Сайтқа кіру Тіркелу

Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы.Жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстары.

Сабақтың тақырыбы: Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқулықтағы мәтінді оқыту, мазмұнын меңгерту. Аңдар мен малдарды ажырата алып, үй хайуанаттарына не жататынын білдіру. Олардың сүтқоректілер аталу себебін ұғындыру. Үй жануарлары мен аңдар арасындағы байланысты байқату. Дамытушылық: Аңдар мен жануарлар, үй хайуанаттары пайдасын ұғынып, төлдерін атай білу. Тіл, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Жануарлардың маңызын түсініп, оларға деген жағымды көзқарас қалыптастыру. Үй жануарлары мен үй хайуанаттарына күтім жасауға баулу, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірме
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушы назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сүтқоректілер класы немесе аңдар. Кластың жалпы сипаттамасы.
III. Үй тапсырмасын бекіту
а) сұрақ - жауап
1) Қазіргі кезде сүтқоректілердің қанша түрі белгілі?
2) Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым саласы?
3) Сүтқоректілер қандай табиғи орта жағдайларында тіршілік
етеді?
4) Класс неліктен сүтқоректілер деп аталады?
«ББҮ» сызба әдісі

Білемін Білгім келеді Үйрендім

IV. Жаңа сабақ.
Сүтқоректілер - дара жынысты. Олар іштей ұрықтанады. Ұрық аналық жыныс мүшесі - жатырда дамып жетіледі. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасында арнайы мүше «ұрық жолдасы» (плацента) пайда болған. Ол зат алмасуды реттеп отырады. Оны малдың шуы деп те атайды. Сондықтан жоғары сатыдағы сүтқоректілерді «ұрықжолдастылар» деп атайды. Жатырдың қабырғасында ұрықтың дамып жетілуі, сүтқоректілердің жеке түрлеріне байланысты түрлі мерзімді қамтиды. Мысалы, үйқоянның буаз болу мерзімі бір ай. Жабайы қоян - 45 - 51 күн, бұғылар - 8 - 9 ай, жылқы - 10 ай, түйе 12 - 13 айда төлдейді.
Ұрық іші суға толы амнионмен қоршалған. Соның арқасында ұрық аналық ішінде қандай жер болса да дұрыс бірқалыпты дамиды. Ұрықтың дамуы тек қана ұрық орнының пайда болуына емес, оның организмінің ұзақ уақыт ұрықты ішінде сақтауына бейімделуінде болып отыр. Ананың ішінде ұрық ұзақ уақыт жатқанда, ұрықтың барлық мүшелері жетіліп қалыптасады.
Кейбір сүтқоректілердің балалары туа сала өз бетімен жүріп аяқтанып кетеді, ал кейбірлерінікі соқыр және жәрдемсіз болып туады. Барлық жануарларда анасы сүтінен қоректендіріп, аналарының қамқорлығында болады. Жүйке жүйелерінің жақсы жетілуіне байланысты балаларына қамқорлық жасау сүтқоректілерде жақсы жетілген.
Әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуіне байланысты сүтқоректілерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:
Құрлықта мекендейтін сүтқоректілер - Антарктидадан басқа құрлықтарда кеңінен таралған және көптеген түрлерді қамтиды. Олар ашық жерлерде, бұта мен ағаш арасында, кейде ағаш басында кездеседі. Ашық жерлерде саршұнақтар, суырлар, қосаяқтар мекендейді.
Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілерге көртышқандар, соқыртышқандар, қалталы көртышқандар жатады. Олар тіршілігінің көп бөлігін жер астындағы індерінде өткізеді.
Суда тіршілік ететін сүтқоректілердің тіршілігі тікелей сулы ортаға байланысты. Оған құндыздар, жұпартышқандар, ондатрлар, киттер жатады.
Ұшатын сүтқоректілерге қолқанаттылар (жарқанаттар) жатады. Өте ұзын 2 - 5 саусақтарының арасында, денесінің екі қапталында жұқа терілі жарғағы болады. Олар жарғақты қанаттың көмегімен ауада өте жылдам ұшады.
V. Жаңа сабақты бекіту
а)«Бортты журнал»әдісі
Жүк журналы
Болжам Жаңа ақпарат
Тақырып бойынша бұрыннан не білемін? Бұл туралы не білуім керек? Бұл туралы енді не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым?

ә) «Іздеу ұйымы»
Екі оқушыға жеке конверт беріледі. Конверт ішінде екі жануардың суреті бар. Осы жануардың мүшелерін дұрыс құрастырып, жануардың атын, құрылысын, маңызын айтады. б) «Жұбын тап»
Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын табу
Құрлықты мекендейді------------Құндыз, кит, ондатр
Жер астында тіршілік етеді------Суыр, саршұнақ
Суда тіршілік етеді-----------------Көртышқан, соқыртышқан

VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру
Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклі және маусымдық құбылыстары.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұрықтану. Жүктілік. Ұрықтың жатыр ішінде дамуы

Ұрықтану. Жүктілік. Ұрықтың жатыр ішінде дамуы

Ұрықтың дамуы, эмбриогенез (грек. embryon — ұрық және genesіs — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе туғанға дейінгі...
Жыртқыш сүтқоректілер

Жыртқыш сүтқоректілер

Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің биология пәні мұғалімі Жубанова Галя Нигметқызы...
Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері

Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері

Мақсаты: А) Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктерін балықтар - қосмекенділер - жорғалаушылар - құстар - сүтқоректілер тізбегімен зерделей отырып,...
Жыртқыш аңдар отряды

Жыртқыш аңдар отряды

Екібастұз қаласы, Павлодар облысы, № 19 арнаулы түзеу мектебінің биология пәні мұғалімі Төлегенова Назида Қабдрахмановна...
Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер

Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер

Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп – интернатының бастауыш сынып мұғалімі Байетова Нұрлыгүл...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×