Сайтқа кіру Тіркелу

Абай Құнанбаев Қыс өлеңі

Абай Құнанбаев Қыс
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Мақсаты: 1. Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімін кеңейту. ”Қыс” туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
2. Оқушылардың сөздік қорын, арттыра отырып есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу. Сабақ үстінді өзін - өзі басқара білуге тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Абай суреті, слайд, қыс мезгілі көрінісінің суреттері
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ, жаңа сабақ.
Сабақ әдістері: сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен тарауларға шолу жасау. Сұрақ - жауап әдісі арқылы білімдерін тексеру

3 Тақырыпты, мақсатын хабарлау.
- Бүгін біз, А. Құнанбаевтың «Қыс» туралы өлеңімен танысып қыс туралы білімімізді кеңейтейік.
Бағалау критерийлері
- Абай туралы эссе
- Өлеңді мәнерлеп оқу
- Сөздікті жатқа айту
- Бес жолды өлең жазу
- Сурет бойынша әңгіме құрау

4. Эссе: Абай туралы не білемін?
Әр оқушы отырып, Абай атамыздың атын естігенде ойларына не келгенін жазады.
Абай туралы слайд. Қарқаралыдағы Абай тоқтаған үйге түсінік беру.
- Абайдың табиғат тақырыбына жазылған қандай өлеңдерін білесіңдер?
- Қыс. Жазғытұры. Жаз. Күз.

Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Өлеңді оқу. Мұғалімнің оқуы.
2. Өлеңнің шығу тарихынан. Слайд
- Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір - ақ еріген. Бұл өлең сол кезеңде жазылған. Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
3. Іштей оқу. Оқу барысында қиын сөздерді белгілеп отыру.
4. Сөздік жұмыс:
Домбығып - суықтан ісіп, қызарып.
Шидем - қой жүнінен тоқылған сыртқы киім.
Сергіту сәті. Қимыл қозғалыс жаттығуы.
6. Өлеңнің мазмұнын ашу. Сұрақ - жауап.
1. Автор қысты кімге теңейді?
2. Шалдың киімдері қандай?
3. Киім деп отырғаны не?
4. Малшы туралы не делінген?
5. Балалар туралы не делінген?
6. Қыс несімен көңілді?
7. 5 жол өлең: 1 не? Қыс.
2 қандай? Боранды.
3 не істейді? Тоңдырады.
4 сезіміңді білдір. Қыс қызығы көп қой.
5 мағыналас сөз. Жыл мезгілі.

8 «Қар» сөзіне жұмбақ құрау:
Неге ұқсайды? Өзгешелігі неде?.

9. Өздік жұмыс:
Оқушылар қыс мезгілін сипаттап жазады.
Тауып оқу.
- Ақынның қысты суреттеген тұсын кім тауып оқиды?
- Малшы туралы айтылған тұсты кім тауып оқиды?
Балалар туралы айтылған тұсты кім тауып оқы.

8. Сурет бойынша әңгіме құрау. Слайд
Қорытынды.
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: Қыс өлеңін жаттау. Қыс тақырыбына әңгімелеу мәтінін құрау.

Қызылорда қаласы,
№112 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Бисенова Улбосын Сандибековна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×