Сайтқа кіру Тіркелу

Қазіргі экологиялық жағдайлар

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі экологиялық жағдайлар.
Сабақтың мақсаты: Адам денсаулығының сыртқы ортамен байланысы, экологиялық жағдайды төмендететін факторларды көрсету, проблеманы шешу жолдарын анықтау.
Сабақтың түрі: Ізденіс - зерттеу сабағы/оқушылардың жұмысы/
Қолданылған құрал - жабдықтар: тақта, слайд, оқушылардың жұмысы.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру: сәлемдесу, жоқ оқушыларды журналға белгілеу.
ІІ. Пысықтау сұрағы: /үй тапсырмасын сұрау./
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Бекіту сұрақтары
Ү. Қорытындылау
ҮІ. Үйге тапсырма беру
ҮІІ. Оқушыны бағалау
І. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Организмдердің арасындағы қарым - қатынастар дегеніміз не?
2. Организмдер денесінен не себепті жағымды және жағымсыз иістер шығарады?
3. Организмдердің агрессивті әрекеті неге байланысты?
4. Құрлық және су экожүйелері қандай құрам бөліктерден тұрады?
5. Қорек және қоректік тізбектер деген не?
6. Зат және энергия ағынының тіршіліктегі рөлі қандай?
ІІ. Жаңа сабақ барысы: Ірі өнеркәсіп пен қалалар, т. б. құрылыстар кешені көбінесе суы мол, адамдар үшін қолайлы жерге салынады. Ол үшін - ормандар кесіліп, құнарлы жерлер пайдаланылады. Сөйтіп олардан қоршаған табиғи ортаға шығарылатын өндіріс және түрлі тұтыну қалдықтары көбейіп, үлкен проблема туғызады. Біз ол қалдықтарды көбіне қоқыс деп атаймыз.
Нағыз тұрмыстық қалдықтарға: қағаз, тамақ, шыны, металл, тоқыма бұйымдары, пластмасса, резеңке өнімдерінің қалдықтары жатады. Олар орман, дала, суды ластап қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Ал қалдықтарды біз көбіне құрылыс материалдарын шығаруға, шикі зат өндіруге жұмсаймыз.

Өндірістік қалдықтар мен тұрмыстық қалдықтардан зардап шегіп отырған қалалар өте көп. Олардың лас қала болуына өзіміз жол беріп отырмыз деуге болады. Атап айтсақ Алматы, Қарағанды, Екібастұз, Семей қалаларын жатқызуға болады. экологиялық жағынан көп зардап шегіп отырған қалалар. Басқа шет мемлекеттерді айтпай - ақ өз туған жерімізді қорғауға алуымыз керек. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрілігінің «Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға қолайсыз әсерін азайту жөніндегі шаралары туралы» және «Қоршаған ортаны қорғау туралы»заңдары еліміздегі экономикалық ахуалды жақсарту барысында жасалып жатқан игі істердің бастамасы.

Алматы қаласының экологиясы: географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Негізінен бұл ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Машинаның көптігі ауаға улы түтінді бөліп, бұл қалада өкпе ауруының өршуінің негізгі факторы болып отыр. Өндіріс орындары да өте көп, әсіресе желсіз түнде демалуға қиындық туғызады.
Астана қаласының экологиясы

Қаланың орнықты дамуы оның экономикалық әлеуетінен, жер, адам және басқа ресурстарының болуынан ғана емес, сондай - ақ қалалық экожүйесінің жағдайында тәуелді. Осылайша, Гидрометеорология орталығының деректеріне сәйкес Астана қаласының экологиясы 2007 - 2008 жылмен салыстырғанда бірқатар жақсарды. Егер 2007 жылы ауаның ластану индексі АЛИ = 4, 7 болса, онда 2008 жылы АЛИ = 4, 28 құрады. Салыстыратын болсақ: Алматыда АЛИ = 12, 1, Республика бойынша АЛИ = 5, 6 құрайды. Қала ауасын ластаушылардың негізгі үш көзі – бұл стационарлы көздер (ЖЭО, қазандықтар), автокөлік және ұйымдастырылмаған ластау көздері (құрылыс алаңдары, өндіріс алаңдары, цемент нүктелері, асфальттық бетон зауыттар және т. б.), әрқайсысының үлесі диаграммада ұсынылған. Бұл өзгеріс Қазақстаның барлық ірі қалаларында байқалады, онда автокөліктің ауа бассейінін ластауға салымы соңғы жылдары 60% және одан астам, ал Алматыда – жалпы шығыстардың 80% құрайды.

