9 санын қосу, азайту
Алматы «Атамұра» Математика 1 сынып
Сабақтың мақсаты. Білімділігі: 9 - ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың кестелік жағдайларын пысықтау арқылы, 9 санын қосу мен азайтуды меңгерту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту. Тәрбиелігі: оқуға, еңбекке, алған білімдерін өмірде қолдана білуге,
ойын ашық, еркін айтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен пайдаланылатын құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар (конвертке салынған үшбұрыштар), ақ парақшалар, геометриялық фигуралардың шаблондары, электрондық оқулық «Математика. 1 - сынып», есепке берілген суреттер, минусовка жазылған диск.
Типі: жаңа материалды игерту.
Түрі: сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, еңбекке баулу.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, топпен жұмыс, жұппен жұмыс, таңдау әдісі.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
Оқушыларды 3 топқа бөлу. (таңдау әдісі арқылы)
Үшбұрыштар. Төртбұрыштар. Дөңгелектер.
Сайыс сабақтың ереже, шарттарымен таныстыру. Топ жетекшілерін сайлау.
І топ. үшбұрыш
Бұрыштарын табамыз
Бұған келер шамамыз
Анау - мынау сұрақты
Шемішкедей шағамыз
ІІ топ. Төртбұрыш
Төртбұрышқа үшбұрыш
Үй төбесін жабамыз
Ақыл - қайрат күш қуат
Еңбекпенен табамыз
ІІІ топ. Дөңгелек
Біз фигура дөңгелек
Бізге жылы сөз керек
Бұрышын тауып қиналмай
Бізді алда дөңгелет
Қызығушылығын ояту. «Алма теру» ойыны.
Интерактивті тақтада жемістердің суреттері көрініп тұрады. Әр топтан 2 оқушы таңдаған жемістерінің артында жасырынған мысалдарды орындайды. Әр дұрыс жауап үшін 1 фигурадан (әр топтың атына сәйкес, үшбұрыштар тобына - үшбұрыштар т. с. с.) беріледі.
5+5
5+4
3+5
1+5
4+5
2+4
1+4
3+4
4+4
Мағынаны тану. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жұмбақ шешу.
Гауһарда 6 сәбіз.
Томада 3 сәбіз.
Барлығын қосқанда
Болады неше сәбіз? ( 9 сәбіз )
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
Электрондық оқулық бойынша 9 санын көркем жазуды көріп, тыңдау, дәптерге бір қатар жазу. Дәптерге күннің ретін жазу.
1 - мысал. Тақтамен жұмыс.
А) Қосылғыштарының бірі 9 болатын қосындылар құр. Мәндерін тап. Қосу кестесін қолдандың ба? Түсіндір.
9+0=9; 1+9=10
0+9=9; 9+1=10
Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.
Ә) 9 санының құрамын жаз.
Б) Азайтқышы 9 болатын айырмаларды жаз. Мәндерін тап. Қосу кестесін қолдандың ба? Түсіндір.
10 - 9=1 9 - 9=0
Қосындының мәнінен қосылғыштардың біреуін азайтқанда екінші қосылғыш шығады.
Есеп
↓
Шарты
Сұрағы
Шешуі
Жауабы
3 - есеп Тақтамен жұмыс.
А) Есепке мәтін құрау.
Болды - 10 қап
Сатылды - 8 қап
Қалды -? қап
Есеп не туралы? Не белгілі? Нені табу керек?
Ш: 10 - 8=2(қ)
Ж: 2 қап қалды.
Ә) Түсте - 6 жәшік
Түстен кейін – 4 жәшік
Барлығы -? жәшік
Ш: 6+4=10(ж)
Ж: Барлығы 10 жәшік
Сергіту сәті: Қара жорға.
Топтық жұмыс:
1 - топ:
Мәні 7 - ге тең болатын қосындылар жаз.
2 - топ:
Мәні 6 - ға тең болатын қосындылар жаз.
3 - топ:
Мәні 9 - ға тең болатын қосындылар жаз.
Сәйкестендіру.
1 -топ:
Алаңшада 9 қоңыраугүл және 1 қызғалдақ гүлдеп тұрды. Барлығы неше гүл гүлдеп тұрды?
2- топ:
Гүлшоғында 4 қызыл және 3 ақ раушан гүлі болды. Қызып гүлдер ақ гүлдерге қарағанда қанша артық?
3- топ:
Ұлдар 5 гүл шоғын әкелді. Қыздар тағы да 4 гүлшоғын әкелді. Балалар барлығы неше гүлшоғын әкелді?
Рефлекция:
- Балалар, сабақ ұнады ма?
- Ендеше сабаққа, өз еңбегімізге баға берейік.
Әр топ жинаған фигураларын санап, бағалайды.
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: 2 - мысалды дәптерге орындау.
Қызылорда қаласы
№112 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Майжан Толқын Кажданбекқызы
9 санын қосу, азайту
- aiboll
- 15 қаңтар 2017
- 2567
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 9 санын қосу, азайту, ашық сабақ, математика, 1 сынып
Ұқсас жаңалықтар:
7 санын қосу және азайту
ШҚО, Семей қаласы, «№ 22 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Мамырбекова Анар Серикказиновна...26+4,95+5 түріндегі есептеулер
Есиркепова Рима Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі...9 санын қосу, азайту
Сабақтың мақсаты. Білімділігі: 9-ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың кестелік жағдайларын пысықтау арқылы, 9 санын қосу мен азайтуды меңгерту,...9 санының құрамы
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мүғалімі Гүлдана Бауыржанқызы...12 санының екі бір таңбалы сандарға жіктелу құрамы және қосу мен азайтудың ...
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, №33 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ажмагамбетова Бакжамал Ногайбаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.