Сайтқа кіру Тіркелу

Сабақтың түрлері, құрылысы

Биология 6 - сынып

Тақырыбы: Сабақтың түрлері, құрылысы. Сабақтың қызметі мен түрлері
Мақсаты: Оқушыларға сабақтың түрлері, құрылысы және қызметі жайлы мағлұмат беру.
Көрнекілігі: сабақтың суреті, тірек - сызбалар, кеспелер
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру
Сабақ беру әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
2. Үй жұмысын тексеру
1. Өркен деген не?
2. Бүршік неліктен бастапқы өркен дап аталады?
3. Буын және буынаралық дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылығы неде, олар қандай қызмет атқарады?
5. Өсу бүршігі мен гүл бүршігінің айырмашылығын талдаңдар?

3. Жаңа сабақ
Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек.
Қызметі
Сабаққа бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді
Қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады
Көбеюге қатысады
Органикалық заттар қорға жиналады
Өсімдік сабақтары

Шөптекті
Ағаштекті
Сүректі

Сабақтың түрлері
Тік
Өрмелегіш
Жатаған
Қысқарған
Шырмалағыш

Тік сабақты өсімдіктерге жүгері, бидай, терек, емен, қайың т. б. жатады.
Жатаған сабақ - өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып өседі. Асқабақ, қияр, қауын, қарбыз жатады.

Шырмалағыш сабақ – нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалап өседі. Шырмауық, құлмақ жатады.
Өрмелегіш сабақ – мұртшалары арқылы басқа өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі. Асбұршақ, жабайы бұршақ, жүзім т. б. жатады.
Қысқарған сабақ - өсімдіктердің сабағы өте қысқа. Бақбақ, жолжелкен, пияз, ақ қауынды қырыққабат т. б. жатады.

Өң – түссіз, жас сабақтардың сыртын қаптайды. Үлкен ағаштардағы өң түлеп түсіп, орнын тоз алмастырады. Тоз қалың болса да ішкі жасушалардың тыныс алуына оттегін өткізеді. Тозда тыныс алуға қатысатын пішіні төмпешікке ұқсаған жасушаларды жасымықша дейді. Тоздың ішкі жағында қабыққа беріктік қасиет беретін тін қабаты орналасқан. Кендір, зығыр, мақта өсімдіктерінде қабықтың тін талшықтары жақсы дамыған. Тін талшықтарынан өндірісте түрлі маталар, бұйымдар тоқылады.
Кеппе шөптермен жұмыс
Оқушыларға кеппе шөптер беріледі. Сондағы өсімдіктердің сабақтарын анықтайды және онымен қоса тамырын да анықтайды.
Оқулықпен жұмыс
Мәтіннің соңында берілген «Біліміңді тексер» деген тапсырманы орында.
Кеспелер мен жұмыс
Оқушыларға кеспелер беріледі онда сабақтардың түрлері мен ішкі құрылысының суреті бейнеленген. Соларды талдап түсіндіру керек.

4. Бекіту.
1. Сабақ қандай қызмет атқарады?
2. Сабақтың түрлерін атаңдар?
3. Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды сипаттаңдар?
4. Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады?
5. Өзек қандай қызмет атқарады?
6. Қабық бөлімдерінің, атқаратын қызметін талдаңдар?

Үйге тапсырма: § 12 оқу
Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×