Мақсаты: Білімді, адамгершілігі мол, жан - жақты тұлга тәрбиелеу. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, арттыру.
Көрнекілігі: кестелер, сызбанұсқалар, сөзжұмбақтар, тесттер, теледидар, эпидиаскоп, кодоскоп, тіректік сызбалар.
Әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, даралап саралап оқыту.
Пән аралық байланыс: Математика, физика, химия, әдебиет, медицина, валеология, дене шынықтыру, мектеп өмірі, қала өмірі.
Сабақтың түрі: модульды оқыту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушыларды түгендеу
Б) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
2. Негізгі оқыту бөлімі:
А) Топпен жұмыс.
Б) Үйрету ойындары.
3. Қорытынды.
4. Үйге тапсырма.
5. Бағалау.
Ұйымдастыру жұмысынан кейін, сабақтың мақсаты айтылып, оқушылар назарын сабаққа аударамын. Сыныпты 4 топқа бөлемін. 1 - ші Қаңқа тобы.
2 - ші Тұлабой тобы.
3 - ші Қолбасы тобы.
4 - ші Буындар тобы.
Ұраны: «Мың естігеннен бір көрген артық».
«Кесек қар лақтыру» ойыны арқылы сұрақ - жауап әдісін қолдана отырып, тірек - қимыл жүйесінің маңызын, құрылысын, атқаратын қызметін, дене бөліктерін, дене бөліктерін құрайтын сүйектерді, сүйектердің пішінін, құрылысын, құрамын, қосымша материалдарды, іздену жұмыстарын сұраймын.
Тірек - қимыл жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бір - бірімен дәнекер ұлпалар арқылы байланысқан сүйектер қаңқа түзеді. Қаңқа ағзаның тірегі. Ал бұлшықеттер қимыл - қозғалысты қамтамасыз етеді. Қаңқа барлық ішкі мүшелерге қорғаныштық қызмет атқарады. Миды ми сауыты, жүрек пен өкпені кеуде қуысы сүйектері, ішек - қарын, бүйрек басқаларын жамбас сүйектері, жұлынды омыртқа жотасының өзегі қорғайды. Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер, сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі.
Адам қаңқасындағы 206 сүйек бір - бірімен өзара буын қалталары арқылы байланысады. Соның 85 - і жұп, 36 - ы тақ сүйектер.
Сүйектер пішіні, мөлшері жағынан
ұзын сүйектер қысқа сүйектер жалпақ сүйектер
қол - аяқты құрайтын омыртқа, алақан, табан, жауырын, бас сүйектері
сүйектері саусақ сүйектері қабырға, жамбас сүйек
Ұзын сүйектердің ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан түтікті сүйектер деп атайды. Іші қуыс болғандықтан берік және жеңіл болып келеді. Тігінен қойған адамның асықты жілігі 1500 кг жүкті көтере алады.
Жіліктің бастары айқыш - ұйқыш өте ұсақ сүйек торларынан тұрады, олар сүйектің көбірек созылатын, сығылатын бағытына қарай орналасады.
Ендеше, сүйектің жеңіл де берік болып келуі оның
құрылысына, құрамына байланысты.
Қаңқа - тұлға, бас сүйегі, иық белдеулері мен қол сүйектері, жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді.
Дене бөліміндегі сүйектер Сүйектердің атауы Саны
Тұлға қаңқасы
Бас сүйегі
Иық белдеуі мен қол
сүйектері
Жабас белдеуі мен аяқ
сүйектері
Тұлға каңқасы - омыртқа жотасы мен қабырғалар, төс сүйегінен тұрады. Омыртқа жотасы тұлғаның негізгі тірегі. Ол 33 - 34 қысқа сүйектерден тұрады. Омыртқа жотасы 7 мойын омыртқадан,
12 арқа омыртқадан, 5 бел омыртқадан, 5 сегізкөз омыртқадан, 4 - 5 құйымшақ омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасы 4 жерден иіледі. Екеуі алға, екеуі артқа. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу. Нәрестенің мойны қатқанда мойын, отыра бастағанда арқа, жүре бастағанда бел мен сегізкөз иілімдері байқалады. Иілімдер дененің тепе - теңдігін жеңілдетіп, серпімділікті күшейтеді.
Омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі сколиоз ауруына әкеп соқтырады.
Осы жерде сөздік дәптермен жұмыс.
Сколиоз – омыртқаның бүйір жаққа қисаюы.
