Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы
Төлеңгіт негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Каликина Үміт Қадірқызы
Математика.
Сабақтың тақырыбы: 4 - ке бөлу және көбейтуді пысықтау.
Мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың 4 - ке бөлу және көбейту кестесінен алған білімдерін бір жүйеге келтіріп тиянақтау;
Дамытушылығы: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, белсенділігін арттырып, қызығушылығын ояту;
Тәрбиелігі: оқушыларды шапшаңдылыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың типі: білімді тиянақтау.
Сабақтың түрі: қайталау ойын сабақ.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: «Шалқан» ертегісі, тірек сызба, фигуралар, карточкалар. киіз үй.
Сабақ барысы:
1. Психологиялық дайындық:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда жан - жағым.
- Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру. 4 - тің кестесін жатқа айту
3. Жаңа сабақ.
4. Кіріспе бөлім:
- Балар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, себебі «Шалқан» ертегісіне саяхатқа шығамыз.
- Кім осы ертегіні біледі?
Ертегіде қандай кейіпкерлер бар? Атаңдаршы?
- Өте жақсы айттыңдар, енді тапсырмаларды орындайық, сөйтіп ертегіні еске түсірейік.
№1 Атаның тапсырмасы: Киіз үй құрастыру арқылы өрнекті салыстыру
6 х 4 * 7 х 4
4х9 * 9х4
12: 4 * 12: 3
32: 4 * 32+4
16: 4 * 16: 2
24: 4 * 24 - 4
№2 Әжейдің тапсырмасы: Гүл құрастыру ойыны
40 - қа дейінгі4 - ке бөлінетін барлық сандарды жазып шық
4, 8, 12, 16, 20, 24, 28, 32, 36, 40.
№3 Қыздың тапсырмасы: Хат ойыны арқылы сөз есеп шығару
а) Асқардың 36 теңге ақшасы бар. Ол 9 теңгелік қарындаштың нешеуін сатып ала алады?
б ) 4 бөлмеде 24 шам жанып тұр. Әр бөлмеде неше шамнан бар?
Сергіту сәті:
Сылдыр, сылдыр, сырғалар,
Құлағымда ырғалар.
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ,
Саусақтарда сақина,
Бір, екі, үш, төрт, бес, алты,
Жеті, сегіз, тоғыз, он,
Орныңа тез қон.
№4 Күшіктің тапсырмасы: Дәптермен жұмыс.
Қабырғалары 4 см шаршы сыз, оның периметрін тап.
№5 Мысықтың тапсырмасы: Саңырауқұлақтарды жинап, себетке салу арқылы өрнектің мәндерін ауызша есептеу.
2х4
12: 4
5х4
8х4
36: 4
16: 4
24: 4
7х4
28: 4
4х10
№6 Тышқанның тапсырмасы: Кім жүйрік?
12х2+36 - 18 - 2: 4
24: 4+32 - 12 - 6: 4
Сабақты қорыту.
Біз не үйрендік? Тірек сызба арқылы 4 санына байланысты сөздер жаз.
4 - ке бөлу және көбейтуді пысықтау
- kalikina
- 28 наурыз 2016
- 2352
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 4 ке бөлу және көбейту, математика, бастауыш сынып
Ұқсас жаңалықтар:

Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы «№ 22 ЖОББ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Габдуллина Асель Толеухановна...
Шаршы салу. Оның периметрін табу
КММ Академик О. А. Жаутыков атындағы № 1 қазақ орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары Омарова Гүлнар Жакановна...
Өтілген дыбыстарды қайталау
Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы, Қарабұтақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жапарова Луиза Достановна...
Қайталау. Өткенді пысықтау
Қостанай облысы, Қостанай қаласы, № 1 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Кожухова Анар Бакитбековна...
Өткенді пысықтау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.