Сайтқа кіру Тіркелу

Риторика 3-4сынып мұғалімдеріне көмекші құрал

Кіріспе
Қазіргі заман талабына сай жаңа қоғамға лайықты саналы, үйлесімді жетілген, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Білімнің алғашқы іргетасы мектептің бастауыш сатысында қаланады. Осы кездегі берілетін білімнің бала өмірінде алатын орны ерекше. Сондықтан берілетін дәріс қаншалықты күрделі болса, оны меңгертуге арналған әдіс соншалықты шығармашылықпен, ізденімпаздықпен, шеберлікпен таңдалынуы қажет. Бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі – оқушылардың сөздік қорын, тілін дамыту.
Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының тіл байлығын дамыту мақсатында халқымыздың асыл мұрасы - шешендік өнердің кейбір түрлерін жинақтап, мұғалімдерге көмек ретінде ұсынып отырмын. Бұл көмекші құралға шешендік өнердің адам өміріндегі маңызы мен атқаратын ролі, оның түрлеріне, құрылымына қарай топтарға бөлінуі, қазақтың атақты би - шешендерінің сөздері енгізілді. Сондай - ақ шешендік өнердің халық даналығынан, тарихта бастан кешкен оқиғалардан туындайтындығы, қуаныш үстінде дем берушілік, реніш тұсында жұбатушылық, қиыншылық кезде рухтандырғыш рөл атқаратындығы көрсетіледі.
Бұл құрал оқушыларды сөз шеберлігіне, әділдікке, бірлікке, ынтымақшылдыққа, елжандылыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеуге тигізер ықпалы зор.
Қазақ халқының шешендік өнері туралы
Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік өнер. Шешендік өнер ақындық айтыс секілді қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрларының бірі. Шешендік өнер көркем әдебиеттің жанрларына: ертегі, батырлар жырлары, мақал - мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, қара өлең, термелер т. б. жатады.
Шешендік сөз парасатты ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Шешендік сөз айтылған ойға әрі қисынды, әрі тапқыр, әрі жедел жауап қайтару. Яғни шешендіктің басты қасиеті – тапқырлық, шапшаңдық.
Шешендік сөздер көбіне түсінік сөзбен басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің нендей мәселемен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқандығы баяндалады. Түсінік сөздің көркем болуы шарт емес, тек ықшам әрі түсінікті болуы шарт.
Сондықтан да шешендік сөз құрамының бұл бөлімін айтушы барынша өзінің мүддесі мен мақсатына қарай өзгертіп, оқиғасын алмастырып, айтуынша ауыстырып жіберуге мүмкіндігі бар. Бір мәтіннің бірнеше авторларының болуының бір себебі содан. Әдетте шешендік сөз түсініктен кейін немесе онымен аралас айтылады.
Шешендік сөздің тілі көркем мағынасы терең болуымен бірге сөздері сұрыпталған, сөйлемдері байланысқан болып келеді, бірен - саран өзгерістер енгізу болмаса, түпнұсқаға түбегейлі өзгеріс жасау тек ақын, шешендер болмаса, кез келген кісінің қолынан келе бермейді. Сондықтан түсінік сөздей емес, шешендік сөз әлдеқайда тұрақты келеді. Шешендік сөздердің тартымдылығы - тапқырлығы мен дәлдігіне, сөздердің қисындылығына байланысты.
Шешендік сөздердің тағы бір ерекшелігі – сөздері үйлес, дыбыстары үндес келеді. Демек, шешендік сөздерді озат ойшылдар мен тілмар шешендер жасап, халық сан ғасырлар шыңдауынан өткізген, сөз өнерімен өрілген әдеби мұра, асыл қазына деуге болады.
Мазмұны халыққа таныс, құрылысы қалыптасқан терең ойлы, көркем тілді, үлгілі сөздер ғана шешендік сөз бола алады.
Шешендік сөздердің мазмұнына қарай бөлінуі
Қазақ халқының шешендік сөздері шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп мазмұнына қарай үшке бөлінеді.
Шешендік арнау сөздер – мазмұны мен түрі жағынан алғанда аңыз - әңгімелерге жақын. Бірақ әңгімеге қарағанда шешендік сөздің көлемі шағын келеді, мазмұны өсиет насихатқа құрылады, баяндаудан гөрі мақал, нақыл сөздерге бейім болады. Құрамында қарасөз бен өлең аралас, алмасып отырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×