Сайтқа кіру Тіркелу

Қош келдің - Әз Наурыз

Сабақтың тақырыбы: Қош келдің - Әз Наурыз
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық тағамдары, ойындары, киімдері туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.
Тәрбиелігі: Елге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: наурыз мерекесіне арналған суреттер.
Жаңа сөздер: наурыз, уыз, ұршық, алтыбақан.

Оқу іс - әрекетінің барысы:
1. Шаттық шеңберін құру.
Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
Балаларға көктем туралы сұрақтар қою.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Наурыз айында қандай ұлттық мерекені тойлаймыз?

2. Кіріспе бөлім.
а) Наурыз мерекесі туралы әңгіме өткізу.
Наурызда күн мен түн теңеледі. Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша, наурыздың алғашқы күнін жаңа жылдың басы деп, ұлыстың ұлы күні деп аталған.
ә) «Татулық» сөзіне мағынасы жуық сөздер ойлап айту.
Мысалы: татулық, ауызбіршілік, достық, сүйіспеншілік.

3. Негізгі бөлім.
а) Дәптердегі суреттер бойынша әңгіме өткізу.
* Тал егіп жатқан балалар.
* Құстың ұясын ағашқа іліп жатқан балалар.
* Гүл егіп жатқан қыздар
* Ағаштың түбін қопсытып жатқан балалар.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Көшет - көшіріп егу мақсатымен өсірілген жас өсімдіктер, шыбықтар,
көкөніс екпелер.
Раушангүл - әдемі ашық түсті ал қызыл гүл.

б) Ә. Табылдының «Наурыз той» өлеңін жаттату.

в) Салт - дәстүр туралы мәлімет беру.
Қазақ – қонақжай, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық. «Ата салтың - халықтық қалпың» дегендей біз салт - дәстүрімізді ұмытпаумыз керек. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата - ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген салт - дәстүрлер бар. Олар: шілдехана, тұсау кесу, ашамай, т. б.

Сергіту жаттығуын өткізу.
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.

г) «Сен білесің бе?» дидактикалық ойыны.
Шарты: қоржын ішінен кереге, уық, шаңырақ, түндік деп жазылған парақтарды алып шығып, сол сөздердің мағынасын түсіндіру. Балаларға кереге сөзін оқып, оның суретін тақтаға іліп қоямын. Осыдан кейін балалардың жауаптарын тыңдап, әрі қарай толықтырып отырамын.
Кереге - киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі, қаңқасы.
Уық - кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық, киіз үйдің сүйектерінің бірі.
Шаңырақ - киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.
Түндік - киіз үйдің шаңырағын жауып тұратын, жаңбыр өткізбейтін, күн өткізбейтін төрт бұрышты шағын киіз.

ғ) Наурыз көже туралы түсінік беру. Дәптердегі сурет арқылы оның қалай жасалатынын әңгімелеу.

4. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.
а) Дәптердегі мақалдың мағынасын түсіндіру.
Мақал.
Бір тал кессең,
Он тал ек.
ә) Сабақта алған білімдерін сұрақ - жауап әдісі арқылы пысықтау.
б) Балаларға бата бергізу.

БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, №3ЖОББҚМ
Мектепалды даярлық тәрбиешісі Бижанова Бакыт Абаевнаның

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×