Сайтқа кіру Тіркелу

Көбейтудің және бөлудің комоненттері

Сабақтың мақсаты:
А) Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық, танымдық ойлау қабілеттерін дамыту.
Ә) Білімділігі: Оқушыларды көбейту және бөлу амалдарының компоненттері және нәтижесі атауы мен таныстыру, білімдерін толықтыру.
Б) Тәрбиелігі: Оқушыларды таза, әдемі, шапшаң жазуға тәрбиелей отырып, ауызша есептеу қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Тіл байлықтарын кеңейту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, интерактивті оқыту әдісі
Пәнаралық байланыс Ана тілі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта слайдтар.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
А) Оқушылардың сабаққа қатысы тексеру.
Ә) Психологиялық дайындық
Б) Сабақтың мақсатын хабарлау.
- Біз бүгінгі сабағымызда халқымыздың ел арасына тараған оқу, білім туралы мақал - мәтелдеріне сүйене отырып, түрлі тапсырмаларды орындаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
А)(Үйге берілген 6 - мысалды, яғни әріпті өрнектің мәнін табуды тексеремін. Оқушылар орындарынан отырып оқып, тексереді)
Ә) «Оқусыз - білім жоқ,
Білімсіз – күнің жоқ»
- Оқу білім туралы мақал - мәтелдер айту. (3 қатарды жарыстыра отырып сұрау.)
Слайд № 1

Ой қозғау.
«Ой ойласаң - кең ойла, алды - артын тең ойла»
Слайд №2
1. Қосылғыштардың орындары ауысқаннан ненің мәні өзгермейді? (қосындының)
2. Қосу амалына кері амал? (азайту)
3. Көбейту мән бөлу өзара қандай амалдар? (кері)
4. Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан ненің мәні өзгермейді? (көбейтіндінің)
5. Кез - келген санды 1 - ге көбейткенде қандай сан шығады? (сол санның өзі)
6. Кез - келген санды 0 - ге көбейткенде қандай сан шығады? (0 шығады)
7. Бір санның екінші саннан неше есе артық немесе неше есе кем екенін білу үшін не істеу керек? (кіші санды үлкен санға бөлу.)
«Кітап - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы»
Оқулықпен жұмыс.
Слайд №3
1 мысал (Санды 2 - ге көбейту және бөлуді пысықтау мақсатында орындалады. Әр бағандағы өрнектердің байланысы түсіндіріліп, әр бағанға сол сандарды қолданып тағы неше өрнек жазуға болатынын айтуы керек.)
Мысалы: 3*2 = 6
6: 2 = 3
2 *3 = 6
6: 3 = 2
«Білім - алып күш, біле білу де – зор күш»
Слайд № 4
«Көп ойласаң – дана боласың» 3 мысал (Ауызша) (Көбейтуді бөлу арқылы, ал бөлуді көбейту арқылы тексереді)
Слайд № 5
«Оқы да біл, ойна да күл,
Ойна, бірақ, жұмысты дай ойла»
Слайд №6
4 есеп (тақтада орындалады.) (Оқу, есепті талдату)
Слайд № 7
Барлығы - 18 бала
Тең бөлінді - 2 топқа
Әр топта -? (баладан)
Шешуі: 18: 2 = 9
Жауабы: Әр топта 9 баладан болды.
Кері есеп:
Барлығы - 18 бала
Тең бөлінді -? топқа
Әр топта - 9 бала
Шешуі: 18: 9 = 2 (топқа)
Жауабы: Тең бөлінді 2 топқа.
5 мысал (Ауызша) (Көбейтіндінің және бөліндінің мәндерін табу) 14: 7 = 2 7*2 =14 2*7 = 14 14: 2 = 7 (2 - ге көбейту кестесіндегі 2, 7, 14 теңдіктері қолданылды)

6 - теңдеу (Жарыс түрінде)
8: а =4
а =8: 4
а =2
---------------
8: 2 =4
4 =4 х: 2 =4
х =4*2
х =8
---------------
8: 2 =4
4 =4 а*2 =8
а =8: 2
а =4
---------------
4*2 =8
8 =8 2*х =8
х =8: 2
х =4
---------------
2*4 =8
8 =8

7 мысал (Тақтаға орындалады) (2, 3 бағаны - үйге) Амалдардың орындалу тәртібін еске түсіру, ережесін сұрау.
1) 800: 2 +150 = 550
200 +9 * 2 = 218
IV. Сабақ бекіту
- Көбейтудің компоненттерін ата?
- Бөлудің компоненттерін ата?
- Көбейту амалын қандай амалмен тексереміз.
- Бөлуді не арқылы тексереміз
V. Қорытынды
Тест жұмысы
VI. Үйге тапсырма 51 бет 4 есеп (ә) 7 мысал (2, 3 )
Үй тапсырмасын қысқаша түсіндіріп жіберемін.
VII. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×