Сайтқа кіру Тіркелу

Бетпақдала

Әдебиеттік оқу. 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бетпақдала
Сабақтың мақсаты: Бетпақдала туралы түсінік беру
Сабақтың міндеттері:
1. Аңыз туралы ұғымдарын дамыту
2. Бетпақдаланың табиғи ерекшеліктері туралы түсініктерін молайту
3. Табиғатты аялауға, қорғауға шақыру
Сабақтың көрнекілігі: слайд, жануарлардың, құстардың суреттері, бағдаршам белгілері, стикерлер, А3 форматты ақ қағаздар
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, алты қалпақ әдісі
Күтілетін нәтиже: Аңыздың өмірмен қаншалықты тығыз байланыста екендігін анықтайды, жұппен және топпен жұмыс жасайды
Негізгі түйін: оқушылардың еліміз табиғатының ерекшеліктері жөнінде ойларын дамыту, жинақтау

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
Оқушылар, барлығымыз орнымыздан тұрайық. Әрқайсымыз өз атымызға байланысты ең жақсы теңеулерді қосып айтайық. Мысалы: менің атым Мадина Амангелдіқызы. Мен өз атыма байланысты «мейірімді Мадина» дер едім. Ал, бастайық!
Балалар, көңіл күйіміз көтерілді ме? Өте жақсы! Олай болса бүгінгі сабағымызға байланысты «Сабағымыз сәттілікке толы болсын!» деп бәріміз бірге айтайық.
Балалар, бүгінгі сабағымызды саяхат түрінде өткіземіз. Саяхатты еліміздің Шу өзенінің терістігі мен Сарыарқаның арасында жатқан тылсым далаға жасаймыз. 2 - минут
Саяхаттың 1 - кезеңі «ой қозғау» деп аталады.

«Ой қозғау»
Біз аяқтауға жақын қалған тарау не деп аталады?
Табиғатпен үндескен тақырыптардың атын еске түсірейік, мен тақтаға автордың аты - жөнін ілемін, сендер тақырыптың атын атайсыңдар.
1. Ыбырай Алтынсарин
2. Мағзұм Сүндетов
3. Сәкен Сейфуллин
4. Кәдірбек сегізбайұлы
- Жарайсыңдар, олай болса осы тақырыптардың қайсысы үйге тапсырма ретінде берілді?
- Иә, олай болса осы тақырып бойынша түсінгендеріңді сұраймын.
Сыныпта біз төрт топ болып отырмыз. Үйге тапсырмаға берілген бөлімдерге байланысты суреттер ілемін. Осы суреттерге байланысты топтан топ басшысы шығып мазмұнын баяндайды. Қалған оқушыларға тест сұрақтарын таратамын. Сол сұрақтарға топпен бірге жұмыс жасай отырып белгілеуіміз қажет.
1 - топ орманның суретіне байланысты топ басшы бөлімнің мазмұнын айтады. Тест сұрақтары:

1 - топ:
1. Ақжал ненің есімі?
А. Орманшының ә. Аттың
2. Қошанның атасы кім?
А. Орманшы ә. Егінші
3. Айранды неге құйып берді?
А. Ыдысқа ә. Жанторсыққа

2 - топ:
1. Арқардың мүйізінің суреті беріліп сол бойынша топ басшысы тақырыптың мазмұнын айтады. Топқа тест сұрақтары:
1. «Бұл бір біз білмейтін жай екен» деп ойланған кім?
А. Қошан Ә. Атасы
2. «Қасқырлардан қорықпау үшін керек» деген кімнің сөзі?
А. Әкесінің
Ә. Қошанның
3. Атасы немересіне нені табуды тапсырды?
А. Орманда не бар екенін табуды тапсырды
Ә. Арқарға үлкен мүйіз не үшін керек екенін табуды тапсырды.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Атамекен орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Санкибаева Мадина Амангелдиевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×