Лордоз - омыртқаның алға қисаюы.
Кифоз — омыртқаның артқа қисаюы.
Лицей оқушыларының сколиозға байланысты мәліметін келтірдім.
Аурудың болу себептері:
1. Орындықта түзу отырмау.
2. Жазу үстелі мен орындықтың
биіктігінің сәйкессіздігі.
3. Бір қолмен жүк көтеру.
4. Сүйектер мен бұлшық еттердің нашар дамуы.
Кеуде қуысының қаңқасын 12 арқа омыртқа, 12 жұп қабырғалар, төссүйек құрайды. Қабырғаның алдыңғы шеті шеміршекті.
Бассүйек қаңқасы - ми сауыты мен бет бөлімдерінен құралған. Ми сауыты бір - бірімен берік қозғалмай байланысқан маңдай, төбе, самай, шүйде сүйектерден құралған. Бет бөліміне - үстіңгі, астыңғы жақ сүйектер, бет, мұрын, таңдай сүйектері жатады.
Қол қаңқасы - иық, белдеуі мен қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуіне 2 бұғана, 2 жауырын сүйектері жатады. Жауырын үшбұрышты, үш қырлы, жұқа, жалпақ сүйек. Бұғананың бір шеті төссүйекпен, екінші шеті жауырынмен байланысады. Қол сүйектеріне: тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ сүйегі, қолбасы сүйектері. Қолбасы сүйектеріне: білезік, алақан, саусақ сүйектері жатады.
Білезікте 8 сүйек, алақанда 5 сүйек,
саусақтарда 14 сүйек бар.
Аяқ қаңқасына - жамбас белдеуі мен аяқ сүйектері жатады. Жамбас пен сегізкөз тұтасып жамбас қуысын құрайды. Аяқ сүйектеріне: ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, табан, башпай сүйектері жатады. Толарсақта 7 сүйек, табанда 5 сүйек, башпай сүйектері - 14. Табан сүйектерінің дұрыс қалыптаспауынан жалпақтабандылық пайда болады. Оған аяқ
бұлшықеттерінің әлсіз дамуы әсер етеді. Түрлі жаттығулар жасау арқылы алдын - алу шараларын жасауға болады.
Сүйектер тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпаларынан түзіледі. Сырты тығыз ұлпалардан, іші борпылдақ ұлпалардан құралады. Сүйек қабы арқылы жуандап өседі. Екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Сүйектің үштен екі бөлігін бейорганикалық, ал қалғанын органикалық зат құрайды.
Қаңқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді.
Адам денесінде 230 - дан астам буындар бар. Буын қапшығында
сұйықтық болады. Сұйықтық үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын
ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Физикамен пәнімен
байланыстырдым.
Сіңірдің созылуы, буынның шығуы оқушылардың демонстрациялауымен жүзеге асты. Ашық сынықты теледидар арқылы көрсеттім.
Қорытынды: сөзжұмбақтар мен таңдау тесті, графикалық тест бойынша жүзеге асты.
Үйге тапсырма: Венн диаграммасы, реферат «Тірек - қимыл жүйесінің дамуына дене шынықтыру жаттығуларының әсері».
Бағалау: Сыншылар топ оқушыларына пікір айтып, бағалады.
Сауалнама: Сұрақтарың бар ма?
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Ұнаса, несімен ұнады?
Менің пікірім:
Сабақ аяқталды. Рахмет. Сау болыңдар.
Тірек-қимыл жүйесі
- Sadykanova
- 17 мам 2014
- 20212
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тірек қимыл жүйесі туралы биологиядан сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Сүйектердің типтері және байланысу түрлері
Білімділігі: Қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатын және әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын негіздеп, түсіндіру....Сүйек типтері және олардың байланысуы
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Қаңқадағы әрбір сүйектің өз орны мен маңызы болатын және әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын негіздеп,...Қаңқаның негізгі бөлімдері (күнделікті сабақ жоспары)
Бассүйек - ми сауыты мен бет бөлімдеріне бөлінеді. Ми сауыты бөлімі бірімен - бірі берік (қозғалмай) байланысқан маңдай (1), тебе (9), самай (8),...Қаңқа бөліктері
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды қаңқаның маңызымен және қаңқа бөлімдерімен таныстыру. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау және танымдылық...Тірек – қимыл жүйесі
Қостанай облысы, Рудный қаласы №15 мектептің биология пәні мұғалімі Өміржанова Сайран Еспайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.