Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері.
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 7.1.5.2 - өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі: Тақырыптың маңызын түсіндіреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Білу және түсіну
Өсімдіктердегі метаболизмнің соңғы өнімдері. Өсімдік ағзасында маңызды екі: тыныс алу және фотосинтез үдерістері жүретінін білесіңдер. Тыныс алу барысында түзілетін заттар фотосинтез кезінде пайдаланылады және керісінше. Жалпы бұл екі үдерісті қайтымды химиялық реакция түрінде былай көрсетуге болады:
Шын мәнінде бұлай емес! Фотосинтез «тыныс алуға керісінше» болып табылмайды. Фотосинтезге жарық энергиясы қажет. Бұл екі үдеріс жасушаның жеке органоидтерінде жүреді. Фотосинтез хлоро-пласта жүзеге асады. Тыныс алудың негізгі органоидтерімен кейінірек танысасыңдар.
Тыныс алу және фотосинтез үдерістерінде өсімдіктер фотосинтез барысында органикалық заттар түрінде қорға жинаған жарық энергиясы босап шығады да, оны өсімдіктер тыныс алу нәтижесінде пайдаланады. Тіршілік үдерістері үшін қажет энергияны өсімдіктер (жануарлар да) тек органикалық заттардан алады. Оны тікелей жарықтан алу мүмкін емес! Кейбір ұқсастықтарды келтірейік. Көмірдің энергия беретіні белгілі.
Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдерін жүктеу
Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері
- ramuk_b
- 20 қаңтар 2019
- 6213
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері, тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері
Ұқсас жаңалықтар:
Заттар тасымалдануының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы. Заттар ...
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 7. 1. 3. 1 - тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалының маңызын түсіндіру;...Мәтін дегеніміз не? КМЖ 2 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау 2. 2. 4. 1 - мұғалімнің...Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 2. 1. 1. 2 екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру...Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы ...
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 7. 1. 5. 2 - өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу...Табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 7. 3. 5. 1 - географиялық қабық, мұхиттар және материктер, зоналар және белдеулер, ландшафтар табиғи - аумақтық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.