Мұғалім: Бисенгалиева Сара
Сабақтың атауы: М. Шаханов «Достық өлкесінің заңы»
Мақсаты:
Білімділік: М. Шахановтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету, ізгі қасиеттерді тани отырып, оларды өз бойына сіңіре білуге баулу;
Дамытушылық: оқушылардың мәнерлеп оқу, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, достық туралы түсініктерін кеңейту;
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, бірлікке тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: көрнекілік, түсіндіру, проблемалық, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс.
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
1 - кезең. Бағдарлау - мотивациялық кезең.
Ой қозғау. Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабаққа шығу.
Д
О
С
Т
Ы
Қ
1. «Қырдан келген жас қазақ» авторы кім? (Дулатов)
2. Үшінші бақыт? (Отан)
3. «Рәсім» авторы кім? (Сәрсеке)
4. «Күздің кереметі» авторы кім? (Табылды)
5. «Кім жүйрік?» авторы кім? (Ысқақов)
6. «Комбайншы» авторы кім? (Қайырбеков)
- Достық сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Сөздің түбірін анықта
- Өздеріңнің достарың бар ма?
- Заң дегеніміз не? (Заң дегеніміз барлық адам орындауға тиісті ережелердің жиынтығы. Әр түрлі заң бар. Мысалы: білім заңы, еңбек заңы, ата заң, т. б)
- Автор туралы не білеміз?
«Білгенге маржан»
М. Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Отырар ауданы Шілік ауылында дүниеге келген. Анасы Ұмсын, әкесі Шахан. Анасы 13 баланы дүниеге әкелген, бірақ жалғыз тірі қалған баласы Мұхтар. Мұхтар 9 жасқа келгенде әкесі дүниеден өтеді. Мұхтар нағашысының қолында тәрбиеленеді, бірнеше сыныпты бітірген соң колхоз жұмысына араласады. Шымкент педагогикалық институтын сырттай оқып шыққан. 2004 жылдан бастап «Мемлекеттік тіл» қоғамдық ұйымының төрағасы болды. Қазір «Жалын» журналының бас редакторы.
Сөздікпен жұмыс.
Сәбилік шақ – бала кез
Сүттей аппақ – таза
Аңдаусызда – байқамай
Дүлей – қатты ашулы
Көңіліміздің айдынында күн жүзді – қуану
Күйгелек – қатты ренжу
«Артық білім – кітапта»
Оқулықпен жұмыс
1. Тізбектей оқыту.
2. Сұрақ - жауап.
- өлең кімнің атынан баяндалып тұр?
- олар қайда келді?
- екеуі әжесінен неге қорықты?
- әжесі Мұхтарды неге жазаламады?
- атасы немересін қалай қорғады?
2 - кезең. Операциялық - орындаушылық кезең. (Жаттығулар орындау)
Білген сайын біле бергім келеді...
Маған ұнаған кейіпкер? (өлеңдегі кейіпкерлерге мінездеме беру)
Кейіпкер деп кімді айтамыз? (шығармадағы оқиғаға қатысатын негізгі адамдар)
Саған қай кейіпкер ұнады?
«Мақал - сөздің мәйегі»
Достық туралы қандай мақалдар білеміз?
Дәптермен жұмыс (шығармашылық жұмыс)
«Шын достық», Сурет салу
«Менің досым» Ребус құрастыру
«Ортаға сал ойыңды» (жағдаяттар шешу)
А) Досыңды ренжітіп алдың, қалай татуласасың?
Ә) Досың сенен көмек сұрады. Бірақ сенің де қолың бос емес. Көмектескің келіп тұр, жұмысың да қалып барады. Бұл жағдайдан қалай шығар едің?
«Рольге бөліп ойнау» Оқушыларға бетперде беріледі, соған сәйкес ойнау. (әже, ата, көзілдірік)
Ой түйіндеу.
Достық - ұлы сезім. Оны бағалай білуіміз керек. Адамда жолдас көп, бірақ нағыз, шын дос аз болады. Сол үшін де «Адал дос алтыннан да қымбат» дейді.
Сергіту сәті
Ой толғаныс
Үйге тапсырма Ұнаған бөлігін жаттау, жазушы туралы мәліметтер жинақтау. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
М.Шаханов «Достық өлкесінің заңы»
- Sara.gimnazia
- 7 ақпан 2017
- 2710
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мұхтар Шаханов достық өлкесінің заңы өлеңі
Ұқсас жаңалықтар:
Ахмет Әуезовтің «Жас Мұхтар» әңгімесі
Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру. Саналы түсініп оқу, мәнерлеп оқу және дұрыс оқу машығын жетілдіру. Шығармадағы...Қайталау. Теңдей (тең бөліктерге) бөлуге берілген есеп
1) Мазмұнына байланысты: Теңдеу шешу тәсілін меңгереді. Теңдеу шешу - теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу...Ы. Алтынсарин «Әке мен бала»
Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ажырата білуге үйрету. Шығарма авторы жайлы түсінік беру. Мәтінді оқытып мазмұнын түсіндіре отырып, мағынасын ашу....Екі дос (ел аузынан)
Атырау облысы, Индер ауданы, Боран Нысанбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Досанова Камшат Нұрмұхамбетқызы...Бала Мұхтар мен Абай
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ.Пірімов атындағы ауылы, №103 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тоқсанбаева Биғанша 2 сынып Сабақтың тақырыбы:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.