия», «Жоқ» деген жауаппен беріледі.
1. Ми ақ және сұр заттан тұра ма?
2. Ақ заты сыртында, сұр заты ішінде ме?
3. Ми 50 жасқа дейін дами ма?
4. Сопақша ми қимыл – әрекетті реттей ме?
5. Мидан 31 жұп жүйке тарай ма?
6. Жөтелу, түшкіру, жұту сопақша миға байланысты ма?
7. Мишық зақымдалса адамның қимыл - қозғалысы бұзыла ма?
8. Мишық мен ми көпірі алдыңғы миға жата ма?
9. Аралық ми ортаңғы мидың алдыңғы жағында жата ма?
10. Ми сұйықтығын «ми қарыншалары» деп атауға бола ма?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алғашқы адамдар. Ежелгі адамдар. Ертедегі адамдар. Қазбадан табылған осы за ...

Алғашқы адамдар. Ежелгі адамдар. Ертедегі адамдар. Қазбадан табылған осы за ...

Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір - бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г - нан аспайды....
Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі (күнделікті сабақ жоспар ...

Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі (күнделікті сабақ жоспар ...

Рефлекс — сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап қайтару реакциясы. Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке...
Жасушаның құрылысы, қызметі және химиялық құрамы, тағамдардың құрамындағы з ...

Жасушаның құрылысы, қызметі және химиялық құрамы, тағамдардың құрамындағы з ...

Жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделігіне қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа баулу...
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі

Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі

Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі Білімділік: Жүйке жүйесінің бөлімдерін таныстыру. Жұлынның маңызы,...
Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары

Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақ мектеп - гимназиясының биология пәнінің мұғалімі: Оспанова Асемгуль Ерсаиновна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×