Кеңқияқ орта мектебі
Өткізген: Қарасаева М. К.
Сабақтың тақырыбы: Сурет және сұлба
Сабақтың мақсаты: 1) Суреттер мен сұлбаны салыстыра отырып, «сұлба» түсінігін қалыптастыру, кіші және үлкен заттардың сұлбасын сызуды үйрету, «масштаб» туралы түсінік беру;
2) Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, байланыстырып сөйлеу, ойын еркін жеткізу дағдыларын жетілдіру;
3) Ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру;
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік, ойын.
Көрнекілігі: суреттер, проектор, текшелер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Жер байлығы кең екен
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін үйреткен
Дүниетану сабағы
- Балалар, қазір сендер кішкентай болғанымен, ертең еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етесіңдер, еліміздің көркеюіне үлес қосатын маман боласыңдар. Сондықтан мамандыққа осы кезден дайындаласыңдар.
- Ал біздің еліміздің не өткізуге дайындалып жатқанын білесіңдер ме?
- Әрине, ЭКСПО - ға дайындалып жатыр. Осы ЭКСПО деген не? ЭКСПО – халықаралық көрме.
- Ендеше, еліміздің ЭКСПО - 17 - ге қалай дайындалып жатқанын білгілерің келе ме? Олай болса, бүгін сабағымызды саяхат түрінде өткізбекпіз.
- ЭКСПО еліміздің қай қаласында өтпек?
- Ендеше, Астана қаласына ойша саяхат жасайық. Астанаға бару үшін қандай көлікке мінеміз?
- Ұшаққа міну үшін, билет алуымыз керек. Билет алу үшін үй тапсырмасын айтып шығайық.
Үй тапсырмасын сұрау.
- Ал, енді ұшаққа мінейік. Барғанша Астана туралы не біледі екенбіз ортаға салайық.
Слайд. Астана суреттерін көрсету. Әуежайдың суреті.
- Міне, балалар, Астанаға да келдік. Мына суретке қарайықшы, не көріп отырмыз? Ал мынау ненің суреті?
- Балалар, бұл әуежайдың сұлбасы. Демек, жоғарыдан қарасақ әуежай осындай болып көрінеді. Ендеше, біз сұлба деген не екенін үйренетін боламыз. Бүгінгі үйренетін сабағымыздың тақырыбы - « Сурет және сұлба» деп аталады.
Сурет деп кез келген заттың бейнеленген көрінісін айтады.
Сұлба деген бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісі.
- Ал, мынау ненің суреті?
- Осы текшені үстінен қарайық.
- Ненің пішіні көрінді?
- төртбұрыштың
- Олай болса, бұл төртбұрыш осы текшенің үстінен қарағандағы көрінісі.
- Әрине, бұл - текшенің сұлбасы.
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді іштей оқыту.
«Тауып оқу» әдісі арқылы ережені табу.
Сарамандық жұмыс
Дәптермен жұмыс.
Шырпыны қойып, айналдырып, сызып шығу.
- Балалар, ненің суреті шықты?
- Тіктөртбұрыштың суреті
- Бұл - шырпының сұлбасы.
Ал, мына үстелдің сұлбасын сыза аламыз ба?
- Неліктен сыза алмаймыз?
Олай болса, үлкен заттардың сұлбасын сызу үшін «масштаб» қолданылады.
Масштаб деген затты үлкейту не кішірейту үшін қолданылатын сан.
- Қане, үстелді өлшейік. Ұзындығы 120см, 60см екен. Енді осы санды 10 есе кішірейтеміз. Сонда ұзындығы 120: 10=12см, ені 60: 10=6см.
- Енді, дәптерге сыза аламыз ба?
Сергіту сәті
Сарамандық жұмыс
Слайд. Астананың жаңа келбетін көрсету.
Бекіту.
- Балалар, қайтатын уақытымыз да жеткен сияқты, қайту билетін алып, ұшаққа отырайық.
Билет алу үшін не үйренгенімізді ортаға салайық.
ЭКСПО - 17 бейнефильм көрсету.
Балалар, тақтаға әр түрлі көңіл - күйді білдіретін адамның бейнесі ілінген. Мен сендердің бүгінгі көрсеткен білімдеріңді мына суретпен көрсетіп, көңіл - күйімді, ризалығымды білдіремін. Қолдарыңдағы жұлдызшаны қою арқылы сабақтан алған әсерлеріңді жеткізіңдер.
Бағалау
Үйге тапсырма: «Сурет және сұлба» оқу. 31 - 32бет
Сурет және сұлба
- 87718184269
- 3 сәуір 2016
- 4625
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дүниетану сабағы бойынша ашық сабақ, сурет және сұлба
Ұқсас жаңалықтар:

Көңілді ойындар
«Күншуақ» тобына ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Таным» Тарауы: Сенсорика....
Үшбұрыштың периметрін табу
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын.. өлшеу және оның периметрін табуды үйрету....
Не деу керек? Буын
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна...
Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
БҚО. Шыңғырлау ауданы. Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш класс мұғалімі Кулушева Ақмарал Закарияновна...
Тест тапсырмалары. дүниетану 2 сынып
Жезқазған қаласы, №10 орта мектеп, Әбіш Жансая Нөпірбайқызы Тест. Дүниетану. 2 сынып...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.