Сайтқа кіру Тіркелу

Бақытты сәт

«Бақытты сәт» биология пәнінен кластан тыс шара.
Мақсаты: Оқушылардың білімдерінің деңгейін анықтау, биология пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сақтауға, бірін-бірі құрметтей білуге тәрбиелеу.

Түрі: Жарыс сабақ
Барысы: Құрметті оқушылар бүгін біз «Бақытты сәт» атты танымдық сайыс өткізгелі тұрмыз, бұл жерде сіздер биология пәнінен алған білімдеріңізді, кімнің ойы жүйрік, қиялы ұшқыр, ізденімпаз, жігерлі
де қайратты екеніне көз жеткіземіз. Сайысқа 2 топ қатысады және
1 оқушы сарапшы болып қатынасады.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады:
І. Таныстыру
ІІ. Бәйге
ІІІ. Қызықты жетеу
ІV. Халық айтса, қалып айтпайды
V. Шығармашылық жұмыс

І кезең. Таныстыру. Екі топ бірін - бірі таныстырып өтеді.
І топ Білімділер тобы.
ІІ топ Зерделілер тобы.
ІІ кезең. Бәйге.

Шарты: Барлық топ мүшелері қатысады. Сұрақ биология пәнінен қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
І топтың сұрақтары:
1. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым (ботаника)
2. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет қай жылы шықты? (1978ж)
3. Жасушаны ашқан ғалым. (Роберт Гук)
4. Өсімдіктің вегетативті мүшелері ( тамыр, сабақ, жапырақ)
5. Өсімдік пен жануар арасын байланыстыратын бір жасушалы жәндік
(жасыл эвглена)
6. Өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі
(мүше)
7. Ұрық тамыршасынан пайда болған тамыр (негізгі тамыр)
8. «Жануартану» оқулығын жазған ғалым (Х. Досмұхамедов)
9. Нейронның ұзын өсіндісі (аксон)
10. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ (өркен)

ІІ топтың сұрақтары:
1. Жануарлар әлемін зерттейтін ғылым (зоология)
2. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» қай жылы шықты?
(1981ж)
3. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым?
( Климент Аркадьевич Тимирязев)
4. Өсімдіктің генеративті мүшелері (гүл, жеміс, тұқым)
5. Жасыл эвглена қалай қозғалады? (талшық)
6. Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобы
(гүлшоғыр)
7. Бидай өсімдігінің гүлшоғыры (күрделі масақ)
8. Өсімдіктану оқулығын жазған ғалым (Жұмақан Күдерин)
9. Жүйке жасушасы (нейрон)
10. Тек өсімдік жасушасына тән органоид (пластид)

ІІІ кезең. Қызықты жетеу
Бұл кезең бойынша ұпай саны (5, 10, 15) қызықты жетіліктерді таңдау арқылы есептеледі. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны беріледі.
Терминдер бойынша:
5- циста сөзінің анықтамасын айтыңыз?
Бір жасушалы ағзалардың қолайсыз жағдайлардан тіршілігін сақтап қалу үшін қорғанатын сыртқы қалың тығыз қабықшамен қапталуы.
10- Анаэроб сөзінің мағынасын түсіндіріңіздер?
Ауасыз, оттексіз ортада тіршілік ететін организмдер. Микроорганизмдер.
15- Рецептор сөзінің анықтамасын айтыңыздар?
Организмнің сыртқы немесе ішкі тітіркендіруді қабылдайтын жүйке мүшелерінің ұштары.
Өлең - жырлар бойынша:
5- Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың табиғатқа арнап жазған өлеңдерінен үзінді оқып беріңіздер?
10- Табиғатқа байланысты жазылған ақындардың өлеңдерінен үзінді оқып беріңіздер?
15- Мына әннің аты қалай аталады?
Жұмбақтар бойынша:
5- Біреу бердім, көп қып тердім. Бұл не? ( тұқым немесе дән)
10- Тіршіліктің қуатын, өз бойына жинайтын.
Жинай - жинай азықты, адамзатқа сыйлайтын. (өсімдік)
15- Күн нұрымен піседі, уылжып қолға түседі. (жеміс)
Сандар бойынша:
5- 1996ж - «Қызыл кітаптың» үшінші басылымы шықты.
10- 1665ж - алғаш рет Роберт Гук жасушаны ашты.
15- 1922ж - Х. Досмұхамедов «Жануартану» оқулығын жазды.

Мақал – мәтелдер бойынша:
5- Білімі жоқ ұл - жапырағы жоқ гүл.
10- Қорада малың болсын, көшеде талың болсын.
15- Дала көркі – мал, өзен көркі - тал.
Өсімдіктер бойынша:
5- Ең тез, жылдам өсетін өсімдік (бамбук, тәулігіне 1 м өседі)
10- Ең ұзақ жасайтын ағаш (емен, 2000 жыл)
15- Дүниедегі ең биік ағаш (эвкалипт)
Жануарлар бойынша:
5- Құрлықтағы ең үлкен жануар (піл)
10- Ең үлкен балық (кит акуласы)
15- Ең биік сүтқоректі (керік)

ІV кезең. Халық айтса, қалып айтпайды.
Халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап сақтауға шақыратын алуан түрлі ырым - тыйымдары, даналық сөздері бар. Осы жұлдызшалардың астында суреттер жасырылған , соған байланысты тыйым сөздер, даналық сөздер айтуларыңыз керек. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
1. Шөп - Көк шөпті жұлма, таптама. Көкті жұлма көктей соласың.
2. Құс - Құс ұясын бұзба.
3. Жылан - үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығарады. Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады.
4. Қой - қойдың сүті қорғасын, қойды тепкен оңбасын. Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір.
5. Мал - малды теппе, ақты төкпе. Малды басынан ұрмайды. Малға теріс мінбе. Көктемде жан – жануарға тиіспе.
6. Жылқы – Адассаң атыңа сен. Атты сыйлағанда не сатқанда ноқта - жүгі берілмейді. Атты басынан ұрмайды.
7. Аққу - киелі құс деп аққуды атпайды. Аққуды атпа, досыңды сатпа.
8. Ағаш - жалғыз ағашты кеспе. Бір тал кессең, он тал ек.

V кезең. Шығармашылық жұмыс
«Табиғатты қорғайық» атты тақырыпта тірек сөздерді пайдаланып шағын әңгіме жазыңдар. Тірек сөздер: табиғат, әсемдік, байлық, қоршаған орта, қорғау, міндет, өсімдік, парыз, жануар.
Қорытындылау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×