Сайтқа кіру Тіркелу

Тура теңдіктердің қасиеттері негізінде теңдеулерді шешу

Сабақтың тақырыбы: Тура теңдіктердің қасиеттері негізінде теңдеулерді шешу
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың тура теңдіктер жайлы, теңдеулерді шешу жайлы білімдерін нығайту.
2. Оқушылардың жылдам есептеу дағдысын қалыптастыру, есте сақтау, ойлау және математикалық тілде сөйлеуін дамыту.
3. Оқушылардың танымдық және құзыреттілік іс - әрекетпен білім алуға және еңбекке бейімдеу. Пәнге деген көзқарасын, білімге құштарлығын қалыптастырып, ұжымшылдыққа, ауызбірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, іздену, ауызша, топтық жұмыс
Көрнекілігі: кестелер, сызбалар

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, бізде қазір математика сабағы. Бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр, ендеше:
Жарқырап күн ашылды,,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Добрый день!
Сәлемдесіп алайық.

Оқушылар: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

Қайырлы таң досым!
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күн сәрсенбі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
Біз көңілді баламыз
Мақсатымыз білім алу.
Міндетіміз еңбектену
Еңбектену арқылы
«5 - ке» қол жеткізу.

Сыныпты үш топқа бөлу:
І топ – Қарағанды қаласы, ұраны: Тәуелсіз елдің тірегі білімді ұрпақ.
ІІ топ – Алматы қаласы, ұраны: Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін.
ІІІ топ – Астана қаласы, ұраны: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
Әр қаланың өз әкімі бар. Сабақ соңында әр әкім халық алдында есеп береді.
Балалар, біздің елбасымыз кім?... Қай жылы сайланып еді?... Елбасы жыл сайын халыққа не айтады? (жолдау)
Балалар, елбасымыз білімге көп көңіл бөледі. Ал білімді бізге кім береді? (ұстаз)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру №12
Математикалық диктант жазамыз, оны дұрыс жазсаңдар, үй тапсырмасын дұрыс орындады деген сөз.
9*71
360: 6
36*5
480: 80

ІII. Өткен сабақты қайталау
Жолдаудағы бірінші мәселе: «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеу. Ой қозғау.
Өлшемдері: Білімі, тәрбиесі, оқудағы жетістігі.
Тура теңдіктердің қасиеттері деген не?

Жолдаудағы екінші мәселе. Тұрғындарға қызмет көрсету
Барлық қызмет көрсету электронды түрге көшірілу керек. Сондықтан сендердің, көбейту таблицасын қалай игергендеріңді байқайық.
№4. 300*2
500: 5
420: 7
720: 8
800: 4
45*4
Жолдаудағы үшінші мәселе. Еңбек өнімділігін 5 есе ұлғайту.
№ 3.
5*х 45
х: 7 49
Жолдаудағы төртінші мәселе. Ауыл шаруашылығын дамыту
№4
78: 3 26

«Ойлы болсаң, тауып көр»
Логикалық есептер
1. Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?
2. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?
3. Әкесі екі баласын ертіп, жолға шықты. Біраз жүргеннен кейін олардың алдынан өзен кездесті. Өзен жағасында тұрған қайық екі баланы ғана немесе олардың әкелерін ғана көтере алады. Олар өзеннен қалай өтеді?
4. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?
5. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Неше мысық отыр?
«Кел, мақалдатайық!»
1. Піл к3ті емес, тіл к3ті.
2. 6н балдық қол сәні, әшекей кесте т10 сәні.
3. Еңбек – адамның 2нші анасы.
4. Әкесіз 7м – жарты 7м,
Шешесіз 7м, анық 7м.
Жолдаудағы бесінші мәселе. Спортқа көңіл бөлу.
№7
40*6 240
100*2 200
240+200 440
Жолдаудағы алтыншы мәселе. Зейнетақы жүйесін жетілдіру
№5
640: 8*560: 8
14*6*16*6
Жолдаудағы жетінші мәселе. Индустриалдық - инновациялық жобалар
Ұстаздың тапсырмасы
Мен ұстазбын. Күнделікті сабақтарға дайындалуға 95 минут, дәптер тексеруге 125 минут жұмсаймын. Бос уақытым сол екі жұмысқа кеткен уақыттан 2 есе кем. Менің бос уақытым қанша минут. Сағат және минутпен өрнекте.
125+95 220 220: 2 110 1 сағ 50мин
Жолдаудағы сегізінші мәселе. Жұмысқа тарту
Деңгейлік тапсырма
І деңгей №6
ІІ деңгей. №8
ІІІ деңгей. №
Мұғалім оқушылардың саны бірдей 2 сыныпты циркке алып барды. Бірінші сыныпты теңдей бөліп екі қатарға отырғызды, ал екінші сыныптың 14 баласын бір қатарға, 10 баласын екінші қатарға отырғызды. Әр сыныпта неше оқушы бар? Бірінші сынып әр қатарға неше оқушыдан отырғызылған?
Х – оқушылардың саны
Х * 2 – екі қатарға тең бөліп отырғызылған бірінші сыныптың оқушыларының саны
14 + 12 - екінші сыныптың балалары
Х * 2 = 14 + 10
Х * 2 = 24
Х = 24: 2
Х = 12
12 * 2 = 14 + 10
24 = 24 Жауабы: Әр сыныпта 24 оқушы және бірінші сыныптың оқушылары әр қатарға 12 оқушыдан отырғызылған.

IV. Қорытынды.
Әкімдердің әр оқушының сабаққа қатысуы бойынша есебі тыңдалады.
Еліміздің болашағы – білімді ұрпақ қолында. Бүгін сендер өз білімдеріңмен дәлелдедіңдер деп ойлаймын. Мәңгілік Ел - ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

V. Үйге тапсырма
Күнделікті енді ашайық,
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді
Ұмытпай есте сақтап алайық.
Бағалау

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,
"Т. Ақышұлы атындағы негізгі орта мектеп" КММ
бастауыш сынып мұғалімі Сыздықова Гульшат Асхатовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел

Қазақстан 2050 Мәңгілік ел

Мақсаты: Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, оқушыларға түсіндіру. Жасөспірімдерді патриотизмге тәрбиелеу, Отанды, елді, жерді сүюге...
Мың бір мақал жүз бір жұмбақ

Мың бір мақал жүз бір жұмбақ

Қызылорда қаласы №253 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дәрменқұлова Қатира...
Нөлмен аяқталатын санға көбейту және бөлуді тиянақтау (Күнделікті сабақ жос ...

Нөлмен аяқталатын санға көбейту және бөлуді тиянақтау (Күнделікті сабақ жос ...

жазбаша көбейту мен бөлу дағдыларын қалыптастыра отырып алғырлыққа, тапқырлыққа, дұрыс есептеуге, өз бетімен жүйелі қорытынды жасауға дағдыландыру,...
Қызықты математика

Қызықты математика

Тақырыбы: Қызықты математика Мақсаты: Оқушылардың математикадан білім деңгейлерін анықтап, логикалық, қызықты есептерді де шығара білуін тексеру....
Ойлы болсаң, озып көр

Ойлы болсаң, озып көр

Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, топтар бойынша сайыс өткізу, шапшаңдыққа жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл – ойын дамыту....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×