Сайтқа кіру Тіркелу

Ақпараттар еліне саяхат

Ақпараттар еліне саяхат
3 сыныптарға арналған
Сабақтан тыс іс - шараның мақсаты:
Білімділігі: сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәнінен білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: ой - өрісін шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, компьютерлік сауаттылыққа баулу.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың қарсыласын бағалай білуге, топтық жұмыста бірін - бірі тыңдай білу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі - түсті конверт, смайликтер, пазлы.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру:
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Ақпараттар еліне саяхат» атты сыныптан тыс сабағымызды өткізгелі отырмыз.
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – деп бүгінгі сайыс сабағымызды бастайық. Оқушыларды өздерінің сыныптары бойынша топқа бөлу. Әр топ өз топ басшысын сайлайды. Оқушыларға сурет қиындылары беріледі. Осы қиындыларды құрастырып шыққан сурет арқылы топ атауын береді.
1 топ «Компьютер»
2 топ «Ноутбук»

Үйге берілген тапсырма бойынша әр топ өз ұраның айтып қарама - қарсы топпен амандасу керек.
І топ. «Компьютер» тобы
Ұраны: Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемі: Кластас ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.

ІІ топ «Ноутбук» тобы
Ұраны: Қандай сынақ болса - дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

Жүргізуші:
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға, – дей келе бүгінгі жол көрсетуші Білгішбек.
Әрбір аялдамада бізді түрлі тапсырмалар күтеді. Егер тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындап шықсақ Білгішбек бізді Экспо - 2017 көрмесімен таныстырады. Ал енді осы тапсырмалармен таныстырып өтейін.
1. Ойлап көр (Компьютердің пайдасы мен зияны)
2. Мықты болсаң, шешіп көр! (Жұмбақ)
3. Сөз ойла, көп ойла (Берілген сөздерден жана сөздер құрау)
4. Қарада ойла (қимыл арқылы жұмбақты шешу)
Ал балалар біздің бірінші «Ойлап көр» аялдамасы бойынша екі топтан бір – бір оқушыдан келіп конверт алсын. Конверттің артында «Компьютердің зияны мен пайдасы» деген сауал тұрады. Әр топ осы тапсырма бойынша постер қорғайды. Әр топ өзінің постерін қорғайды.
Жарайсыңдар балалар, енді алға қарай жылжып екінші аялдамаға да келіп қалдық. Екінші аялдаманың тапсырмасы «Мықты болсаң, шешіп көр» яғни бұл аялдамада жұмбақтар жасырылған.

Осы жұмбақтарды бірігіп шешейік.
Компьютер тобына арналған жұмбақтар
1. Жануарға ұқсас атым бар, Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (Тышқан)
2. Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап, таратқан (Компьютер)
3. Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған... (монитор)
2. Ноутбук тобына арналған жұмбақтар:
1. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. (кактус)
2. Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді... (принтер)
3. Саусақтарды билететін
Экранға мәтінді сый ететін құрылғы? (пернетақта)
Жарайсыңдар балалар, енді келесі аялдамаға да келіп жеттік.
Сөз ойла, көп ойла аялдамасында берілген сөздерден жана сөздер құрау қажет.

Компьютер тобы
1. «ПЕРНЕТАҚТА» (перне, тақта, пер, ақ, тақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер, ет)
«Ноутбук» тобы
2. БАҒДАРЛАМА (бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, арал, бар)
Жарайсыңдар балалар бұл тапсырманы да жақсы орындап шықтық. Ендігі тапсырма сонғы аялдамамыз «Қара да ойла». Әр топтан ортаға бір - бір оқушыдан шығады. Қалтадан алынған сурет бойынша өз тобына қимыл арқылы жеткізеді. Қалған топ мүшелері қимыл арқылы көрсетілген жұмбақты шешеді.
Пульт
Тышқан
Құлаққап
Пернетақта
Жарайсыңдар балалар барлық аялдамаларда жасырылған тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындап шықтық. Міне ақпараттар еліне де келіп жеттік. Білгішбектің уәдесі бойынша Ақпараттар елінен «Экспо - 2017» көрмесін интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.
«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау!»- дей келе сайысымызда өз мәресіне жетті. Әр топ өз мақтау қағаздарымен марапатталады.

Қызылорда қаласы, №112 орта мектеп
Информатика пәнінің мұғалімі
Әмірбекова Жадыра

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×