Астанада қозғалмалы көздердің үлесі 55% асты, бұл автомобильдер санының тұрақты өсуімен байланысты, сондай - ақ шығысы экологиялық нормалардың жол берілетін мөлшерінен асатын машиналардың ескі үлгілерінің бар болуы мен пайдаланылуына байланысты.
ЖЭО - 2 мен ЖЭО - 1 қазандықтарының күл ұстаушылары қайта жөнделді
Көлік құралдарының бір бөлігі газ жанармайына көшті. 250 карбюраторлы қозғалтқыштары бар шағын автобустардың 165 (немесе 66%) газ жанармайымен жұмыс істейді, қаланың коммуналдық кәсіпорындарында 120 машина газға көшірілген

Қаланың барлық жолаушылар кәсіпорындарында қозғалмалы құрам жаңартылған «Газель» маркілі шағын автобустар мен карбюраторлы қозғалтқыштары бар ескірген үлгідегі автобустар ауыстырылған. «EURO - 2», «EURO - 3» улағыш заттардың еуропалық стандарттарына жауап беретін және зиянды өнімдерді шығарудың ең төмен дәрежесіне ие дизельді қозғалтқыштары бар автобустар сатып алынды.
Үлкен жүкті және технологиялық көліктің қаланың орталық бөлігінен шығару бойынша шаралар қабылданды, нақты рұқсат беру жүйесі белгіленді, автокөлікті пайдаланғанда экологиялық талаптарды сақтауға мерзімді тексерулер жүргізіледі.

Су сапасы бойынша 2007 - 2008 жылы Астана екінші классқа жатқызылды (таза), жоғары жатқан судың ластануы индексі (СЛИ) 0, 94 құрады (2006 жылы СЛИ=0, 97). Салыстыру үшін: Алматыда СЛИ=2, 15 (3 класс, орташа ластанған), республика бойынша – 2, 62 (4 класс, ластанған). Су ластануының негізгі себебі өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар, сондай - ақ жүк және жеңіл автомашиналарды ашық су қоймаларында жуу фактілері болып табылады.
Су ресурстарының сапасын жақсарту үшін:
жауын су кәрізі құрылысының бірінші сатысы аяқталды, екінші саты бойынша 11, 4 км коллекторлар құрылыс аяқталды. Тазарту құрылыстары мен үш насостық станцияны салу жалғастырылуда.
жыл сайын «Астана қаласының жер беті суларының гидрохимиялық мониторингісін жүргізу» іс - шарасы іске асырылады.

Қаланы көгалдандыру және абаттандыру бойынша – жалпы мақсаттағы жасыл желектердің негізгі бөлігі ағаштарға, талдарға және көк алаңдарға берілген. Бір тұрғынға шамамен 6, 26 м2 жасыл желек келген.
Ал қазіргі уақытта 2011 - 2012 жылдарға қарасақ біршама өзгерістерді байқауға болады
Астана қаласының шекарасы бойында жасыл аймақтарды енгізу қарқыны
Көрсеткіштер 2007 2008 2009 2010 2011 2012
Жыл бойында отырғызылған орман, га 700 2500 4500 4700 5100 5000
Жасыл аймақтың аумағы барлығы, га 5370, 7 7618, 3 10173, 8 11357, 4 13904, 2 15723, 4
Қоршаған ортаға қауіпті заттарға: улы заттар, ауыр металдар, нитраттар, нитриттер, т. б,. жатады. Бұл заттар Шығыс Қазақстан аймағында/Өскемен, Риддер, Зырян/ көп байқалады. Осы аймақтарда өмір сүретін адамдар көбіне /Арал, Атырау, Шығыс және Оңтүстік аймақтарда/өкпе - тыныс жолдарының қабынуы, өкпе ісіктері, ентікпе ауруларына шалдығады./енді оқушылардың ізденіс жұмыстарына тоқталамыз/
Оқушылар өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыстарын қорғайды/ізденіс жұмыстарын /. Семей полигоны, Арал тағдыры, қала экологиясы туралы әртүрлі материалдар./тақта, слайд т. б/
ІҮ. Бекіту сұрақтары:
1. Өндірістік қалдықтарды жоюдың қандай жолы бар?
2. ҚР өндірістік қалдықтарды өңдеу жолдары бар ма?
3. Қазақстандағы негізгі экологиялық мәселелерге нені жатқызуға болады?
Ү. Қорытындылау: табиғатты аялайық/оқушылардың жұмыс кезінде слайд/
ҮІ. Үйге тапсырма.
ҮІІ. Бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:

"Экология біздің өмірімізде" ғылыми жұмыс

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Дружба орта мектебінің 8 сынып оқушысы Алибеков Жамбыл Жетекшісі: Сакенова Г.С. физика пәнінің мұғалімі...
Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар

Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар

Сабақтың тақырыбы: Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар. Сабақтың мақсаты: Тақырыптың мазмұнын меңгерту, алған...
Экологияның негізгі заңдары мен қағидалары

Экологияның негізгі заңдары мен қағидалары

Сабақтың мақсаты: Тақырыптың мазмұнын меңгерту, алған білімдерін жүйелі жұмыс істеуге қалыптастыру. - Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту. -...
Солтүстік Қазақстанның шаруашылық географиясы.

Солтүстік Қазақстанның шаруашылық географиясы.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 ОЖББМ география пәнінің мұғалімі Жолмуханова Айгул Салимовна...
Қазақстандағы экологиялық проблемалар

Қазақстандағы экологиялық проблемалар

Қарағанды облысы – Қазақстандағы экологиялық жағынан ең ластанған, өнеркəсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған ірі өнеркəсіп орталығы. Бұл өңірдегі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×