М дыбысы және әрпі
Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Мақсаты: Балаларға М дыбысы мен әрпін таныстыру. М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуді үйрету. М дыбысының айтылуына мән беріп, М әріптің баспа түрін жазуды үйрету. Буын туралы түсінігін молайту. Жаңа дыбысты қатыстырып сөз, сөйлем ойлату арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қорын жетілдіру. Зейінін тұрақтандыру. Адамгершілікке, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, оқулық, суреттер, кеспе әріптер, тілек ағашы - бағалау, ертегі әлемі
Билингвизм: Мысық - кошка, май - масло, маса - комар, маймыл - обезьяна.
Әдіс - тәсілі: Таныстыру, көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, ертегі әлемі
Мотивациялық - қозғаушы
1. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін ұйымдастыру барысы:
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
Қуанамын менде
Қуанасың сенде
Қуанамыз достарым
Арайлап атқан күнге!
Ұйымдастыру - ізденуші
2. Өткенді қайталау. Сұрақ - жауап
- Балалар дыбыс дегеніміз не?
(дыбысты естиміз)
- Әріп дегеніміз не?
(көреміз, жазамыз)
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
(екіге)
- Дұрыс қандай?
(дауысты, дауыссыз)
- Өткен іс - әрекетте біз қандай дыбыспен таныстық?
- Д д дыбысы мен әрпін
- Қандай сөздермен таныстық?
доп, велосипед, домбыра, дала, доға, дода,
дара, дана.
3. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі
- Жарайсыңдар балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақтың шешуін табамыз ба?
- Иә
- Олай болса мұқият тыңдаңдар.
Мұртын сипап тілімен
Бетін сусыз жуады
Тышқанды аңдып түнімен
Көзі оттай жанады.(МЫСЫҚ)
- Дұрыс балалар мысық сөзі М дыбысынан басталып тұр.
- Бүгін бізге қонақ келді. М дыбысымен танысамыз.
4. Жаңа сабақ
- Балалар мына слайдқа назар аударайықшы.
- Балалар слайдтан не көрдіңдер?
- М дыбысы
- Қане балалар бірге қайталайық.
- М - М - М
- балалар қалай айтылып тұр, М дыбысы қандай дыбыс екен!(дауыссыз)
- Дұрыс балалар созылмайды, кедергіге ұшырап барып айтылады
Мұғалім: тақтаға Мм дыбысының баспа және жазба түрін сызып көрсету.
Ертегілер еліне саяхат Мақта қыз бен мысық
Сиырдың тапсырмасы
Дәптермен жұмыс
а) Суреттегі атаулардың әрқайсысын шапалақ ұру арқылы буынға бөлу: қам – шы, ма – ши – на, қа – лам
М сөздің басында, ортасында, соңында кездесетінін анықтау.
Ағаштың тапсырмасы
ә) Үзік сызықтарды қосып, буындап оқыту: ма, ма, мата, мой, мойнақ, шам, мал, май, маймыл, мол
Қыздардың тапсырмасы
б) Жазу жұмысы: м әрпінің баспа түрін жаздыру.
Дүкеншінің тапсырмасы
Сергіту сәті:
Тауықтың тапсырмасы
в) «Сөз ойлап табу» ойыны арқылы май, мата, шам сөздерін ойлату, дәптерге жаздыру. (дыбыстық, буындық талдау жасату).
Кел тышқанмен ойнайық
«Сөйлем құра» ойыны сөйлем құратып, оның схемасын сыздыру
Талда алма өседі
Алмас алма жеді.
«Сөз айт, тез айт» дидактикалық ойын.
Ойын шарты: кубикпен орындалады. Балалар бір - біріне кубикті лақтырып, «м» дыбысынан басталатын сөздерді айтады.
5. Оқу іс - әрекетін қорыту. - Сонымен, балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- М дыбысы қандай дыбыс?
- Қандай сөздермен таныстық
Рефлексивті - Коррекциялаушы
6. Бағалау.
Сабақ барысында белсене қатысқан балаларды «Тілек ағашының» қуанышты хабарламасымен мадақтау, мақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылығын және «М м» әрпінің баспа үлгісін танып біледі.
Қандай түсініктерді игерді: балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балаларды М дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету.
Қызылорда қаласы,
Ы. Алтынсарин атындағы № 10 мектеп – лицей
Бастауыш сынып мұғалімі
Ақмырзаева Айсауле Қайратқызы
Толық нұсқасын жүктеу
М дыбысы және әрпі
- aiboll
- 22 қазан 2019
- 18297
- 0
- 100
Ілмек сөздер: М дыбысы және әрпі, ашық сабақ, сауат ашу және жазу
Ұқсас жаңалықтар:
Ұ дыбысы мен әрпі
1. Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету, Ұ дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін...М дыбысы және әріпі
Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рахметова Қаракөз Асарбекқызы...М дыбысы мен әріпі
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылы №13 «Балдырған» ясли-бақшасы Тәрбиеші: Рахметова Айгүл Сулейменқызы...М дыбысы мен әріпі
М дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. М дыбысын сөз ішінен таба білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. М дыбысына мысалдар ойлату...И дыбысы мен әрпі
Пәні: Әліппе Сыныбы: 1 Сынып жетекшісі: Базарбаева Мөлдір Талғатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.